Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Қарағанды облысы

Шет ауданы,

Ақсу-Аюлы  мекені

Ж. Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Нұржанат Мұқабылқызы

 Тақырыбы:   Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Мақсаты:      Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін

тереңдету,  адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін

қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды

заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру.

Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, мәдени

дағдыларын қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін

дамытып,сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке

баулу.

Сабақтың түрі:топтық жұмыс

Әдісі:Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбасы сызылған суреттер, тақтада әр түрлі нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І Психологиялық дайындық.

Топ ережесімен таныстыру.

ІІ Өткен сабақты қайталау.

А) Сұрақ жауап:

-Әдепті бала қандай болу керек?

ІІІ Жаңа сабақ

Әдепті болу үшін адамға ең бірінші не керек?

Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық.

  • Денсаулық туралы не білеміз?
  • оқушы:

Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол — тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

  • оқушы:

Денсаулық ол — күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

   3-оқушы:

Денсаулық – ол жүруің,
Оқу үшін мектепте.
Ешбір жерің ауырмай,
Дұрыс тамақтану үшін де.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Интерактивті тақтадан тірек сызба арқылы көрсету

Сырқаттануды туындататын көптеген себептердің ішінен адамға байланысты төртеуін бөліп алуға болады: Жағымды эмоциялардың болмауы, дауласу және жанжалдасу. Табиғатпен, адамдармен, аңдармен және өсімдікермен тілдесе білмеу, немесе табиғи күштерді-суды,ауаны,күнді, жерді және суықты дұрыс пайдалана алмау. Дұрыс тамақтанбау. Аз қимылдау (гиподинамия).

«Ауырмауды”, «өз денсаулығын бағалай білуді, оны сақтау мен нығайтуды” үйренген маңызды. Ұсынылып отырған «денсаулық қадамдарын” жасай отырып, Сіз өз денсаулығыңызды сақтайсыз әрі нығайтасыз, өмір сүру сапасын арттырасыз, белсенді қарттыққа қол жеткізесіз.

 

Денсаулыққа 20 қадам:

1-ші қадам. Өз ағзаңызды зерттеңіз.

2-ші қадам. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

3-ші қадам. Дұрыс тамақтаныңыз.

4-ші қадам. Таза әрі қауіпсіз суды пайдаланыңыз.

5-ші қадам. Көбірекқозғалыңыз, спортпенайналысыңыз.

6-ші қадам. Темекішекпеніз, алкоголь мен есірткітұтынбаңыз.

7-ші қадам. Профилактикалықтексерулерденөтіптұрыңыз.

8-ші қадам. Профилактикалықекпелержасатыңыз.

9-ші қадам. Жарақаттанудан сақтаныңыз.

10-ші қадам. Табиғатпен және өзіңізбен үйлесімді өмір сүріңіз..

11-ші қадам. Суықты жақсы көріп, шынығыңыз.

12-ші қадам. Аптасайынмоншағанемесесаунағабарыптұрыңыз.

13-ші қадам. Еңбектеніңіз.

14-ші қадам. Ұйқыңыз тәулігіне 6-7 сағаттан кем болмасын.

15-ші қадам. Дәрінібарыншасирекқолданыңыз.

16-ші қадам. Мейірімді әрі қайырымшыл болыңыз.

17-ші қадам. Өзіңізге және айналаңыздағылардың бәріне денсаулық тілеңіз.

18-ші қадам. Өзіңізді сыйлаңыз, жақындарыңызды сыйлаңыз.

19-шы қадам. СЕНІМДІ БОЛЫҢЫЗ. Сенімсізөмірсүруқиынболады.

20-шы қадам. Шектентыскетіпқалмаңыз.

Естесақтаңыз:

Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда.

Денсаулықты сақтаңыз.

Денсаулығыңызды күтіңіз

 

Әр топ оқушыларынан өз тақырыптары бойынша білетіндерін сұрау.

  • Тазалық туралы не білеміз?

І топ «Тазалық тобы»
Ұраны:Тазалық –денсаулық кепілі.

  • оқушы:

Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен:
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз – түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.

 4- оқушы:

Тазалап жүр тісіңді.
Әдет қыл бұл ісіңді:

Тазалауға болмайды,
Щеткасымен басқа адам.

5- оқушы:

Еріншек таза жүре алмас,
Кір қолын да жуа алмас
Қаракет жоқ, ғылым жоқ

Өз бойынан ұялмас.

6-оқушы:

Су – тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.
Гигиена егізі

Су деп және білгейсің.

7-оқушы:

Үйде ванна, душ болса,
Салқын сумен құйынғын.
Ыстық сумен шомылсаң,
Салқын сумен шайынғын.

 

Мұғалім:Тиімдітамақтанудеген не? Қандайпайдалытамақтар бар?

ІІ топ «Дұрыс тамақтану»
Ұраны:   Ас – адамның арқауы.

1-оқушы:
Алуан түрлі азық бар,
Ет, май, сүт пен балықтар.
Көкөністер, жемістер,.

Витаминдер, жидектер.

2-оқушы:
Тамақты ішкің күнде сен,
Белгілі бір мезгілде.
Таңертең, түс, түстен соң,
Жатар алды кезінде.

3-оқушы:

Витаминдер–тірегін,

А,В,С,Д,Е –депаласың

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.

4-оқушы:

А – сықажеткөзіңе,

В – жүйкені тоғайтар.
С – дан микроб безінер,
Д – сүйекті нығайтар.

 

  • Спорттың қандай пайдасы бар?

ІІІ топ «Спорт» тобыҰраны:Спорт – денсаулық кепілі

1-оқушы:

Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.
2-оқушы:

Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.

3-оқушы:

Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап, жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан

Жаттығу жасау, жуыну!

4-оқушы:
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

Осы кезде спортпенен шұғылдан,

Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.

5-оқушы:

Айналыссаң спортпен

Денең сенің шынығар

Қарап саған құрметпен,

Үлкен, кіші қызығар.

 

Топтастыру стратегиясы бойынша әр топ өз тақырыбы бойынша  денсаулыққа пайдасы туралы жазып көрсетеді және оны қорғайды.

Ітоп                                                    ІІ топ                                         ІІІ топ

Тазалық
Дұрыс тамақтану
спорт

 

 

 

 

 

  1. Жағдаяттарды шешу:

І топқа:

Темірлан даладан ойнап келсе, апасы үйге алма әкеліп қойыпты. Ойыннан қарны ашып келген Темірлан бірден алманы қолына алды. Апасының «Жу» деген сөзін естігенмен, оның көзіне алма тап-таза болып көрінді. Ол алманы бірден аузына салды.

  • Қалай ойлайсыңдар, Темірланның істегені дұрыс па?

ІІ топқа:

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дүрыс тамақтансаң қайтер еді ?» деді. Самат анасына : « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша ?» деді.
— Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ?

ІІІ топқа:

Бірде  жаттықтырушы ағай  спорт секциясына келіп жүрген балалардансұрады:

  • Спортпен не үшін айналысып жүрсіңдер?

Сонда Марат бірден:

  • Мен спорттан өз атағымды шығару үшін, тек сол үшін келіп жүрмін ,- деді.
  • Қалай ойлайсыңдар? Мараттың жауабы дұрыс па?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сабақты бекіту. Топтастыру.

Адам ауырмау үшін

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Адамның денсаулығы — қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың — салауатты өмір салтын сақтау.

 

Бүгінгі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен.
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен!

Үйге тапсырма: Денсаулық туралы мақал-мәтел жаттап келу.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *