Арманға қанат қағамыз!

№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Нурсулу Калыбаева -тәрбиеші
Тақырыбы: «Арманға қанат қағамыз!»
Мақсаты: Оқушыларға қиял-ғажайыпты көрсете отырып, армандаудың жақсы қасиет екенін түсіндіру.
Әдісі: Таным сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,нақыл сөздер,бейнесюжет.
І.Кіріспе бөлім
.Ұйымдастыру кезеңі
1.« Шаттық шеңбері»
2. «Арманға қанат қағамыз» мультфильмімен тақырыпты ашу.
3.«Менің арманым» өз арманын суретке түсіру.
4. « Біздің арманымыз» сынып видиоролигі
5. «Жаралы құс» (анимациялық сұрақ )
ІІ. сергіту сәті
«Арман қала Астанаға саяхат»
Қорытынды бөлім
1.Сабаққа рефлекс жасау
2.«Сабағымызды бағалайық» (Саусақпен бағалау)
3. «Бала тілегі» әнімен тәмәндәу
Сабақ барысы
1.«Шаттық шеңбері»
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен тілейік,
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен тілейік,
Көңіл,күлкі ашады
Күліп өмір сүрейік.
(Оқушыларды орындарына отырғызу)
-Ал балалар,
Тәрбиеші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, « Арманға қанат қағамыз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Балалар,осы тақырып төңірегінде мультфильм көргілеріңіз келе ме?
Олай болса,бірге тамашалайық.
2.(Мультфильм «Арманға қанат қағамыз»)
-Ал балалар,мультфильм ұнады ма?
3. «Менің арманым» Өз арманын суретке түсіру.
-Олай болса, мультфильмнен не ұқтыңыздар,қағазға түсіріп көрейікші. (Музыка ойнап тұрады)
( салған суреті бойынша 2,3 оқушыны сөйлету)
4. «Біздің арманымыз» сынып видиоролигі
-Ал, енді балалар,сыныбымыздың бейнеролигін тамашалайық.(сынып видиосы)
(Видио бойынша тәрбиеші сөйлейді.)
5.«Жаралы құс» : балалар,маған көмектесіңіздерші.Қатігез патша менің қанатымды ұшпасын деп,сыйқырлап тастады.менің қанатымды сұрақтармен байлап тастады.
Тәрбиеші: Ал, балалар құсқа көмектесеміз бе?
-Оқушылар: «Иә» ( сұрақтарға жауап беру)
1.Болашақта сен қандай мамандық иесі боласың?
2.Ата-анаңды қалай қалай қуантасың?
3.Сіздер қандай мемлекетте тұрасыздар?
4.Үш тілде өз атыңды айтып көрші.
5. Өз мемлекетіңіз туралы маған айтып беріңіздерші.
Сергектік сәті
6. « Арман қала Астанаға саяхат» ( Оқушылар астананы суреттеп беруі керек) (Байтерек,ақ орда,Хан шатыры,пирамида,Нұр мешіт,окианариум)
7.Ал енді, оқушылар бүгінгі сабағымыз ұнады ма?(Саусақпен бағалау әдісі)
8.Рефлекстеу:
а) Нені білетін едік?
ә) Нені үйрендік?
б) Нені үйренуіміз керек? (Оқушылар жауабы тыңдалады)
9. Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Бала тілегі» әнімен тәмәндайық! ( Оқушылар музыкамен ән орындайды)Қош, сау болыңыздар!

 

ағ

 

 

 

 

 

 

аг

 

 

 

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *