Абай. Жазғытұры

Молдабекова Набат Тоқтарбайқызы

ОҚО,Созақ ауданы, Жыныс ауылы

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі                                               

 Сабақтың түрі:  Ашық сабақ

Пәні:              Әдебиеттік оқу

Сыныбы:     3 « ә »сынып                                                                    

Сабақтың тақырыбы : Абай. Жазғытұры.

 

Тақырыбы Абай Құнанбаев.  Жазғытұры.
Мақсаты 1.Автор туралы мәлімет бере отырып,өлеңнің мазмұнын,негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау.

2.Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.Топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

4.Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Міндеттері -Өлеңнің негізгі ойын түсініп,қорытынды жасайды.

-Жазғытұры кезіндегі  табиғаттағы тыеыс-тіршілікті  суреттей біледі.

Күтілетін нәтиже *Өлеңнің мазмұнын түсінеді, жыл мезгілдеріне байланысты басқа  өлеңдермен салыстырады,қорытынды жасайды.

*Ұлы ақын туралы тереңірек білім алады.

Негізгі идея Жағытұрым кезеңін айыра алу,Абайды кеңірек тану.
Тапсырмалар 1.Суреттер арқылы топтарға бөліну.

2.Постер құру.

3. «Автор орындығында» өлең оқу.

4.Венн диаграммасы

5.Еркін жазу стратегиясы

Ұйымдастыру кезеңі     Психологиялық дайындық

Шаттық шеңберінде тұрғызып тілек айтқызу.

Еліміз тыныш болсын!

Туымыз желбіресін!

Мектебіміз күн сайын,

Жайнай берсін,жайнасын!

Бәріміз алақанымыздан жылу сезіндік,енді жылы лебіз тілейік.

1-топ-ақылды болайық.

2-топ-тәрбиелі болайық.

3-топ-білімді болайық.

4-топ-дарынды болайық.

           Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты топтарға бөлу

 

Сыныпты топқа бөлу. Жыл мезгілдеріне байланысты  суреттер арқылы топтастыру.  Төрт топқа төрт жыл  мезгілдерінің атын беру.

Топ басшыларын сайлау. Топ басшыларының жауапкершілігін түсіндіру.

Оқушылар қолдарындағы суреттер бойынша парталарға жайғасады.
Үй жұмысын тексеру Өткен сабақ бойынша үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасынан түсінгендерін айтады.
Қызығушылығын ояту  Төрт жыл мезгіліне байланысты постер құру,қорғау. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Мағынаны тану кезеңі 1.Ұлы ақын атамыз туралы кеңінен тоқталу.

Абай    Құнанбаев    1845      жылы   бұрынғы   Семей   уезі, Шыңғыс   болысында   (қазіргі  Шығыс   Қазақстан   облысы, Абай   ауданында)   дүниеге         келген. Абайдың әкесі  Құнанбай   Қарқаралы   уезіне   аға сұлтан болған.

Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша   хат   таниды.      Абайды   әкесі   он   жасында         Семей   қаласындағы   Ахмет  Ризаның   медресесіне   оқуға береді.   Ол   бос   уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси   шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен   танысады.Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

Табиғаттағы жыл мезгілдерін қатарынан жырлаған ақынның бірі-Абай.  Ол жыл мезгілдерінің құдіреттілігін адам жанымен байланыстыра білген шебер суреткер       Көктем-жыл мезгілдерінің тіршілік атаулының жанданып,жаңалыққа талпынар кезеңі,көктемде қыс бойы қардың астында жатқан барлық табиғат байлығы бой көтеріп жаңара түседі.

Өлеңдерін еске түсіремін.

2.Төрт жыл мезгілдеріне постер құру,қорғау.

3.«Жазғытұры» қандай мезгіл екендігінің мағынасын ашамын.  Жазғытұры – көктем толық шығып,жаз басталар сәт.

4.Өлеңді іштей мәнерлеп оқып шығуға мүмкіндік беремін. Бірінші өзім оқып беремін.

5. «Автор орындығында» отырып әр топтан бір оқушы «Жазғытұры» өлеңін оқиды.

6.Сөздікпен жұмыс.

а)Масатыдай құлпырар -кілемдей түрленер.

ә)Анталаса— топтала

б)Мазатсып-рахаттану,масайрау.

 

 

Оқушылар  Абай туралы білгендерін еске түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар Абай атамыздың өлең шумақтарын еске түсіреді.

 

 

Оқушылар  есте сақтауға арналып  жазылған сөздердің мағынасына түсініп,есте сақтайды.

Сергіту сәті     Гүлдер,гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Ақ қанатты көбелек,

Арамыздан кетпесін.

Хормен, қимылмен айтылады.
Ой толғаныс Венн диаграммасы.   Қыс пен жазғытұрымның айырмашылығына байланысты.

 

Әр топтан  оқушылар кезектесіп,тақтада орындайды.
Қорытынды 1.Еркін жазу стратегиясы.

Бүгінгі сабақтағы алғандарын, не білгендерін, одан алған әсерлерін жазады.

Жеке жұмыс көрсетеді.
Үй жұмысын беру Сурет салу. Өлеңді жаттап келу.
Бағалау Топ басшысы бағалайды. «Көңілді смайликтермен» бағалап, оқушылардың сабаққа қалай қатысқандығы туралы айтып өтеді. Оқушылар «Көңілді смайликтер» суреттерін сабаққа жақсы қатысқандарына қарай алады..
Рефлексия Саған сабақ ұнады ма, несімен?… … …

Неге қызықтың?

Білім ағашына пікір жазып гүлдендіру.

Стикерлерге пікір жазу,оқып білім ағашына іліп,гүлдендіру.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *