Абай Құнанбаев «Күз»

baianПавлодар облысы, Баянауыл ауданы

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім

беретін қазақ гимназия мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Тусупбекова Шынаргуль Корашовна

Сабақтың  тақырыбы:  Абай Құнанбаев  «Күз»

Сынып : 4 «Б» сынып

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай Құнанбаев   «Күз атты мазмұнымен  таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың  жеке  тұлға  ретінде  өзіндік  пікірлерін  айта  білу  қабілетіне,  көркем  сөйлеу  тілдерінің  дамуына  ықпал ету.

Тәрбиелік:  Айнала  қоршаған  орта деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  жаңа сабақ

Ресурстар:  суреттер, флипчарт,  фломастер ,маркер ,интербелсенді  тақта.

Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау , топтастыру, СТО

Оқыту нәтижесі:  Абай Құнанбаевтың  өмірбаяны мен шығармашылығы туралы  білімдерін  кеңейтеді.    «Күз» өлеңінің  идеясын табу.

Сілтеме: 4- сыныптың  әдебиеттік оқу  оқулығы.Авторлары:  З.Муфтибекова, К.Алтаева.

 

Сабақ  кезеңдері Уақыт

Модуль

Мұғалімнің  іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру  кезеңі 2 мин

ОЖТ

Сынып оқушыларын  шеңберге тұрғызады.Қазір мына гүлді  бір-бірімізге  ұсына  отырып, мақтау айтып,жақсы  тілек жолдаймыз.

Оқушыларды жыл мезгілінің  суреттерінің  қиындыларын құрастыру  арқылы  екі топқа  бөліп  отырғызады.

Мысалы  мен:

Сіз  бүгін  сондай  сүйкімді  болып  тұрсыз. Жүзіңнен  күлкі кетпесін.Достарың көп болсын.

 

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.

II.Қызығушылығты ояту 5 мин

АКТ

ЖЕСО

ОЖТ

Білу

Түсіну

 «Күз» мезгілі  туралы бейнеролик  көрсету.

Тапсырмалар:

1.Бұл қай мезгіл

2.Табиғатта қандай өзгерістер  болды.

3.Адамдардың  ,жануарлардың  қандай  іс-әрекеттер жасап  жатыр?

4.Адамдардың  көңіл-күйлері  қандай?

5.Бізде  қазір  қандай  жыл  мезгілі?

6.Ауа-райында  ұқсастық  бар  ма?

Кім  қандай  ойда отыр.

Бейнероликті мұқият  қарау.

Оқушылар жеке ,жұбымен  ,тобымен бейнеролик  туралы ойларымен бөліседі.

III.Жаңа білімді игерту 15 мин

АКТ

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

ТжДБО

ОБжК

Сендер күз мезгілін  осылайша  суреттейді екесіңдер?  Ал  енді  Абай атамыз  қалай  суреттейді  екен.

Топтастыру  арқылы Абай  Құнанбаев туралы  білетіндерін  еске түсіру.

 

Мәнерлеп оқыту,  минутын  өткізу.

 

 

 

 

Өздік  жұмыс беру

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді  күзгі  табиғатты көз алдына  елестете отырып  оқыту.

1.Өлеңді қара сөзге  айналдырып,әңгіме  құрастыру.

2.Өлеңге  сатылай  кешенді талдау жасау.

Өлеңнің  тақырыбы:

Кейіпкерлер:

Өлеңнің  құрылысы:

А/ Буын  саны:

Ә/ Бунақ саны:

Б/ Тарсмақ  саны:

В/ Шумақ  саны:

Г/Ұқас  түрі:

Көркемдік  ерекшелігі

 

IY.Сергіту  сәті 3 мин Ырғақты  музыкамен би
Y.Шығармашылық  тапсырма 5 мин

Жинақтау

СТО

1 топ. Күз  мезгіліне сурет салу.

2 топ: Күз мезгіліне байланысты шағын  мәтін  құрастыру.

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды.Жұмыстарын қорғайды.
YI.Үйге тапсырма Абай Құнанбаевтың  «Күз» атты өлеңін жаттау. Абайдың  табиғатқа  байланысты өлеңдерін  мәнерлеп оқу
YII.Рефлексия 5 мин Не білдім?

Не білгім келеді?

Нені түсіне алмадым?

Оқушылар стикер  толтырады.
YIII. Бағалау 5 мин

Бағалау

О.ү.б.О.Б

Оқушылар өзі ,жұбын ,тобын  бағалайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *