Алты ойланатын шляпа (Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын)

6№3 «Бөбек»балабақшасы

Педагог-психолог: А.Балбаева

 Педагогикалық кеңес

   «Алты  ойланатын шляпа»

(Тәрбиешілерге  арналған іскерлік  ойын)

Әдістеме  мақсаты:    жан  жақты  ойлауды,  дұрыс  шешім  қабылдауды  уйрену.

«Алты ойланатын шляпа» әдісі таныстырылып өтіледі.  Қалауы бойынша  қатысушылар  шығып, қалаған түсті шляпасын алып  6  топқа  бөлінеді,  оқылған  баяндама  бойынша   түрлі  түсті  шляпалар  арқылы   талқыланады , әр  топ  өз ойларымен   бөліседі.

1980-ші жылдардың басында, дәрігер Эдвард де Боно «Алты ойланатын шляпа» техникасын ойлап тапты – бұл Батыстағы брейнсторминг техникасының кең тараған және сүйікті түрінің бірі.

Алты шляпа ойлаудың алты әдісін (немесе бағытын), алты мүлдем әр түрлі және бірін-бірі толықтыратын көзқарастарды білдіреді.

  • Ақ шляпа– таза ой, дұрыс ойлау.Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсеге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.
  • aqҚара шляпа– бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек. Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дейсінін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек. Байқаңыз: «қара шляпа» киген адам саны «1» аспау керек. Пессимистердің көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.
  • qara
  • Сары шляпабұл «позитивті» Күн. Сары шляпа – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысысын, Ең Сәттісін аңғарады. Барлық топқа оптимизм жұқтырады. Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек. Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.
  • sary
  • Қызыл шляпабұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция. Қызыл шляпаны киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл шляпа – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәл қазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер. Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл шляпа интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты. Мұнда еш нәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл шляпа Сізге оны білдіруге көмектеседі.
  • qyz
  • Жасыл шляпа . Жасыл шляпаны киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл шляпа – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл шляпа – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.
  • zas
  • Көк шляпабұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк шляпаның рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық шляпаларға сөз беріп, соңынан қорытындылау. Талқылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізгісі келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.).

kok

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *