Адам нәсілдері

1Жамбыл облысы , Қордай ауданы,

Гвардейский    қалашығы

 № 43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі,

Биология пәні мұғалімі  Инсенова Құндыз Шәріпқазықызы

Сабақ тақырыбы : Адам нәсілдері  11 сынып

Мақсаты: 1. Оқушыларға  адамның шығу  тегі  антропогенез  тарауы  бойынша  білімдерін  толықтыра отырып,  дамыту. Эволюция  ғылымы  мен дүниетанымын  кеңейту.

2 . Адамдардың  шығу тегі туралы  ақпараттар  бере отырып, адам  нәсілдері  туралы  білім   беру.

  1. Достыққа , татулыққа,  ынтымақтылыққа  тәрбиелеу. Адамгершілік  тәрбие  қалыптастыру, биологиялық  білімнің  құндылығын  түсіндіру.

Сабақ  типі:  Аралас.

Сабақ әдісі: Топпен жұмыс,  сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, өзі-өзі  бағалау. Т.б.

Көрнекілігі: Адам бассүйегінің муляждары, қанатты сөздер, электронды оқулық, кестелер , суреттер.т.б.

Сабақтың  пәнаралық байланысы: география, тарих т.б.

Сабақ  барысы:  І Ұйымдастыру.

(Сыныптағы  жоқ  оқушыларды  белгілеу, сыныпты топқа  бөліп отырғызу,1,2,3.  топ басшысын  сайлау, барлық топ  мүшелері сабаққа  қатысып отырады тиісті бағасын  топ  басшысы  параққа қойып  отырады,)

Сыныпқа  психологиялық  дайындық жүргізу .  (Зейінді  жаттықтыру)

Оқушыларға    20  сөз  оқылады. Одан кейін оқушылар қалам  алып, естерінде  қалған сөздерді жазады. Мұғалім қанша сөз  жазылуына  байланысты  оқушылардың  зейін  көлемін  анықтап айтады.18 ден жоғары  өте зейінді.13-17-ге дейін жақсы  8-12 дейін орташа, 2-7 төмен.

Сөздер: Жасуша, эукариот, вирус,  араморфоз, прокариот, гомология, палеонтология, микроэволюция, бактерия, құс, сүтқоректі, микроорганизм, саңырауқұлақ,  өсімдік, эволюция, рудимент, атавизм, сөз,еңбек, қоғам.

ІІ. Өткен  тақырыптар бойынша  топтарға  тапсырмалар  беру.

Сұрақ  барлық топқа  бірдей қойылады, бір топ  екінші  топтың  айтқандарын  қайталамайды.

Сұрақ: Приматтар  эволюциясы  туралы не  білеміз?

 

 

Сызықтық  диктант. Дұрыс болса,               қате болса, — белгісі қойылады.

  1. Адамның шығу тегі мен тарихи дамуын зерттейтін ғылым  саласы  антропология  деп  аталады. +
  2. Жануарларды омыртқалылар және омыртқасыздар  деп екіге бөлген, «эволюция» және  «биология»  терминін енгізген Ч.Дарвин.-
  3. Епті адам  « Homo erectus» деп аталады. —
  4. Ата-тектің белгілерінің  қайталануы  рудименттік  белгі  деп  атайды.-
  5. Ч. Дарвин «Адам- тіршіліктің тарихи  даму  сатысындағы  ең   жоғары  әрі  соңғы   буыны» деп  көрсетті.+
  6. Еңбек- адам эволюциясының  негізгі  факторы.+
  7. Антропогенез адамның  шығу тегін  зерттейтін  ғылым.+
  8. Тіршілік үшін  күрес, табиғи  сұрыпталу  әлеуметтік  фактор.-

Жауабы:  +   —   —   —   +   +   +   —

 

Электронды оқулықтағы  ақпаратты  тыңдап  алғаннан кейін,  әр топ  мына  төмендегі кестені  толтырады.

Адам эволюциясының  кезеңдері Өзгеріске көбірек ұшыраған  мүшелер  Өзгеру  сипаты  Өзгерудің  себептері

 

Австролопитектер

 

Ежелгі адамдар (синантроп, питекантроп, гейдельберг  адамы)
Неандертальдықтар

 

Кроманьондықтар мен  қазіргі  адамдар 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүкіл жер шарын мекендейтін, екі жарым  мыңнан  артық  тілде сөйлейтін , саны 6,2 млрд. болатын  тірі  организмдер  тобы… Саналы адам (Homo sapiens)

Адамның  барлығы да саналы адам (Homo sapiens)  түріне  жатады. Барлық адамдардың анатомиялық  және  физиологиялық  құрылысы  жағынан  бірдей, тек  морфологиялық  айырмашылықтары мен  ғана  ерекшеленетін  бірқатар  белгілері  бар. Атап  айтқанда, дене  бітімі, бет  пішіні,  терісінің түсі, шаш, ерін.  Осы  ерекшеліктеріне байланысты  адамдар 3 нәсілге  бөлінеді.: негройдтық (қара), еуропойдтық (ақ), монголойдтық (қоңыр).

 

Негройдтық нәсіл  Еуропойдтық нәсіл Монголойдтық нәсіл
Терісі: Қара қошқыл түсті.

Шашы: Толқынды немесе бұйра қара түсті.

Мұрыны: Жалпақ.

Еріндері: Қалың.

Бет пішіні: Сақал-мұрты өте сирек.

Тралған аймағы: Африка.

 

 

 

 

 

 

 

Терісі: Ақшыл

Шашы: аздап толқынды немесе тік.

Мұрыны:Ұзынша келген  шығыңқы.

Еріндері: Жұқа.

Бет пішіні: Сақал-мұрты қалың

Таралған аймағы: Еуропа мен Азияның кейбір аймағы.

Терісі: Қоңырқай немесе ақшыл.

Шаштары: Қайратты немесе тік.

Мұрындары мен еріндері: Орташа.

Бет пішіні: Жалпақ, біртегіс, бет сүйегі  шығыңқы.

Көздері: Қысыңқы.

Таралған аймағы: Орталық Азия, Индонезия, Сібір.

 

 

Нәсілдерді зерттейтін ғылым нәсілтану деп аталады.  Нәсілдердің шығу  тегі  туралы  ғалымдар  арасында  қарама-қарсы  тұжырымдар  бар. Кейбір ғалымдар жер  бетіндегі  нәсілдер  бір ғана  жерде  пайда  болып, кейіннен  басқа  аймақтарға  таралған  деген  пікірді  қостайды. Оны моноцентризм  деп  атайды. Нәсілдердің  пайда  болуы  туралы  келесі  тұжырым-полицентризм  деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер  әрбір  аймақта  өз  алдына  жекелей пайда  болған  деп  түсіндіреді. Көпшілік ғалымдар  қазіргі  кезде  моноцентризм  тұжырымын  қолдайды.

Кейбір  кертартпа  ғалымдар  әр түрлі  пиғылдағы  нәсілшілдік  пікірлерді  уағыздайды. Кейбір  нәсілдерді  дарынды,  қабілетті, ақыл-ойы  жоғары  дамыған  деп  жоғары  қойып, кейбірін  төмендетеді, кемсітеді. Олар табиғатта  болатын  табиғи сұрыпталу,  тіршілік  үшін  күрес  заңдылықтары  адамзат қоғамында  да  болады  деп уағыздайды. Мұндай  теріс пиғылды теория  ғылымда  әлеуметтік  дарвинизм  теориясы  деп  аталады. Мұндай теорияны  уағыздаушылар «қоғамда  күштілер  мен  мықтылар  өмір  сүруге  тиіс,  ал  әлсіздер  жойылып  отырады»  деген  пікірді  ұсынады.  Әлеуметтік  дарвинизм  теориясының  ешқандай  шындыққа  жанаспайтынын  кезінде  Ф.Энгельс  пен  көрнекті  орыс  ғалымы К.А. Тимирязев  әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғылымдарының  жетістіктері  де әлеуметтік  дарвинизм  теориясының  ешқандай  шындыққа  жанаспайтынын  дәлелдеп отыр.

 ІV. Бекіту.

 Синквейн  құру

Зат есім:  Адам.

Сын есім:   ардақты, күрделі. (қабілетті, дарынды)

Етістік: Дамиды, ойлайды, сезінеді. (көбейеді, өседі, т.б.)

Бірінші сөзге қатысты көңіл-күйді білдіретін сөйлем. Адам деген ардақты ат.

Синоним: Адамзат. (пенде) Тұлға. Индивид.

Эссе  жазу:

Адам   немесе   нәсіл тақырыбына.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытындылау.

Қанатты сөздер  ұғымын  талдау.

1 топқа  «Адам  бола  білу – ең қиын  мамандық»  Х.Марти.

2 топқа  «… Дүниеде  адамнан   қызық  ештеңе  жоқ»  В. Гумбольдт.

3 топқа   «Мен  адамнан  артық ,  одан  күрделі ,  одан қызықты  ештеңені   білмеймін. Ол-нағыз  құдірет»  М. Горький.

  1. Үйге тапсырма.

Кестені толтыру.

Тақырыпты оқып түсінік айту.

Қосымша  ақпараттар дайындау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *