Ата-ананың парызын Өтеу сенің қарызың

Сабақтың тақырыбы: Ата-ананың парызын

Өтеу сенің қарызың.

Сабақ мақсаты: 1.Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ана еңбегін қадірлей білу.
  2.Баланың ата-ана алдындағы қарызын өтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
  3.Ата-анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Рухани әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнефильмдер, ата-ана туралы нақыл, ұлағатты сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе.

Кілтсөздерді табу.

 

Қарыз                                Ой қозғау.

— Қарыз дегеніміз не?

— Бұл өмірде кімдерге қарыздармыз?

— Ендеше біздің екінші кілтсөзіміз ата-ана.

 

Қарыз    Ата-ана

— Баланың ата-ана алдындағы қарызын не дейді?

— Парыз. Келесі кілтсөзіміз Ата-ана және Парыз.

 

Қарыз    Ата-ана     Парыз

— Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар?

— Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың» екен.

— Ата-ананың бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Олардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп көрейікші. (Ата-ананың ақысы фильмі).

Сұрақтар:

  1. Егер келіннің орнында болғанда не істер едіңдер?
  2. Егер баланың орнында болғанда сендер не істер едіңдер?

(Оқушылардың өз пікірлері тыңдалады)

 

(Панасыз қалған ана фильмі)

Сұрақтар:

  1. Көшеде қалған ананың тағдырына кім жауапьы?
  2. Ананың көңілі балада дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Осы екі бейнефильмде бала ата-ананың алдындағы қарызын өтеді деп ойлайсыңдар ма?

(Оқушылар пікірлерін тыңдау)

 

Сонымен балалар, Парыз бен Қарыз туралы осы сабақтан алғанымызды санамалап жазып шығайық.

ІІІ. Қорытындылау.

Халқымыздың мақал-мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананысың қадір-қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.

«Алты аға бірігіп — әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» — деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталады. Ақыры, ең қастерлі тілектері: Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, — дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!

Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін!» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны қадір-қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *