Аралас секреция бездері

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен политехникалық колледжінің

биология пәні оқытушысы

Қосмағамбетова Нурия Осербаевна

 

Сабақтың тақырыбы: Аралас секреция бездері

 Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Аралас секреция бездерінің анатомиясы, физиологиясы, бездер бөлетін гормондардың әрекеті, гуморольдық реттелу туралы білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз бетінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.
  3. Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдісі

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, слайдтар, түсіндірмелі -иллюстративтік, ойын, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: биология, валеология

Қолданылған әдебиеттер: «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасы» Ш. Набидоллина. Астана: Фиолиант, 2011

 

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі  
  2. Қайталау кезеңі. Уй жұмысын сұрау

III.      Жаңа тақырыпты түсіндіру 

  1. Сабақтың пысықтау кезеңі  
  2. Сабақты қорытындылау кезеңі:
  3. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушыларды топқа бөлу.  

I – топ: «Инсулин»

II- топ: «Адреналин»

Бағалауды түсіндіру.

Өзін-өзі бағалау парағы беріледі.

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

 

  1. Ой қозғау.

Оқушылар келіп дене мүшелерінен бір мүшені алады, сол мүшенің артында эндокриндік жүйеге байланысты бір термин жазулы болады. Оқушылар сол терминге төмендегідей етіп сипаттама беруі тиіс.

 

  1. Қай безден шығады немесе қандай гормон бөлінеді?
  2. Дененің қай бөлігінде орналасқан?
  3. Осыған байланысты қандай ауруларды білесің?
  4. Адам ағзасы үшін маңызы?

 

 

  1. «Зымыран сұрақтар!»

 

  1. Ішкі секреция бездерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?(Эндокринология)
  2. Гипофиз мидың қанша жүйке талшықтарымен байланысқан?(100 мың жүйке талшығы)
  3. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар? (нейрогормондар)
  4. Дененің әртүрлі әрекетін реттейтін биологиялық зат қалай аталады?(гормондар)
  5. Организмге тамақ құрамымен түсетін көмірсулардың сіңіруін реттейтін гармон (инсулин)
  6. Аз мөлшерде ой еңбегін қоздыратын, ал көп мөлшерде, керсінше, тежеу туғызатын гармон? ( адреналин)
  7. Тироксин гормонын бөлетін без. (Қалқанша)
  8. Ол без өзінен тимозин гормонын бөледі (айырша)
  9. Гиперфункция дегеніміз не? (қанда гормондардың көп бөлінуі)
  10. Қалқанша безінің гормоны жеткіліксіз болуы қандай ауруға шалдықтырады? (микседема)
  11. Безді толық немесе жартылай алып тастау әдісі? (Экстрипация)
  12. Акромеголия аурулары қандай гормондардың әрекетінен болады?(самотропты өсу гормоны).

 

Миға шабуыл 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру  

Мағынаны тану  

Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқыбез бен жыныс безі жатады

 

    Ұйқы безі  (pancreas) құрсақ қуысының сол жағына асқазанның астында орналасқан. Ұйқыбезінің салмағы 70-80гр, ұзындығы 20см, ол бас, дене және құйрық бөліктерінен тұрады. Ұйқыбезінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кіргізіп, кең де жуан болып орналасады.

 

Ол екі түрлі қызмет атқарады.

  1. эгзокриндік сыртқы секрециялық қызметіне ас қорыту ферменттерін өндіру.
  2. эндокриндік ішкі секрециялық қызметіне инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.

 

Жыныс бездері.

Сыртқы секрециялық бөлу қызметі

  1. Ер адамдарда –сперматозоидтар
  2. Әйелдерде – жұмыртқа жасушасы

Ішкі секрециялық бөлу қызметі

  1. Ер адамдарда бөлінетін жыныс гормоны – тестостерон
  2. Әйелдердің жыныс гормоны – экстрогендер

Ер адамдардың жыныс безіне шәуіт безі (аталық безі) жатады. Аталық безінің салмағы 20г. Аталық безі өмір бойы сперматогенезге, жыныс мүшелерінің өсуіне, жыныс аппараты мен қосымша жыныстық белгілерге (қанқаның құрылысы, бұлшық еттердің дамуы, жүн жамылғысының таралуы, даусы үні және т.б.) қолайлы әсер етеді

Аналық безі жамбас аймағына орналасып, жатырдың жалпақ дәнекері арқылы жатырға және жатыр түтігіне бекінген. Аналық безде аналық жасуша пісіп жетіледі және жыныс гормондары эстрогендер түзіледі. Эстрогендер аналық жыныс аппаратының (қынап, жатыр және т.б.)дамуына қолай әсер етеді.

 

  1. Сабақтың пысықтау кезеңі

Ой қорытынды 

 

Әр топтан өздері таңдаған бір оқушышы шығып, өтілген жаңа тақырып бойынша (ұйқыбезі, жыныс безі) термин немесе сурет таңдау арқылы берілген тапсырманы топпен бірге орындайды.

 

  1. тақырыпты талқылауға арналған жаттығу.

—   «Кластер» әдіс

—   «Фишбоун» әдісі

 

  1. Эссе жазу

«Егер де мен эндокринолог дәрігері болсам……………………………….»

 

 

 

 

V.Жаңа сабақты бекіту:

 Технологиялық карта

                   Әрекеті                                       Гормоны                    Секреция безі

 

  1. Көмірсуларды ыдыратады    —                                    —
  2. Ағзаның иммундық қасиеттін

реттейді                                                                           —                                    —

  1. Сүйектердің өсуіне әсер еттеді   —                                    —
  2. Қан мен ұлпа сұйықтығындағы

Р мен Са –дің мөлшерін реттейді                                  —                                    —

  1. Жүректің соғуын жиілетіп, қан қысы

мын бұлшық еттердің жиырылуын күшейтеді.           —                                    —

  1. Зат алмасуға қатысады   —                                    —
  2. Жасушалардың саны мен

мөлшерін ұлғайтады                                                      —                                   —

  1. Қынаптың эпителиін қатайтып,

жатырдың бұлшықеттеріне әсер етеді                            —                                  —

 

Рефлексия         Не білдік? Не ұнады?

 

VI .Бағалау

Өзін-өзі және достарын бағалау парағы    

Оқушының аты-жөні____________________________________

Оқушының аты-жөні Сыныптасыңды бағалау Мұғалімнің бағалауы
1
2
3
4

 

VII. Үй тапсырмасы:  Гормон және бездерге «эссе» жазып келу.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *