Атмосфера тарауын қайталау

Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Рахимова Ултуар Кожахановна

Сабақтың тақырыбы:  Атмосфера тарауын қайталау

 

Мақсаты:   Атмосфера тақырыбы бойынша алған білім, білік  дағдыларын

жүйелеп қорыту.

Білімділік: Атмосфера   тарауына  талдау   жасау, қосымша  анықтамалық   мәліметтермен  және  кестелермен  жұмыс  жүргізу.

Дамытушылық:   Танымдық   білік  дағдыларын,  өзіндік  Іс – әрекеттерін  қалыптастыру, іскерлік  қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Экологиялық   тәрбие  беру.

Сабақтың  көрнекілігі: Дүниежүзінің  климат  картасы,  кестелер

Пәнаралық   байланыс: математика, экология, әдебиет

 

Жаңа  сабақ жоспары:

  1. I. Сұрақтарға жауап беру
  2. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
  3. Ауа райының құбылыстарын атаңдар.
  4. Жел дегеніміз не?
  5. Бұлт қалай түзіледі? Оның түрлерін атаңдар.
  6. Ауа райы
  7. Абсолют ылғалдылық
  8. Атмосфералық қысым
  9. Атмосфераның ең төменгі қабаты
  10. Салыстырмалы ылғалдылық
  11. Климат

 

 

  1. Географиялық терминдер.

Төмендегі ұғым сөздердің анықтамасын айтыңыз.

Бриз, муссон, атмосфера, амплитуда

 

III. Сандардың мәнін ашу.

0,03%, 21%, 78%, 760 мм, 1 мм, 0-10 балл, 50-55 шақырым, 11 шақырым,

1кг 33 гр

  1. IV. Геодиктант
  2. Жерге жарық пен жылу тарататын жұлдыз …
  3. Жер бетінен әр 100 метр биіктеген сайын температура … төмендейді.
  4. Ауа температурасын тәулік ішінде … өлшейді.
  5. Жер шарындағы ең суық ай …
  6. Аспанда бұлттың торлау дәрежесін … деп атайды.
  7. Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын … деп атайды.
  8. Ауа райының көп жылдық режимін … дейді.
  9. Жер бетінде ауаның горизонталь бағытта ауысып, қозғалуын … деп атайды.
  10. Әрбір 10 м-ге көтерілген сайын атмосфералық қысым … төмендейді.
  11. Салыстырмалы ылғалдылықты … деп аталатын құрал көмегімен өлшейді.

 

  1. Географиялық есептер шығару

 

  1. Тәуліктік орташа температураны  есептеу.

түнгі   сағат           1 —  де        +1°      таңғы   сағат           7 –де           +2°

күндізгі  сағат       13- де        +10°     кешкі   сағат         19- де           + 3°

2.Тәулік ішіндегі  ең жоғары температура +30°С,  ең төменгі +20°С болғанда тәуліктік амплитуданы есептеңдер.

 

Ойланайық !   Салтанат  аспанды  торлаған  бұлттарға  қарап, әр нәрсенің  бейнесіне  ұқсатып  отырды. Құрбысы  оған  телефон  соғып, көл маңына  серуендеп  келуге шақырды. Салтанат  барар – бармасын  білмей  ойланып  қалды. Қандай  кеңес  берер  едіңдер?  Ауа  райы  өзгеруі  мүмкін  бе ?

 

 

  1. Перфокартамен жұмыс
     1       2     3    4    5
А Гигрометр
Б Термометр
В Жауын –шашын өлшеуіш
Г Барометр
Д Желбағар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ауа  температурасын  қандай  құралмен  өлшейді ?

2.Желдің   бағыты мен күшін  анықтайттын  аспап .

3.Атмосфералық   қысымды  немен  өлшейді ?

4.Жауын – шашынды   қандай   аспаппен  өлшейді ?

5.Ылғалдылықты    қандай  құралмен  өлшейді?

 

Сабақты бекіту:

 

Сәйкестік     тест

 

  1. Атмосфера                                           а.    Тропосфера
  2. Озон газы                                            ә .  21 %
  3. Азот б.   Ауа  қабаты
  4. Оттегі                                                   в . Стратосфера
  5. Ауа  райы  түзіледі                              г.   78 %

 

Үйге тапсырма:  § 18 – 25 оқу  

                               «Атмосфераның  ластануы» туралы шығарма жазу

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *