Ағашты көркемдеп өңдеу барысында еңбекті қорғау мен оны ұйымдастыру

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы, Зеленов ауданы,

Макаров  ауылы,

Макаров ЖОБМ

Технология пәнінің мұғалімі:Каракулов  Ерик  Серикович

Тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу барысында еңбекті қорғау мен оны ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: ағашты көркемдеп өңдеу технологиясында әрлеу, көркемдеп өңдеу тәсілдерін үйрену мен оны көркемдеуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: ағашты өңдеудің қыр – сырын меңгерту, ұлттық көзқарасын ояту, икемділікке, ұқыптылыққа шақырту;

Тәрбиелік мақсаты: ағашты көркемдеуде тұрмыстағы мән – мағынасын, сәндік бұйымдардың жасалуын, жасалу тәсілдерін үйретуге, еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу

Көрнекілік: Фанера ағаштары, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар, Қазақтың қолөнері туралы суреттері.

Құрал – жабдықтар: фанера ағаштары, ағаш түрлері, сызбалар, суреттер, арнайы аралар, егеулер, құмқағаздар, түрлі түсті бояулар, тесетін құралдар, моршка бояу, лактар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру жұмысы:

  1. Тәртіп сақтай отырып сабаққа жұмылдыру.
  2. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
  3. Сабаққа қажетті құралдарды, материалдарды дайындау.

ІІ. Жаңа сабақ  1.Кіріспе.

Ағаш — табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан — ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс — аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі — бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден — ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін — адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.

  1. Жаңа сабақ бойынша жүргізілетін жұмыстар.

а) Ағашты көркемдеп өңдеу туралы не білеміз?

— Затты әрлеуге түрлендіру үшін қажет.

— Түрлі түсті кескіндер жасау үшін.

б) Оқушы білімдерін толықтыру мақсатында жұмыстың жасалуын әдіс – тәсілдерін жасалуы жолдарын үйрету.

в) Экранға назар аударайық. (видео 4 минут)

3.Дәптермен жұмыс

(Видео бойынша есте қалған мәліметті қағаз бетіне түртіп алып отырады.)

Сұрақ – жауап

— Фанера ағаштардың түрлері, өлшемдері.

— Қажеттілік құралдарды қолдану тәсілдері.

ІІІ. Негізгі бөлім

а) Ағашты көркемдеуде кесу, ою тәсілдері және оны өңдеу жолдарын көрнекі сызба арқылы түсіндіру.

б) Ағашты көркемдеп өңдеу тәсілдерін меңгерту.

в) Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау жолдарын ескерту.

1)    шикізат дайындау, ағаш дайындау

2)    жасалатын заттың сызбасын кесіп дайындау

3)    сызбаны ағаш, фанера бетіне түсіру

4)    бетін әрлейтін, көркемдейтін заттар дайындау

5)    фанера ағаш бетіне түсірілген сызбаны меңгеру

6)    ара түрлерін, пышақ жүздерін арнайы араларды дайындау

7)    ағаш бетіне түсірілген сызбаны арнайы  арамен кесу

8)    Кесілген дайын өнімді өңдеу, тазалау, әрлеу, бояу, лактау

  1. Машықтық жұмыс.
  • Фанер бетіне ою-өрнекті бастыру
  • Лобзикпен ою
  • Лакпен әрлеу
  1. Оқушылар жұмысын қорытындылау, жинақтау, бағалау, мадақтау.
  1. Үйге тапсырма. Қатырма қағазға ою – өрнек ойып әкелу
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *