Ардақтайық ананы!

ana «Ер Төстік» балабақшасы

Тәрбиеші: Жангожина Ш.

Ардақтайық ананы!

Жүргізуші

Ана тұрса құшаққа ап баласын,

Бақыт,шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,

Қуанышқа кенеле бер анашым.

Мен ананы шуағы мол күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Ана ылғи қамқор болып жүреді,

Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін,-деп аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашанда сөнбек емес.

Армысыздар,құрметті әріптестер,ардақты аналар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай нұр құйып,тағы да 8-Наурыз Халық аралық әйелдер күні келді.Осынау  көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби  жүрегі өзің деп соқса бүгінгі «Ардақтайық-Ананы» атты мерекелік кешімізде аналар сіздерге арналады,қош келдіңіздер.Бүгінгі мерекеміз ерекше, аналар сайысынан тұрады.Сайысымызды бастамас бұрын ортаға  «Анашым» әнімен Алпамыш Қуан мен Сәбитова Айнаны шақырамыз.

Ән: «Анашым»

Ендеше сайысымызға қатысатын ару-аналарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
Сайыс шартымен таныстырып өту.

1-кезең: Таныстыру

2-кезең:Қол өнері (өздері жасап әкелген бұйымдарын таныстыру)

3-кезең: «Ән мен би бар өмірде» өз өнерлерін көрсету

4-кезең: «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап,мақалды жалғастыру

5-кезең:Сән үлгісі

6-кезең:Ас-адамның арқауы

Әр сайыста төрелік ететін әділ-қазылар болады.
Әділқазы береді
Өздеріне билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты –
деп ең алдымен сіздерді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.Балабақша директоры-Шабаева Гулбатира

2.Балабақша әдіскері-Тулекбаева Әйгерім

  1. «Бәйтерек» тобының ата-анасы Фарида

 

Сайысқа қатысушы аналар алдымен реттік номерлеріңізді  таңдап алыңыздар.

Сайысқа қатысушы аналарымызға сәттілік тілейміз.

Аналарымыз алғашқы таныстыру кезеңіне дайын болғанша ортаға өз тақпақтарымен бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

 

Наурызбек: Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-қуанышы көңілдің.

Ана деген-әрбір үйдің жылуы,

Ана деген-гүлі туған өмірдің.

 

Мейірлан:Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп мені,

«Құлыншағым» күнім-дейтін.

Дильназ:Жанымызды жайратқан,

Сіздерсіз ғой,аналар.

Зор денсаулық,мол бақыт,

Тілейміз біз,балалар!

 

Нұрзада:Менің әжем,гүл әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Анам үшін,мен үшін,

Аман есен жүр әжем.

 

Сайысымызды бастайық.Алғашқы кезеңі таныстыру,1-ші номерлі ананы ортаға шақырамыз.

Аналарымызды қошеметтеп отырайық.

Сайыстың 1-кезеңі бойынша аналар өздерін таныстырып өтеді.

 

Әділ-қазылар алғашқы таныстыру кезеңінің бағасын берсеңіздер.

 

Аналарымыз сайыстың 2-ші кезеңі қол өнерге дайын болғанша бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалайық.

Шат көңілді балалар
Шаршағанды білмейді
Мереке құрметіне
«Көктем»биін билейді

«Көктем» биімен биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.

 

Кезек балалардың тақпақтарында.

 

Нұрдәулет:Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

8-ші наурызбен!

 

Жансерік:Менің әжем,ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

Айдар: Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін білеміз.

Ана жанын түсініп,

Ойлаңыз да күліңіз.
Кезекті сайысқа берейік.Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Қол өнері» өздері дайындап әкелген бұйымдарымен таныстыру.

Аналар әрқайсысы өз бұйымдарын атап,таныстырады.Құрметті әділ-қазылар алқасы 2-ші кезеңнің бағасын берулеріңізді сұраймыз.

 

3-ші кезең «Ән мен би бар өмірде» өз өнерлерін көрсету- аналарымыз дайын болғанша тағыда балалардың ән-жырына кезек берейік.

 

Ән: «Анаға сыйлаймыз»

 

 

Болатхан:Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Берсе барлық адамға ана мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

 

Нұрсәт:Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы таппағым.

Өзің жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрінде.

 

Нұрай: Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт.

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

 

Кезекті сайысымыздың 3-ші кезеңіне берейік.Ортада сайысқа қатысушы аналар өз өнерлерін көрсетеді.

Әділ –қазылар алқасы 3-ші кезеңнің ұпай санын берсеңіздер.

 

Сайысымыздың 4-ші кезеңі сұрақ-жауап.Сайыскер аналарымыз дайын болғанша тағыда балалардың өнеріне кезек берейік.

 

Табан жерге тимейді,
Біздің қыздар ғажап билейді.
Би сұлулық, әсемдік,
Сымбаттылық бұл – дейді.
Ортаға үнді биімен Әмірханқызы Дильназды шақырамыз.

«Үнді» биі

 

Жанарыс: Мейірімді,сымбатты

Қадірменді,қымбатты.

Ең жақын жан балаға,

Кім десеңдер ол-Ана!

 

Арай: Милой маме говорю,

Мама я тебя люблю.

Улыбайся ты всегда,

В сердце пусть живет весна.

 

 

Мансур: Ақ сүт беріп аялаған,

Әлпештеген анашым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

 

 

Жүргізуші: Сайысқа қатысушы аналарымызды ортаға шақырамыз.

 

Ал, аналар сұраққа қалайсыздар,
Сіздер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ол, сан қилы, сан сауалдан,
Дұрыс жауап берсеңіздер жарайсыздар-деп,кезекті сұрақ-жауап пен мақалға береміз.

Сұрақ:

1 Қонақтың түрі -Арнайы қонақ.. Құдайы қонақ. Қыдырма қонақ. Қылқыма қонақ. Құтты қонақ.Ерулікті қонақ.

2.Мақал

Қарны ашқанға қара нан да май татыр.

Шөлдегенге қара су да бал татыр.

  1. Жеті мүшел жасты атаңыз (13,25,37.49,61.73,85)
    4 Мақал.Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы,

Ерлер көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.

 

5.Жеті байлық-Әуелгі байлық- денсаулық,екінші байлық — еркіндік,үшінші байлық — тіл байлық,төртінші  байлық- қайрат -күш,бесінші байлық — ақ жаулық, алтыншы байлық-балаңыз,жетінші байлық- он саулық.
6.Мақал. Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

  1. «Бәсіре»-дегеніміз не? қазақ өте ырымшыл халық.Үйге келген тілі шықпаған балаға берілетін мал.Оны ағайын-туыстары,нағашылыры тарту етеді.

8.Мақал Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.

 

4-ші кезеңнің ұпайларын көрсетсеңіздер.

Біздің аналарымыз келесі Сән үлгісіне дайын болғанша  тағы да балалардың тақпақтарына кезек берейік.

 

Сәкен: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

 

Мұхаммед: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән,беретін гүлім дайын.

Әжетай,сені жақсы көремін деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

 

Мейіржан:Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!

 

Айдар: Ең қымбатты өмірде,

Ана екенін білеміз.

Ана жанын түсініп,

Ойлаңыз да күліңіз.
Айбар:Анашым анам
Ризамын саған
Тіліңді алам
Азамат боламын

 

Жүргізуші:Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Сымбат-сәні келісетін аруларға,

Әрдайым жұрт сүйсініп қарасатын-деп сайысқа қатысушы аналарымызды сән үлгілерімен ортаға шақырамыз.

Сайыскерлер сән үлгілерін көрсетіп өтеді.

Әділ-қазылар алқасы сән үлгісінің ұпайларын берсеңіздер.Ұпайларын көрсетеді.

Бүгінгі сайысымыздың соңғы бөлімі «Ас адамның арқауы».Ару аналарымыз ас мәзірін дайындағанша  кезекті балаларға береміз.

 Би: «Орыс биі»

 

Жүргізуші:Құрметті қонақтар сайысымыздың соңғы кезегіне де келіп жеттік.

Көніл кірін жуатын да-дастархан
Кісілікке бастайтын да -дастархан
Тәрбиенің алаңы да дастархан. Алаң көңілге
Сенім беретін де дастархан
Ендігіге кезек дастархан мәзірінде.

Сайыскер аналарымыздың ас мәзіріне шеберліктерінің  қандай екенін  тамашалайық.

 

Сайыскерлер дайындаған тағам түрлерімен таныстырады.

 

Бүгінгі аналар арасында болған сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.

Сайыскер аналарымызға тосын сыйымыз бар.Аналарға бір сұрақ:-бүгінгі  мерекеде қандай сыйлық алғаныңызды қалар едіңіз?

Сайысқа қатысушылардың жұбайлары гүл алып кіреді.

 

Әділ-қазылар соңғы кезеңнің ұпай санын көрсетіп,барлық ұпайларын есептесеңіздер.

кезекті балалардың әніне берейік.

Ән: «»

 

Осымен «Ардақтайық-Ананы!» атты аналардың қатысуымен болған сайысымыз аяқталды.
Әділ қазыларға сөз. (Диплом, сыйлық, мақтау қағаздары)
Осы сайысымызды біздің «Бәйтерек» тобы балаларының қорытынды әдемі әнімен аяқтайық.
Ән: «Құттықтаймын мама туған күнінмен»

 

 

 

 

 

 

Құттықтаймын, мама, тұған күніңмен.

  1. Нұрын төккен маған,
    Шуағымсың — сен!
    Айналайын,мама,
    Қуанышыңмен!
    Шаттандырған мені,
    Жұбанышым – сен!
    Құттықтаймын сені
    Туған күніңмен!
    Аялаған мені
    Салтанатыңмен!
    Құттықтаймын сені
    Ән қанатымен.
    Бақытты ғой заман,
    Қандай көңілді!
    Мен тілеймін саған
    Ұзақ өмірді!

Ақ мамам!

1.Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым,күнім дейтін.

Қайырмасы:

Ақ мамам,ақ мамам!

Құлыншағым,күнім дейтін.

Ақ мамам,ақ мамам!

Құлыншағым,күнім дейтін.

2.Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе менде,

Батырларша батылданам.

Қайырмасы:

Ақ мамам,ақ мамам!

Батырларша батылданам.

Ақ мамам,ақ мамам!

Батырларша батылданам.

3.Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамады,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Қайырмасы:

Ақ мамам,ақ мамам!

Жүрсем деймін шаттандырып.

Ақ мамам,ақ мамам!

Жүрсем деймін шаттандырып.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *