Ағылшын тілі сабағында синквейн қолдану

Ағылшын тілі сабағында синквейн қолдану

Кулпеисова Зухра Жумабайқызы
№2 Қаратау колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Бүгінгі білім беруде педагогикалық процестің барлық тараптарын қамтыған түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Білім алушының дербес мүддесі – білімдегі шешуші фактор. Бақылау мен бағалау процесі сол немесе басқа пәнді үйренуге деген қызығушылық құлқына келеңсіз ықпал көрсетуі мүмкін .
Сондықтан бақылау-бағалау қызметтерін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, жаңа стандарттар білімді, біліктілік пен дағдыны бағалауға маңызды жаңа талаптар қояды.
Бұл бойынша көп, әртүрлі әдістер игеріледі : баға қоймай оқыту, балдық жүйе, портфолио, критериялдық бағалау и бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі.
Бақылау-бағалау қызметін қалыптастыру үшін мынандай құралдар мен механизмдерді жатқызуға болады: «Бағалау сызғышы», «Бағалар қобдишасы», «Нәтиженің жинақ сандықшасы», «Сапа нысанасы» және т.б. Аталған әдістердің барлығы оқытушылар мен білімгерлердің бірлескен қызметімен байланысты және бір жақты бағалау элементерін шешу арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын арттырады. Сабақта бақылау-бағалау қызметін қолдану әдістерінің бір түрі «Синквейн».
Синквейн – сабақта білімгерлердің танымдық белсенділігін жандандыру әдістерінің бірі. Синквейн – бұл әдеттегі өлең шумақтары емес, ерекше белгілі ережемен үйлесімділікте жазылған өлең шумағы. Әр қатарға өлең шумағына қажетті сөз жиынтығы беріледі.Синквейн – бұл 5 қатардан тұратын өлең жолдары, нақты тақырып бойынша пысықтауда ауқымды ақпараттарды қысқа сөйлем, көрініс арқылы баяндауды талап етеді. «Синквейн» француз тілінен «бес» деп аударылады, сондықтан да бес қатардан тұрады,
1-ші қатар – зат есім түрінде тақырып, өзекті сөз, ұғым, синквейн тақырыбы.Кім ? не?
2-ші қатар – екі сын есім.Қандай ?
3-ші қатар – үш етістік. Не істеді?
4-ші қатар – фраза, белгілі мәні бар. Синоним немесе толықтауыш.
5-ші қатар – Сезіну, түйін сөз, тұжырым, бір сөз.
Синквейнді жазу ережесін тура сақтау міндетті емес. Мысалы, мәтінді жақсарту үшін 4-ші қатарда 3 немесе 5 сөз, ал 5-ші қатарда- 2 сөз болуы мүмкін. Қолданудың басқа да нұсқалары мен сөз таптары болуы мүмкін.
Синквейн – бұл сабақтың әр кезеңіндегі, жаңа тақырыпты оқығанда білімгерлердің ассоциация деңгейін тексеруде қолдануға болады.
…Сабақ қызу өтіп жатыр. Тақырыпты түсіну білімгерлерге өте қиынға соғуда. Білімгерлер шаршады. Осы мезетте білімгерлерге оқып жатқан тараудың қандай-да бір тарауы бойынша синквейнді ұсыныңыз, сонда сіз жаңа материалды қабылдау деңгейін көре аласыз.
Тақырыпты оқу аяқталды. Білімгерлердің мықты білімін, білім сапасын, білімнің тереңдігін қорытынды бақылау жұмысы, сұрау көрсетеді. Сонымен қатар бұл кезеңге синквейн көп көмегін көрсетеді. Қаншалықты білімді емес, қаншалықты түсінгенін бағалау ұғымына синквейн лайыкты.
Ағылшын тілінде синквейн оқыту міндеттерін шешуге көмектеседі. Бұл әдістің мүмкіншілігіне қарай бірнеше түрін көрсетейік.
1. Синквейн бұл сабақ тақырыбының қойылу амалы. Сабақтың басында білімгерлер алғашқы қатарда сөз жазылмаған, көрсетілмеген, бірақ төрт қатары жазылған синквейнді көреді. Көрсетілген 4 қатардың мазмұны бойынша синквейн, сабақтың тақырыбын қалыптастыра алады.
Мысалы: Тақырып: «Hobby». «Хобби»
1. (Hobby)- (Хобби)
2. Interesting, popular, favourite – қызықты, атақты, сүйікті
3. To collect, to play, to read – жинады, ойнады, оқыды.
4. Tastes, differ – дәм, ерекшелену
5. Free time – бос уақыт
2. Мәтін бойынша қорытындылау синквейні. Бұл жұптық жұмысты ұйымдастыруда ең тиімді. Әр жұпқа синквейн құруға 3-4 минут беріледі, сонан кейін нақты бір синквейнге топтастыру арқылы бірнеше дайын болған тапсырмаларды талқылау жасалынады. Ақырында қорытынды варианты, оқылған мәтін бойынша түсінік айту үшін тірек түрінде қолданылады.
Мысалы:Тақырып:«The Great Fire of London» «Лодонның ұлы оты»
1. (Fire)– ( От)
2. Great, strong – ұлы, күшті
3. Burn, start, build – өртеді, бастады, салып бітірді.
4. 2nd September 1666. – 1666 ж. 2 қазан
5. Baker – наубайшы
3. Синквейн үй тапсырмасын түсіндіру үшін қолданылады. Бұл жерде жұмысты былайша ұйымдастыруға болады: бір білімгер мәтін бойынша үй тапсырмасын орындаса, қалғандары тақырып бойынша синквейн құрайды.
Синквейн бойынша өлең жолдары құрылу үшін, тақырыпты толық түсінуді қажет етеді.
4. Синквейн қайта оқылатын лексиканы бекітуде қолданылады. Білім алушыларға сабақ соңында тақырып бойынша қандай да бір жаңа лексиканың оқылғанын еске алу ұсынылады. Тағы да, жасалынған жұмысты тақырып бойынша қысқа әңгіме құру үшін қолдануға болады.
Мысалы: Тақырып: «Earthquake» «Жер сілкінісі»
1.(Earthquake)- (Жер сілкінісі)
2.Violent, destructive – күшті, қиратылған.
3. Damage, destroy, break – бұзады, қиратады, сындырады
4. It may be awful – он бывает ужасной
5. Disaster – табиғи апат
5. Синквейн қайталау сабағында –ойын түрінде. Жұмыс принципы дәл сабақ тақырыбының қойылу амалы сияқты, тек төрт қатарды (бірінші қатарсыз) білімгерлердің өздері айтады. Сонымен қатар жеке және топтық «жұмбақ» өткізуге болады.
Мысалы: Тақырып: «Hobbies».
1.(Reading)-(Оқу)
2. Interesting – қызықтырады
3. To read, to devour, to sit – оқу, жеу, отыру
4. Choose a book as you choose a friend – дос таңдағандай, кітап таңдау
5. Books – кітап
1.(Doing sports)- (Спорт түрлері)
2. Extreme, individual – экстрим, дербес
3.Toplay, toswim, toskate – ойнау, плавать, кататься на коньках
4. A sound mind in a sound body – дені саудың жаны сау
5. Activity – белсенді
1. (Watching films)-(Фильм көру)
2. Funny, interesting – көңілді, қызықты
3.To laugh, to relax, to enjoy – күлу, босаңсу, рахаттану
4.They are worth seeing – бұны көруге тұрарлық
5. Cinema – кино
Синквейн — сын тұрғысынан ойлау технологиясының тәсілі, яғни нақты бір тақырып бойынша оқу материалын бірнеше сөздермен баяндау және оны терең ұғынуға жету. Бұл тәсілді барлық пән бойынша қолдануға болады. Сонымен қатар, мәтінді өз ойын қысқа, нақты және дәл, тура сөздерді қолдану арқылы түсіндіруге үйретеді. Синквейн сөз қорын байытады, қысқа түсінік айтуға дайындайды, идеяны тұжырымдауға үйретеді (сөз тізбегінің көзін)
Қорыта келгенде, тағы да айта кететін жай, синквейн – қайталау үшін түрі қарапайым болғанымен шапшаң, бірақ күшті құрал. Ақпаратты түйіндеу, күрделі идеяны, сезімді баяндау және бірнеше сөзбен көрсету оңай емес.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика