Ата-ананың парызын өтеу- сенің қарызың

№ 1 орта мектеп ММ

Шалдыбаева Бақытгүл Төлемісқызы

Сабақтың тақырыбы: Ата-ананың парызын өтеу- сенің қарызың.

Сабақтың мақсаты:

Негізгі мақсат: «Ата-ананың парызын өтеу- сенің қарызың»тақырыбы бойынша  сөйлесе білуге жағдай жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың «ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ата-ана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: талдау,тұжырымдау,салыстыру,баяндау,шығармашылық, жұмыс, сұрақ- жауап.

Сын тұрғысынан ойлауын дамыту стратегиялары: кластер, фишбоун, Блум таксономиясы, қос жазба күнделігі, тоқтатып бейне-  көрініс қарау әдісі, синквэйн, синту, диаманта.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кестелер, үлестірме карточкалар, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, ән-күй

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып қалайық

Бір жадырап алайық!

—         Сәлеметсіздер ме, балалар, құрметті қонақтар!

-Балалар, сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңбері: ( күй)

— Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Қалай ойлайсыздар, бұл қорапта не бар екен?

-Дұрыс, кәмпит. (кәмпиттерді бір-бірден алып,  бір-бірімізге тілек айтамыз «Ұлытау» күйі ойналады ).

Топқа бөліну:- Балалар, біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз.Кәмпиттің түріне қарап топқа бөлінеміз.

—         Бәріміз орындарына отырып, әрі қарай жұмысымызды  жалғастырайық.

Үй жұмысы: эссе жазып келу, фразеологизмдердің мағынасын тауып алу.

Өз топтарыңда, топ басшысын сайлаңдар, топ басшысы бағалау парағын толтырады.

 

Cабақты толық жүктеңіз

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *