«Алпамыс батыр» жыры

zanatАқтөбе облысы

Шалқар ауданы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

Елекбаева Жанат Қойшыбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры

Сыныбы: 6 а

Сабақтыңтақырыбы  «Алпамыс батыр» жыры
Мақсаты Жыр мазмұнын меңгерту,оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту, бірін-бірі тыңдау, сыпайы, сенімді болуға, еркін сөйлеуге үйрету
Оқыту нәтижесі Жырдың мазмұнын игереді, ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады, сыныптастарымен қарым-қатынасы қалыптасады.
Сабақта қолданылатынәдіс-тәсілдер  Венн диаграммасы Инсерт   Топтық, жұптық  Сұрақ-жауап әдісі
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ,

Сабақ барысы:

Сабақкезеңдері

Мұғалімәрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару.Психологиялық тренинг өткізу.

Батырлардың есімі арқылы 4 топқа бөлу

Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.Топқа бөлінеді.
«Қызығушылықты ояту» « Ой қозғау» стратегиясыЕрдің бағын ашпаса,

Ер мұратқа жетер ме?!

Ерінің сағын сындырса,

Ел мұратқа жетер ме?! — деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі — Алпамыс.Ендеше, “Алпамыс батыр” жырының тақырыбы қандай? /ерлік, батырлық, отанын қорғау/

Идеясы: Өз елін жаудан қорғау арқылы Алпамыстың батыр бейнесін ашу.

Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру
Мағынаны тану Топтық тапсырма беруІ топ. Жырға композициялық талдау.

Басталуы.Байбөрінің қайғысы

Дамуы.Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге келуi.

Шиеленісуі.Алпамыстың сүйген жары Гүл¬баршынды iздеп барып, Гүлбаршынды алып елiне келуi.

Шарықтау шегі.Елiн шапқан қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа аттануы

Шешімі.Жетi жылдан соң елiне Ұлтанның көзiн жойып, азып — тозған елiн мақсат — мұратына жеткiзуi.

ІІ топ. Алпамысқа сипаттама жазып, жырдағы оқиғалармен салыстыр

Аңғал – бейтаныс кемпірдің  айтқанына сенуі

ІІІ топ. Сөздікпен жұмыс

Тірсек — Жан — жануардың артқы аяғы мен адам аяғының бүгіліп — жазылуына қажетті сіңір; қылтаның жоғарғы тұсы.

Телі — Тентек, Есер, содыр — сотқар.

Әулиеге түнеді — қадірлі, қасиетті, жақсы тілеу тілеп, әулиеге табынды.

Әзірет — дінбасы, молда, ғұлама.

Аса — дәрежелі адамдар /хан, би, қожа т. б./ қолына ұстайтын ерекше таяқ.

Машайық — ақылды адам, абыз.

Сәруар — қожа, ие, пір.

Берен — өжет, өткір.

Қабынды — желігу, желпіну.

IV топ. Жыр мазмұны бойынша сұрақ дайындау

Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді. 

 

Ой-толғаныс  — Алпамыс батыр жырының эпостық жыр деп аталуы неліктен?- Жырдың тақырыбы мен халық арманының қандай байланысы бар?

— Жырдың тәрбиелік мәні бар ма?

Оқушылар ойы тыңдалады
Үйге тапсырма  «Батыр туса — ел ырысы» шығарма жазуҮзінді жаттау Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Бағалау Бағалау парағы арқылы бағалауҮш шапалақ Бағалау парағы арқылы бағалау
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *