Антистресс

Қызылорда облысы Шиелі ауданы 

№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп

Педагог-психолог:   Баекеева Нұргүл Насреддинқызы

 Антистресс .

 Мақсаты : Психологиялық  тренингтің ережелерімен таныстыру , тренингтік топта қарым – қатынас әдістерін талқылау , стресс , негативтік стресс туралы ұғымды қалыптастыру , стрестік жағдайда тәртіп стратегиясын , өзін-өзі ұстау дағдысын қалыптастыру , ашу – ыза эмоциясын білдірудің конструктивті тәсілдерін ұсыну .

Құрал — жабдық : Доп  немесе жұмсақ ойыншық , А4 ақ парақтар ,

« Жұмыс ережелері » деген жазуы бар плакат , 2 – 3 ватман , фломастерлер , маркерлер .

                 Сәлемдесу       рәсімі

Қатысушылар шеңберге тұрып , сол қол алақанын жоғары көтеріп , оң қол алақанын төмен қаратып , бір – бірінің  қолын ұстайды , хормен

«СӘ — ЛЕ – МЕТ – СІЗ – ДЕР   МЕ ?» деп  амандасады . Соңғы буынға келген кезде қолдарын ажыратып , алақан соғады .

                « Менің  есімім және оның сапасы »

 Қатысушылар шеңберде отырады . Олар бір – біріне допты немесе жұмсақ ойыншықты бере отырып , өзінің атын және өзіне тән бір қасиетті айтады . Бұл қасиеттің бірінші әрпі есімнің бір әрпінен басталуы тиіс . Қатысушылардың әр түрлі болғанына қарамастан бірігіп жұмыс істейтініне көңіл бөледі .

Әр түрлі болсақ та , бірігіп жұмыс істеу !  

          Ереже  қабылдау .

Сұрақ – жауап арқылы талдау жасау , қатысушылар бір – бірінің сөзін бөлмей , кезекпен жауап беру керек екенін жүргізуші ескертеді .

—   Қатысушылар бірігіп табысты жұмыс істеу үшін не қажет ?

—   Оқушылар сабаққа не үшін барады ?

— Сабақта тәртіп ережелері бар ма ? Қандай ережелер ?

— Біздің бүгінгі тренингіміздің кәдімгі сабақтан қандай айырмашылығы бар ?

— Психотренингте немен айналысатынымыз туралы қандай ойларыңыз бар ?

Талдауды қорыта келе , негізгі ережелерді ұстану қажеттілігі туралы ойланайық .

 Негізгі бөлім

                      « Менің  мекен – жайым »  жаттығуы

Барлық қатысушылар өз адрестерін басқалар еститіндей етіп дауыстап , бір уақытта бірден айтады , әрі қарай жүргізуші кез келген қатысушыға басқа қатысушының адресін қайталауын сұрайды .

                          Ережені талдау және  қабылдау

Не себепті басқа қатысушының адресін түсіну мүмкін болмағаны талданған соң , ереже жазу ұсынылады . 

  1. Сөзді бөлмеу . 
  2. Бір – бірімізге кедергі жасамау .
  3. Әр түрлі болсақ та , бірігіп жұмыс істеу .

Психолог : тренингте әр түрлі өмірлік мәселелер талданады , бұл мәселе бойынша әр адамның ерекше өз пікірі болады . Барлық адамның пікірі бірдей болуы міндетті ме ?  Тренингте дұрыс немесе дұрыс емес деген жауап және пікір болмайды . Қатысушылар арасында пікірталас туса да ., бір – бірінің пікірін сыйлап , ұрыс – жанжал шығармау .

  1. Намысқа тимей , басқа пікірді сыйлау .

   Жүзі жылы , күлімдеп , өзіне тартып тұрған адамға өз сырыңды айта аласың , толғантып жүрген ойыңмен бөлісесің , сол адамның жанында өзіңді сенімді сезінесің . Топқа қатысушылар бір – біріне күлімдеп қараса , тренинг жұмысы жылы атмосферада өтеді .

  1. Күлімсіреу .

Кешігіп келген адамға , әрине , асығып жеткені үшін рахмет айтуға болады , бірақ бір адамның кешіккені бүкіл топқа және өзіне кесірін тигізетінін ескеру керек .

  1. Кешікпеу .

      Осы ережелер ватман плакатқа жазылып , тренинг жүргізіліп жатқан аудиторияда әрдайым ілулі тұрады .

                          « Шатыр  астындағы  мұз »  жаттығуы .

Денеңізді бос ұстап ,жайлы  тұрыңыз . Көзіңізді  жұмыңыз . Барлық  көңіліңізді аяқ саусақтарына аударыңыз , оларды  жиырыңыз . Сосын бүкіл табаныңызды ,балтырыңызды , саныңызды , жамбасыңызды ,ішіңізді , арқаңызды , мойныңызды , бетіңізді , иығыңызды , білегіңізді , қол саусақтарын  жиырып , тартылыңыз . Сонан соң барлық мүшелеріңізді босатып жіберіңіз .

          Бұл  жаттығуды дұрыс  орындаған жағдайда , бұлшық  еттер жиырылуынан

арылып ,күшті қалпына келтіруге болады .Осы жаттығу техникасын жақсы меңгерген адам өз бетінше көңіл – күйін қалыпқа келтіре алады .

Психолог :Стресс деген не ?  Ол қашан және не себепті пайда болады ? Стресс кезінде қандай сезімде боласыз ? Стрестің зияны бар ма?

Стресс ұғымына анықтама : әр  түрлі факторлардың ( теріс және оң факторлар ) әсер ету нәтижесінен туындаған адам көңіл – күйінің өзгеруі және адамның сол жағдайға қалыптасуы . Мысалы , жылыну үшін тоңған адам дірілдейді , дене температурасын төмендету үшін ыстық күні адам ағзасы терлейді . Яғни , біздің ағзамыз физиологиялық бейімделуге қабілеті бар .

            Сонда адамға психологиялық бейімделу қажет пе деген сұрақ туады ?

Бұл  бейімделу қай уақытта қажет ?

Қатысушылармен талдау  .

Яғни , стресс адамның психологиялық бейімделуіне әсері болып табылады .

 

Психолог ескертуі : Стресс өз бетінше зиянды емес , кей жағдайда тіпті қажет те ( бұл бейімделу әсері ) . Бірақ стресс ұзақ уақытқа созылса өте қауіпті . Адам стрестің теріс әсеріне ұшырамау үшін , оны басқарып үйренуі қажет .

                        « Кемпірқосаққа  шығу »  жаттығуы

Стреске басқару шарттарының бірі — өз көңіл – күйіңді бақылай білу . Ол үшін әр түрлі жаттығулар бар . Орныңыздан тұрып , көзіңізді жұмыңыз , терең дем алу барысында кемпірқосаққа шығып бара жатқандай елестетіңіз . ал деміңізді шығарған кезде кемпірқосақтан сырғанап түскендей болыңыз . Үш рет қайталаңыз . Сонан соң осы жаттығуды көзіңізді ашып орыңдаңыз .

Психолог : Ал сіздер стресті қалай жеңесіздер ? Қатысушылар өз варианттарын айтады . Стресс кезінде бір іске көбірек көңіл бөліп , уақытында демалған жөн . Көмек сұраған да дұрыс . Стреспен күрестің тиімсіз де жолдары болады .

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *