Аналар –өмір бастауы

  • Атырау облысы

Индер ауданы
Махамбет атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Қағазова Сәнім    
 Аналар –өмір бастауы
 Сабақтың мақсаты: 1.Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейрімділікке сый-құрметке тәрбиелеу.

2.Сынып қыздары арасында кішкентай арулардың өзін-өзін таныстыра білуге,өнерлерін көрсете отырып,ұлттық өнерді үйрету. 3.Әдептілікке,сыпайылыққа,сұлулыққа,кішіпейілділікке,өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ
Көрнекілігі:Гүлдер, нақыл сөздер,  
Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты сайысқа қатысушы жанұя мүшелеріне  әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділ қазылар алқасына 3 кісі ұсынылып отыр.
Олар: Сыныптың ата-аналар кеңесінің мүшесі:————————
 Сыныптағы —————   —————————-——————————————————————-
Біздің сайысымыз   8  кезеңнен тұрады.
І кезең.   «Мен қазақтың қызымын».
                 (таныстыру).
ІІ кезең. 2.Білім мен дәстүр(қыздарына сұрақ-жауап)
ІІІ кезең.  1.«Өнерлінің қолы алтын,
                Өлеңшінің сөзі алтын»
              (әжелері келіндері мен немересін алып бірге жүн түтіп, шүйкелейді).
             2. Аналарға  сұрақ беріліп,тапсырма орындалады.
 
ІУ кезең.  «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» деп аталады (  топтарға мақалдың жалғасын табу,ырым-тиым сөздер айтып мағынасын түсіндіру.Кем дегенде екеуден ).
 
V кезең. «Шебердің қолы ортақ»(Тігілген кестені жалғастыру  )
 УІ кезең.       «Әжелердің жеңсік тағамы-ай
                    Анамыздың дайындаған тамағын-ай» деп аталады
          (Үйден дайындалған қазақтың ұлттық  тағамдарын туралы айту ).
УІІ кезең    Шашты сәндеу үлгісін көрсету
УІІІ кезең. «Өнерліге өріс кең» (өнер сайысы:ән,би,күй,өлең оқу)
  Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.
                                      «Ананың көңілі балада,
                                      баланың көңілі далада»
 
                                      Анаңды Меккеге арқалап барсаңда
                                      қарызынан құтыла алмайсын, 
 
 
Жүргізуші:        
 Сіздердің алдыларыңызға   3ә -сынып оқушыларының
 «Ана – өмір бастауы  » атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
         Ана, Ана, Ана!… не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен  құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші . Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл әжелер,аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Аналар-өмір бастауы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
 Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен-саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге.
 
Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым»  деп немересін, шөбересін  жүрегіне теңейтін де әже.  Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі тойға жиналған көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілек айтамын. Біздің бұл сайысымыз наурыз мерекесі қарсаңында өткелі отыр. Сондықтан осында отырған барша  әжелерді, аналарды, ұстаздарды 8-наурыз  мерекесімен құттықтаймыз ,сіздерге зор денсаулық, мол бақыт,зор денсаулық тілейміз.
Ән: «Апатайым,анашым» Гүлжанар мен Гүлжанат
                                             Ақбота мен Алмас
 
    Енді сіздерді бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлерімізді таныстыруға рұқсат етіңіздер.
 № 1.  Мадина Мағрипа әжесімен және анасы Жаңылсын.
№ 2.   Раушан Үміт әжесімен және анасы Гүлзада
№ 3.   Орынай анасы Гүлнармен
№ 4.   Гүлнұр анасы Гүлнармен
 Жүргізуші:Ендеше осы байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл,сана.
Көркіне ақылы да сай келетін
Бірінші келе жатқан-бұл Мадина                       
Ж:
Шығады мың бұралып Раушан биші,
Өнерді Раушан сүйген бәрің сүйші.
Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі,
Шығады арасынан әнші,күйші.
Ж:
Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманына қолын созар.
Арманың орындалсын Орынай қыз,
Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.
 Ж:
Сабырлы,әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан-жақты.
Келе жатқан Гүлнұр,
Жарысты бүгін жалғапты.
1-кезең: «Мен-қазақтың қызымын»
        (Әрбір қыз өздерін таныстырып шығады)
     Би:Бишілер тобының орындауында  ————————
2-кезең: «Білім мен дәстүр»(сұрақ-жауап)
Жүргізуші:

Жас ару-жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын,-дей келе сұрақ-жауап бөліміне шақырамын.Конвертте жасырылған сұрақтарды алып кезекпен жауап бересіздер.
Сұрақтар:1.Жүннен жасалатын бұйым.(Киіз)
2.Түйенің сүті.(Шұбат)
3.Сәндік бұйым жасайтын адам.(Зергер)
4.Ұлыс күні жасалатын тағам.(Наурыз көже)
5.Қыста жейтін малдың етін не деп атайды?(Соғым)
6.Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата.(Қазы-қарта,жал-жая,шұбат,қымыз,құрт,ірімшік,жент,бауырсақ)
7.Қазақ қыздарының бас киімі.(Сәукеле)
8.Ең құрметті,жанашыр адам.(Ана)
9.Анаға байланысты мақал-мәтел айтып бер.
10.Қазақ халқының ұлттық ойындары.(Күрес,аударыспақ,бәйге,теңге алу)
 
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнер әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің
 
ІІ кезеңіміз
      1.«Өнерлінің қолы алтын,
       Өлеңшінің сөзі алтын»  деп аталады.
      (Әжелер бірігіп жүн түтіп, шүйкелейді ).
             2. Аналарға  сұрақ беріліп,тапсырма орындалады.
Ән: «Ана»-ер балалар тобы
Аналар туралы  жыр-шумақтар: сынып оқушылары
1. Айсәулеш.                             
                             Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
                            Ана дейді жас сәби де жарқылдап
                             Ана деген байтерегі өмірдің
                            Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
                            Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
                            О, адамдар қадірлей біл ананы
                            Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
2 Алмас.                                 
                                                    Той-тойлап дала мен қалаларым,
                             Мерекең құтты болсын аналарым.
                                                    Қаракөз қыз,абзал ана мерекесін,
                               Құттықтап жатыр міне балаларың
3. Ақбота.                         Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
       Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
              Таппаймын айналсам да жер бетінен.
4 Гүлжанар.                                                          
Әжем менің,жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
 Ақ таяққа сүйеніп
Аман-есен жүр әжем.
5. Гүлжанат.                                        
  Тентек болсам,ашылып,
Жақсы іс қылсам,асырып,
Маған сақтап жүреді,
Тәттісінде жасырып.
 6. Ризабек.
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
  Алдыңдағы ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың.
 
7. Нұрлан.                                              
Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
 Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі
8. Тұрлыхан.                       
Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
   Сендегі маған деген махабатты
         Нұр толы қос жанарың білідіретін
   Бар ана туған елдің гүлі дер ем
    Анажан қайғың болса күңіренем
          Таусылмас тау суындай ақылың бар
      Сен барда менің әрбір күнім өлең
9.Бекберген.                                     
                                                          Бас қосты бүгін жиынға
                                                           Аналардың қауымы
                                                           Таусылмасын әрдайым
                                                           Отбасының сауығы
10. Жайсаң.             
                     Ана десем, алғыс алам халқымнан,
                   Ана десем, теңіз болам шалқыған
             Ана десем, ашылады қабағым
         Ана десем, әділдікті ұғамын
 
11.Назира.                
Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әрбір қыз, әр бала.
Анасына ұқсайды.
 
Жүргізуші:
Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер, мақал –мәтелдер.  Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі кезеңіміз.
 ІУ кезең.  «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» деп аталады (  топтарға мақалдың жалғасын табу,ырым-тиым сөздер айтып мағынасын түсіндіру.Кем дегенде екеуден ).
  3-бөлім: «Шебердің қолы ортақ»
Жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Кезекті кесте тігу сайысына береміз.
1.Қыздарымыз кесте тігіп болғанша сыныптың биші қыздары
 « Испан»биін билеп берсін.
2. «Құттықтаймын,мама,туған күніңмен» әнін орындайтын:Нұрлан,Айсәулеш
УІ кезең.       «Әжелердің жеңсік тағамы-ай
                    Анамыздың дайындаған тамағын-ай» деп аталады
          (Үйден дайындалған қазақтың ұлттық  тағамдарын туралы айту ).
Ж:
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген  ізгі сәнін,-дей келе аруларымыздың шашына аналары  сән үлгілерін көрсетеді.
  Оқушылардың жеке нөмірлері:——————————————
    
Ж.
Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпан мен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан,-дей келе аруларды жанұясымен өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
 
Лаураның орындауында  « ————————»   әні.   
  
 Әже мерейі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат беріп таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз,ақ ниетті әжелер, – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан аяулы асыл әжелерімізге көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді өскелең  ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады.
 Сіздерге көп-көп рахмет!
Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер!
 Көңілдің ақ тілегін көл етеміз
Тілектермен нығайсын берекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз!

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *