Архимед күші. Есептер шығару

Қызылорда облысы, Жаңақорпған ауданы, №254 негізгі мектеп.

Физика пәні мұғалімі Батырбекова Аягөз.

«Архимед күші» 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы Архимед күші. Есептер шығару
Мақсаты Архимед күші туралы түсінік қалыптастыра алады.

Архимед заңының физикалық мағынасын аша алады;
Архимед заңының формуласын есептер шығаруда қолдана алады

Күтілетін нәтижелер Архимед күші туралы түсінік қалыптасады.

Архимед заңының физикалық мағынасын түсінетін болады.
Архимед заңының  формуласын есептер шығаруда  қолданады

Сабақтың көрнекіліктері Оқулық, дәптер, интербелсенді тақта, слайд, су, стакан, тұз, қағаз, жұмыртқа, картоп.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Шаттық  шеңбері.

3. Сурет қималары арқылы топқа бөлу.

Кеменің капитанын сайлап аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасы:

«Сиқырлы сандықша» арқылы үй тапсырмасын қайталау

1.    Қысым дегеніміз не? Кім ашты?

2.    Күштердің қандай түрлерін білесіңдер?

3.    Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?

4.    Сұйықтың тығыздығын өлшейтін құрал қалай аталады?

5.    Заттың неше күйі бар?

6.    Кемелер мен әуе көліктерінде алып жүруге ыңғайлы атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қандай?

7.    Төмен қарай бағытталатын күштің түрі?

8.    Қатынас ыдыстарға мысал келтір.

9.    Қалыпты атмосфералық қысым қаншаға тең?

10.     Қысымның қатты, сұйықтар мен газдарда берілуі?

11.     1 мм.сын.бағ. қанша Паскаль бар?

12.Адам биіктікке жоғарлаған сайын қысым қалай өзгереді?

Оқушылар шеңбер жасап бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Сурет қиындыларын құрастырып, топқа бөлінеді.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

 

Тұсаукесер

 

Тәжірибе арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Екі стакан су аламыз. Біріншісі таза су, екіншісіне тұз салып араластырамыз. Содан соң бірінші стакандағы таза суға жұмыртқаны саламыз, жұмыртқа суға батып кетеді.  Екінші стакандағы ерітіндісі  бар суға жұмыртқаны салғанда, жұмыртқа су бетіне қалқып шығады.

Оқушылар тәжірибеден нені  байқағанын және де қандай күштер әрекет ететінін айтып, сабақтың тақырыбын ашады. Дәптерлеріне күннің ретін және тақырыпты  жазады.
Негізгі бөлім

 

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топта талқылау.

Кемедегі теңізшілер өз қызметтерін атқарады

1-топ. Архимедтің өмірбаянын баяндайды.

2-топ. Архимед күші мен ауырлық күшіне «Венн диаграммасын» құрады.

Екі топ бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

«Жұптық жұмыс»

1.      Есеп

2.      Сұрақ

3.      Термин сөздер

24 жаттығу. № 3

Массасы 100кг,көлемі 0,2м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?

№12

400Н архимед күші әсер ететін дене суға толық батырылған. Осы дененің көлемі қандай?

 2. Құдықтағы шелек су астында жеңіл де, ал көтере бастаған сайын ауырлай түседі. Неліктен?
Жауабы:шелектегі суға 2 күш әсер етеді.Олар ауырлық күші төмен қарай және су астынан кері итеруші күш.

Неге өзен суына қарағанда, теңіз суына жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы   неғұрлым  көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші  көбірек болады.

3.Берілген термин сөздердің орыс тілінде, ағылшын тілінде айтылуы. Қысым, сұйық, ауырлық, батады, жүзеді, қалқиды, күш, көлем тығыздық.

Сергіту сәті.

Оқушылар физикалық күштердің бағыттары бойынша жаттығу жасайды.
1-жаттығу. Ауырлық күші- төмен қарай
2-жаттығу. Архимед күші- жоғары қарай
3-жаттығу. Ньютонның бірінші заңы- түзу тұру
4-жаттығу. Ньютонның үшінші заңы- қарама-қарсы қолды жаттықтырамыз.
5-жаттығу. Деформация –иілу, бұралу, майысу.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, топта талқылап, түсіндіреді.

 

 

 

 

 

Талдау

Берілгені:                       шешуі:       F a = mg

m = 100 кг                                        Fa = 100 кг * 9.8 н = 980 Н

v = 0.2м3                                           F Ас  g Vд

F a – ? FA – ?                              FА = 1000 кг/м3 * 9,8 н/кг * 0,2м3 = 2кН

Берілгені:                            талдау шешуі

FА = 400 Н                          FА = ρ c Vд g

ρс= 1000 кг/м3     Vд = FА  / ρ c* g     Vд=400Н/1000кг/м3 *10 Н /кг =0.04 м3

g =10Н/кг

V д – ?

 

«Сөйлемді аяқтау» әдісі» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.

«Мені таңқалдырды» …

 

 

 

Оқушылар орындарынан тұрып, интербелсенді тақтадағы күштердің түріне қарай жаттығулар жасайды.

Қорытынды

 

«Ой толғау»  физикалық мини-тест

Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ              әсер етеді.

-Архимед күші ЖОҒАРЫ   бағытталған.

– Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ     айырмасына тең.

– Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең.

– Архимед заңы мына түрде жазылады: FА= ρc*g*Vд

– Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ.

Оқушыларға жеке тест тапсырмалары беріледі. 2 минут ішінде тапсырманы орындап шығады. Интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары беріледі. Сол жауаптар бойынша оқушылар өздерін бағалайды.
Рефлексия

 

«Сағат тілі» әдісі

 

Кері байланыс

– Мен мынаны білдім…

– Маған қызық болғаны…

– Маған қиын болғаны…

– Мен енді…

– Менің ойым мынандай…

– Мен мынаны сезіндім…

– Мен мынаны жасадым…

– Мынаған таң қалдым…

– Қолымнан мынау келді…

– Мен мынаны жасағым келді…

– Менде мынандай сұрақ бар: …

– Сонымен мен…

Үйге тапсырма

 

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Архимед күшінен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

  § 44,

23 жаттығу №4

 

 

 

[bws_related_posts]

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика