«Азамат жігіт – Ару қыз» байқау кеші

Оңтүстік қазақстан облысы Мақтарал ауданы
Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі
10 «А » сыныбы жетекшісі
Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
«Азамат жігіт – Ару қыз» байқау кеші
Мақсаты:
Білімділік) жас жігіттер мен қыздарды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет -ғұрпын, салт -дәстүрін қадірлейтін ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу;
Дамытушылық) дені сау, тәні сау, ұлттық сана -сезімі оянған жігіт -қыздардың рухани ойлау дәрежесін биікке көтеру;
Тәрбиелік) Парасаттылық, еңбекқорлық, іскерлік, шешендік, тапқырлық қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу;
Кештің идеясы: Жас жігіт — қыздардың ұлттық дәстүр бойынша намыстарын шыңдап, ерік -жігерін сынға салып, нағыз азамат -ару атануға насихаттау.
Көрнекілігі: а)Ұлағатты сөздер: «Қыз – өріс, ұл — қоныс», «Ұлтты қыз сақтайды»
Ә) Бүктемелер: «Наурыз мерекесі», »Туыстық атаулар сыры»
Б) Көрме: «Қолөнер – зор өнер»
В) Кітаптар: «Жеті қазына», «Қазақ халқының салт -дәстүрлері», «Той»
Барысы:
Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар! Ардақты ата — аналар! Қымбатты қонақтар!
Қазақ халқы салт -дәстүрге өте бай ел Бұл оның – мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» — деген Демек, салт -дәстүрлі ел — мықты әрі тұғыры берік ел Біздің халқымыз өз ұрпақтарын ғасырдан -ғасырға ұлт қасиетін салт -дәстүрімен, өнегелі әдет -ғұрыппен, үлгіні жөн -жосықпен, әдепті ырым -тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген Ұлттық тәлім, салт -сана сабағы адамгершілік тәрбиенің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті
Дана халықтың өзі жасаған осы әдет -ғұрыппен, жөн -жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайында адастырмас сара жол Мұны отбасында ата -ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болатыны анық.
Ұл және қыз бала тәрбиесі – ұлттық мәселе «Ұлтты қыз сақтайды» -, деген бұрынғы даналар Халқымыздың даналығының айнасы «Ер баланы тәрбиелесең — әскерді тәрбиелегенің, қыз баланы тәрбиелесең — халқыңды тәрбиелегенің» — деп өрнектеледі Олай болса, қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік салып кеткен жолы, педагогикасын ескеріп «Азамат» жігіттеріміз бен «Ару» қыздарымыз ұлт тағдыры мен ұрпақ тәрбиесіне басты тұлға екендіктерін сезінсін.
1 -жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар, көңілді қой
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой
2 -жүргізуші:
Ассалаума -әлейкум, қадірлі қауым!
Бастағаннан білетін сөздің парқын
Берейін жанкүйерлер сізге сәлем,
Жиналған зиялы топ бәріңізге!
1 -жүргізуші: Ал, енді «Азамат жігіт – «Ару қыз» байқау кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
І -бөлім «Қазақтың салт -дәстүрі — өлмес қазына»
1 Кіріспе
2 Жүргізушілердің кешті ашуы
ІІ -бөлім «Ұлт дәстүрі — заңнан биік»
1 -кезең: Таныстыру «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы»
2 -кезең: Қонақ күту дәстүрі
3 -кезең: Туыстық атаулар сыры
4 -кезең: Қолөнер — зор өнер
ІІІ -бөлім 5 -кезең: «Кім тапқыр» ойыны
ІУ -бөлім «Шешендік, тапқырлық бар тілімізде,
Оттылық, тектілік бар өзімізде»
6 -кезең:Құпия хаттар.Проблемалық жағдаяттарды шешу
7 -кезең Көсемдікке ұмтылу «Егер мен … болсам»
V -бөлім «Тойға шашу»
8 -кезең: Өз өнерлерін көрсету
VІ -бөлім «Жүзден жүйрік — мыңнан тұлпар»
9 -кезең: Қорытындылау жеңімпаздарды марапатау
1 -жүргізуші: Азамат! Көңілдің риза шешімі,
Жігіттің шыңдалып, биіктен өсуі
Азамат — халықтың үмітін ақтаған,
Ұлына қоятын екінші есімі
Ардақ тұтып, қол соғып,
Ақ пейілді танытып
Шақырайық сахнаға,
Жігіттерді көңіл қойып
2 -жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін
Бәске түскен сегіз ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін
Текті болу ұрпаққа біздерге сын,
Құрметтеп ата -баба салт -дәстүрін
Тыңдайық кезек пенен аруларды,
Сызылып ортамызға келген бүгін
1 -жүргізуші: «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» — демекші азамат жігіттеріміз бен парасатты аруларымыз байқауымыздың 1 -кезеңінде өздерін таныстырудан бастайды
2 -жүргізуші: Таныс болдық азамат -арулар тегіменен,
Туып өскен мекені, еліменен
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең
1 -жүргізуші 2 -кезеңіміз «Қонақ күте білеміз бе?»
Ата -дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде
Тоқталамыз, енді біз, ал халайық,
Қонақ күту туралы дәстүрлерге
Қырықтың бірі — қыдыр деп,
Айтатын әже — атамыз
Келіп қалса бір қонақ,
Қандай жілік асамыз? — деп бұл кезеңде қонақ түрлері, қонаққа тартылар сый табақ жайындағы сұрақтарға жауап беру және бір мақал -мәтел айту.
2 -жүргізуші: 3-кезеңімізді «Туыстық атауларды білеміз бе?» — деп атадық
Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім?
Қазағым, соның бәрін бағалапсың,
Туысты қалай атау керектігін,
Азамат пен арулар білеме екен?
«Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» — демекші, бұл кезеңде сайыскерлеріміз «Қарға тамырлы қазақтың» туыстық атаулар сырларын ашып беруі шарт.
1) «Аталы ел — баталы ел» -деген сөздегі ата кім?
2) «Абысын тату болса ас көп» -деген сөздегі абысын кім?
3) «Құдаң құрдасыңдай болсын» — деген сөздегі құда кім?
4) «Апасы киген сәукелені сіңлісі киеді» — деген сөздегі сіңлі деген кім?
5) «Жиен ел болмайды» — деген сөздегі жиен кім?
6) «Екінші байлық ак жаулық» — деген аталы сөдегі «ақ жаулық» сөзінің мағынасын түсіндір.
7) «Көршің шақырғанда бір жеңіңді киіп, бір жеңіңді кимей бар» — деген аталы сөздің мағынасын түсіндір … т б
1 -жүргізуші: 4 -кезең «Қолөнер — зор өнер»
«Өнер -мінсең ат, ұшсаң қанат, кисең жанат, ішсең тамақ»
Байқауымыздың «үй тапсырмасының» шарты: Қыз -жігіттеріміз халықтың қолымен жасалған тұрмыстық өнер туындыларынан жасалған көрмесімен таныстырады
2 -жүргізуші: 5 -кезең: «Кім тапқыр?» ойыны көрермендер мен өткізіледі Шарты: Сайыскерлеріміз үстел үстіндегі қағазда жазылған қазақша ұғымдарды көрермендерден жұмбақтап сұрайды Олар: Шілдехана, беташар, тұсаукесер, ораза, сыңсу, жар -жар, жарапазан, айтыс, … т б
1 -жүргізуші: «Шешендік, көсемдік бар тілімізде, Оттылық, тектілік бар өзімізде» -деп аталған 6 -кезеңіміз құпияхаттарға жауап беру. Шарты: Өздерін қоршаған қоғамдық ортадағы, күнделікті өмірдегі проблемалық жағдаяттардан шыға білу. Сайыскерлер үстел үстіндегі конверттерден алып, сұрақтарға жауап береді
2 -жүргізуші: «Көсемдікке ұмтылу» — деп аталған
7 -кезеңде сайысқа түсушілеріміз «Егер мен … болсам» — деген сұрақтарға жауап береді Ержүрек азаматтарға: Президент, Премьер-министр, аудан әкімі, Білім министрі, мектеп директоры; Парасатты аруларға(Денсаулық министрі, дәрігер, психолог, журналист, депутат, тележүргізуші, …)
1 -жүргізуші:8 -кезеңімізді «Тойға шашу» деп атадық
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі байқауда бәйге алуға,
Азамат пен арулар жан салыпты
2 -жүргізуші: Уа, азамат сарбаздарым армысыз,
Сараптау, сынау сіздерді үлкен парыз
Тамырыңды байқап, басып көрейік,
Ақынбысыз, серімісіз, салмысыз?
Бұл кезеңде азамат пен аруларымыздың өнерлерін тамашалайсыздар
УІ -бөлім: «Жүзден жүйрік — мыңнан тұлпар»
1 -жүргізуші:Кімдер жүйрік болғанын көрейікші,
10 сыныптың «Нағыз азамат» пен «Ару қызын»
Әділқазылар алқасынан білейікші,
Ал, азамат пен аруларға сәттілікті тілейікші
Байқау кешімізді қорытындылау үшін «Нағыз азамат» пен «Ару қызды» анықтап, қалған қатысушыларға өздеріне лайықты атақтарын беріп, мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік Сайыскерлер төмендегі атақтарды иеленді:

Қорытынды: Мұғалім:
Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,
Ешқашан жоғалтпаған ата -салтын
Жас ұрпақ, ойлан, өзің біл тарихтан,
Қазақ болып қал, қадірле қазақ халқын!
Еліміздің ертеңі жас ұрпақ!Ұлтымыздың салт — дәстүрін насихаттауда әлі де талай байқауларға қатысып, өнер биігінен көріне беруіңізге тілектеспін!

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *