Алғашқы ұстазыма алғыс

balkashbastАлғашқы ұстазыма алғыс

2010  жылдың басы.  Жаздың соңы еді. Анам келіп балам  енді сен балалықты қой сабаққа баратын кез келді. Үйге келсем сөмке, дәптер қалам, мектеп формасы анам алып қойыпты Керемет қуандым. Қырдан келген кейіпті мектепке дайындап дегендей. Сосын не керек 2010 жылдың 1 қыркүйегі таңнан тұрып №9 орта мектебінің  табалдырығын аттадым. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, партаға отырған кезім. Сыныпта балалармен қатар ата-аналарда көп. Маған сол күні сынып іші адамға толы секілді. Сол күні менің адам болып, қалыптасуыма, «А мен Я» арасын біліп хат тануыма ықпал етуіме еңбек еткен. Тек мен емес жүздеген жасқа хат танытқан Рахимбаева Гульсара Силановнаны көрдім.

Айтайын дегенім мектеп табалдырығын аттағанда Гульсара Силановнаның алдына тап болғаныма қуанам.  Өзіндегі бар жақсыны алдындағы шәкіртіне дарыта білген қадірлі жан. Осы орайда мына өлең жолдары сіз секілді ұстаздарға  арналғаны шүбәсіз.

Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде, әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның – деп автор дәл айтқан.

Мұғалімім алдында әр қашан басымди иіп өтемін. Сіздің алғаш берген білім нәрі біздердің болашағымызға нық қадам болады,- деп сенемін.

Сіздің сүйікті шәкіртіңіз:   Боранбаев Ерасыл

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика