Алтын балта

Алматы  облысы

Еңбекшіқазақ  ауданы

Қазатком  орталау  мектебінің

Бастауыш  сынып   мұғалімі

Тойлыбекова Гулзира Жарылкасымовна                      Т

Әдебиеттік оқу

№94 сабақ

Күні:29.02. 2-сынып Мұғалім:

Тойлыбекова Гулзира Жарылкасымовна.

Сабақтың тақырыбы Алтын  балта
 

Сабақтың жалпы мақсаты

Білімділік: оқушылар ертегіні түсініп оқиды, мазмұнын ашады,
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілі дамиды,
Тәрбиелік: оқушылар өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді, бойларына адамгершілік қасиеттерді сіңіреді;
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы;;
Әдіс-тәсілдер Сұрақ- жауап , түсіндіру .
 

Көрнекіліктер

 

Смайликтер ,  плакаттар, маркерлер,

Мұғалімнің іс-әрекеті         Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
  1. Өз бөлігінді оқып болған соң, жұпта, топта талда.
  2. тұсінгені бойынша сурет салу
  3. оқыған бөліктеріне сай келетін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер келтіру.

 

Топқа бөлу Оқушыларды  карточка  мен  сурет  салу  арқылы  топқа  бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау Өткен  сабақты  пысықтау  мақсатында  «Шимайбек» тақырыбында  эссе жазған  оқушылары тексеру .
Қызығушылықты ояту  

Әр оқушығақ парақ таратылады. Енді осы, ақ параққа кез келген өздеріне ұнайтын әріпті таңбаландар. Енді осы әріптеріне қатысты жақсы сөздер жазындар. Мысалы: Іі -ізетті, ілтипатты

Жаңа материалмен жұмыс. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Мәтінмен  жұмыс :

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Алтын балта» ертегіне оқымас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріндерші.

 

Баяғыда  бір  кедей болыпты . Ол  көршілес байдың  балтасын сұрап алып , отынға  барыпты .

Біраз  отын  шауып бола  бергенде , балтасының  басы ұшып кетіпті . Ол қасындағы  диірмен  тасын  айналдырып   жатқан  суға  барып  түсіпті .

Кедей  диірменші шалға келіп , «балтамды  алып  бер» , – деп жалынады . шал  диірменін тоқтатыпты . Суға  қолын  тығып жібереді  де , бір  алтын  басты балтаны  алып  шығады

– Мынау  ма  балтаң ? – дейді  диірменші .

– Жоқ , бұл  емес , – дейді  кедей .

Шал  суға   екінші  рет  қолын малып  жіберіп , күміс басты  балтаны  алып шығады  да:

Мынау  ма балтаң?-   дейді  тағы  да  кедейге .

–          Бұл да  емес .

Диірменші  үшінш  рет  суа  қолын малғанда  , қара  темірбалта ілігеді .

Сол кезде  ғана  кедей:

–          Е , міне , мынау  менің  балтам – деп  оған қолын соза бергенде , диірменш  шал:

–          Шырағым , дүниеқоңыз емес , ақпейіл , адал жан  екенсің .Сол үшін менен  мына

балтаны  сыйға ал . Оның  сен  сияқты  кедейге  пайдасы  көп . Осы  балта қолыңда  тұрғанда ,  күнкөрісің  түзелер . тез арада –ақел қатарына  қосыларсың , – деп , оған алтын балтаны  береді .

Кедей  бұл  балтаны  үйге  әкелген  күннен бастап , құлшына  еңбек етеді . Алтын  балта  сиқырлы  балта  екен , кедей  отынды  да  өндірте  жарады . Сөйтіп , ісі  оңға  басады . Үйге береке кіреді .

Мұны  көрші  бай  да  байқап қалады . Бір  күні  ол  кедейден мұның  сырын сұрайды . Кедей  жасырмай , болған оқиғаны  айтып береді .

Енді  баяғы  кедейге берген қара  балтасын ала салып, бай  да  отынға  келеді . О  балтасын  диірмен  суына  лақтыры  жібереді . Сон соң  «алып  бер» деп  диірменші  шалға  келеді .

Шал  судан  алтын  басты  балтаны  алып  шығады . Сол – ақ  екен , бай:

–          Менің балтам , мынау менің  балтам» -деп , тұра  ұмтылды .

–          Бірақ  диірменші  шал  оның  кеудесінен  итеріп   тоқтатады  да:

–          Қоя  тұр , құлқыны  тоймаған  қу  неме! Міне , сенің балтаң , – деп , байға  өзінің  темір  басты  балтасын алып береді .

Бай  амалы  құрып , үйіне  қайтады . Еңбегімен күнелткен кедейді  күндеп , көре  алмай , ішқұса  болған  бай  шаруасына  да  жөндеп  қарай  алмапты.Тұрмысының да берекесі  кетіпті .Ақырында  бай  кедей  болып  қалыпты .

1.Өмірде алтын балтаның болуы мүмкін бе?
2. «Алтын балтаның қандай қасиеттері болар еді?
3. Тақырыбына қарап әңгіме не туралы деп ойлайсың?

Сұрақтар:

1. Балтаның иесі кім?
2. Балта кімнің қолына түседі?
3. Судан балтаны алуға көмектескен кім?
4. диірменші қандай балталарды ұсынады?
5. Кедей қандай балтаны алады?
6. Бай қандай балтаны алады?
7. Диірменші кедейге қандай балта сыйлайды?
8. Диірменші байға қандай балтаны сыйға ұсынады?
9. Балалар, қалай ойлайсыңдар, диірменші неге олай жасады?
10. Олай болса ертегі бізді қандай адам болуға шақырады?
Ертегі кейіпкерлері
Балтаның иесі
Балта кімнің қолына тиеді?
Балтаны алуға көмектескен кім?
Балта
Сыйға тартқан
Неге?
Ал -тын Кү – міс Қа – ра Ал – тын Қара Ақкө – ңіл Дүниеқо – ңыз
Кедей
Диірмен шал
Бай
2. 2. Мәтінді балаларға оқыту
– ертегіден жасыл түспен ерекшеленген тұсты теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт
– қара түспен ерекшеленген сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт.
– Балалар, осы ертегіден көңілімізге не түйдік?
2. 3. Балалар, қолдарыңыздағы дөңгелектеріңізді алып, мәтіндегі кейіпкерлердің бейнесін салыңдар. Не себептен солай жасағандарыңызды түсіндіріңдер.
– Балалар, осы ертегіден көңілімізге не түйдік?
2. 3. Балалар, қолдарыңыздағы дөңгелектеріңізді алып, мәтіндегі кейіпкерлердің бейнесін салыңдар. Күннің сәулелеріне кейіпкеріңіздің мінез – құлқын жазыңдар, Не себептен солай жасағандарыңызды түсіндіріңдер.

Ой  толғаныс «Венн диаграммасы»І топ-Бай ІІ топ-Ортағын ІІІтоп-Кедей ы»
Үйге тапсырма беру. «Алтын балта» ертегісін мазмұндау .
   Бағалау  І топ -Білдім.  ІІ топқа-Білем.  ІІІ  топқа-  Білгім келеді.

Сабаққа    қатысқан  оқушыларды  бағалап , баға  қою.

Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге  жазып, мәуе ағашына жапсырады.  Плакат стикер .
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика