Ата- аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі

imgFullКосетова Асем Абылгазиновна

Ата- аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым- қатынасы( сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Қажетті құралдар: карточкалар, қызыл және жасыл дөңгелектер.

Көшбасшы: Тәрбиеде ештеңе жоспарланбайды. Олай болса мына дөңгелекшелерді таңдап екі топқа бөлінеміз.

Шағын дәріс.
Ата- аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттілігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі отырысымызда ата- ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп , оны жаттығулар арқылы көрсетеміз.
Бала әрдайым ата- ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата- анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әрдайым ата- ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ , ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата- ана қатты уайымдап , баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата- ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсінуі керек. Ең бастысы , бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не үміт күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Тапсырма № 1 Жағдаяттар беру
1- топқа берілетін жағдаят:
Жағдаят Баланың бастан кешкен сезімі Сіздің іс-әрекетіңіз?
Бір нәрсеге ашулы 2- сыныптағы балаңыз мектептен келе сала: “Құрысын мектебің ! Апайлардың бәрі жаман” деп күйіп піседі
2- топқа берілетін жағдаят:
Жағдаят Баланың бастан кешкен сезімі Сіздің іс-әрекетіңіз?
Мектептен келген балаңыз: “Мен мектепке бармаймын” деп жылайды

Екі топқа берілген жағдаяттар бойынша ата- аналар жұмыс жасайды.
1- жағдайда баланың мектепке деген өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.
2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата- анасынан қолдау күтеді. Ата- аналар тарапынан «Сен өзің кінәлісің!» немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы , бұндай жауаптардан немқұрайлықты , салғырттықты сезеді.
Кез –келген шешімді қабылдағанда асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайлы қарамайтыныңызды көретіндей , оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата- ана қатты уайымдап , баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.
Тапсырма № 2
Екі топқа ата- аналардың баламен қарым- қатынасында баланың үмітіне балта шабатын , кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай , жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.
• Неге сен басқа балалардай емессің ?
• Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің , шашың жалбырап, үстің кір-кір.
• Тағы осылай мектепте бұзықтық істесең, менен таяқ жейтін боласың.
• Сенен ешқандай жақсылық шықпайды.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.
Ата- аналар осы сөздерді былай алмастыруға болады:
• «Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді»- деп үміт артуы керек.
• «Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді»- деп сенім артуы керек.
• «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» – деп , баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
• « Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама
• «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда , үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата- анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
Тапсырма №3
ТЕСТ «Сіз қандай ата- анасыз?»
1. Кез – келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдасасыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің балаңызға өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айта аласыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез- құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бере аласыз ба?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:
Әрқашан жасаймын, келісемін- 3 балл
Кейде ғана келісемін- 2 балл
Келіспеймін- 1 балл

Сауалнаманы бағалау:
0-16 балл. Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30 балл. Балаға қамқорлық жасау- бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Қорытынды
Бүгінгі отырыста сіздер бала тәрбиесінің онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан қырлы әдіс тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуаныышқа бөлей берсін,- дей отырып, ата – аналармен қоштасамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика