АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН ДАМЫТУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕГІ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

Халықова Гаухар Алтаевна

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН ДАМЫТУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕГІ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
Қазақстан Республикасында білім берудің 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «… білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу қажет … оқу процесінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі …» делінген.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық-коммуникац
иялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру көздейді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін студенттердің шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды д�
�муды қалыптастырудың бір жолы. Қазіргі уақытта математика-информатика пәндері бойынша білім беруде интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, студенттің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
-ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, студенттің қабілетін дамыту;
-«ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын дайындау;
-берілетін оқу материалының көлемін студент меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
-зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқытушы мен студентті маңызды кәсіптік және анықтамалық ақпараттармен қамтамасыз етеді, кейде тіпті арнаулы сала кітапханасының орнын да ауыстыра алады, уақытын үнемдейді, шығармашылыққа жол ашады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып интерактивтік сабақтарда оқытушы ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде болып, студенттің белсенділігі арта түседі. Мұндай сабақтарда оқытушы жұмысқа тікелей қатысқанымен, өз мүмкіндігін шектеп, студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Интерактивті оқыту: жеке студенттермен жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Өйткені, интерактивтік оқытудың басты мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау.
Оқытушының интерактивті сабақтағы әрекет жүйесін бес сатуға бөлуге болады: 1) мақсат қою; 2) жұмысты жоспарлау; 3) тапсырманы бөлу; 4) студенттер әрекетін бақылау; 5) бағалау.
Айталық, СП-11 тобында «MS Excel бағдарламасы, мақсаты, міндеті, терезесі, элементтері» тақырыбы бойынша өткізілген сабақта мен осы әрекет жүйесімен жұмыс жасадым. Сабақтың мақсатын келесідей қойдым: Студенттерге MS Excel бағдарламасы, оның мақсаты мен міндеті, терезесі мен элементтері жөнінде түсінік беріп, бағдарламада жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, осы бағдарламада жұмыс жасау іскерліктерін, қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, іскерлікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жұмысты жоспарлауға келсем, 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Өткен сабақты еске түсіру (MS Word бағдарламасында кесте құру). 3. Жаңа сабақты түсіндіру. 4.Жаңа сабақты бекіту (Практикалық жұмыс). 5.Өздік жұмыс (тест) 6. Сабақты қорытындылау.
Тапсырмаларды бөлуге тоқталсам, жаңа сабақ бойынша практикалық жұмыс пен өздік жұмыс бердім. Практикалық жұмыс бойынша студенттер мәліметтері әртүрлі екі кесте құрды. Ал, өздік жұмыс 2 нұсқадан және 15 сұрақтан тест түрінде берілді.
Студенттердің әрекетін әр тапсырманы орындауының тиянақтылығына, дұрыстығына, бірізділігіне қарай бақылау жасадым. Олардың әрекеттерін бақылау арқылы тиісті бағаларын қойдым.
2009 жылдан бастап колледж интерактивті тақталар және басқа да интерактивтік құрылғылармен жабдықталды. Қазіргі таңда колледжде 5 интерактивті тақта бар. Интерактивті тақталар – мультимедиялық материалдармен үлкен экран арқылы жұмыс істей отырып, компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Сыныптағы студенттердің барлығы көріп, жұмыс істей алатын тақта, студент пен мұғалімнің ара-қатынасын басқа, жоғары деңгейде шығарады.
Интерактивті тақта материалды белсенді түсіндіруге, ерекшелеуге, түзетуге және қосымша мәліметті енгізуге мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге студентті оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұғалім үшін сабақтарда қолданылатын кесіндер мен бейне т.б.материалдар ресурстары өте кең.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану студент назарын видео, электрондық оқу құралы және ойын бағдарламаларына аудару арқылы шығармашылық іскерлігінің дамуына сонымен қатар сабаққа деген ынтасын арттырады.
Мен өзімнің сабақтарымда күнделікті түрде интерактивті тақтаны пайдаланамын. Әсіресе, MS Word, MS Excel, MS Power Point, MS Access бағдарламаларында практикалық жұмыс жасау кезінде студенттердің шығармашылық қызығушылығын арттыру мақсатында тақтаны қолданамын.
Мен информатика сабақтарында студенттердің шығармашылық іскерлігін дамытатын әртүрлі жұмыстар беруге тырысамын:
-есептерді студенттердің өздерінің құруы (MS Excel бағдарламасында функцияның графигін құру) ;
-кері есептерді құрастыру (Берілген мәліметтердің қосындысын, ең максимум, минимал элементін табу);
-шығармашылық есептер (Мәліметтерді сүзгілеу, сұрыптау);
-электрондық оқулықтар құрастыру (Мыс. Информатика пәні бойынша оқулық);
-«Ең жақсы сурет», «Информатика терминдерінің сөздігі», «Ең жақсы көрме», «Ең жақсы жарнама» сияқты конкурстар;
-реферат;
-баяндама;
-тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру;
-информатикадан ребурстар шешу;
-пән бойынша білімдерін тексеруге арналған тесттер құрастыру;
-әртүрлі жобалар.
Іскерліктің шығармашылық сипатын әрбір студенттің тапсырманы орындау барысын бақылау процесінде келесідей әрекеттерден анықтаймын:
-студенттің мотивациялау деңгейі;
-есепті шешудің оригиналдығы;
-шығармашылық фантазиясы;
-безендіру оригиналдығы;
-пәнаралық байланысты қолдану деңгейі;
-өзінің іс-әрекеттерін талдай білу, қолданған әдіс-тәсілдері мен қорытынды бағаларын табу іскерлігі.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларда орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Ақпараттық-коммуникациялық технология қызметінің құралы ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол студенттің іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер – студент білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология – білім, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы. Оқытушы жұмысы практикада студент білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді
. Тест көзі мультимедиа –компакт дискілер немесе интернет желісі болуы мұмкін. Бұдан басқа да, тест генераторлары деп аталатын тестілеуші бағдарламалар құруға болатын арнайы компьютер бағдарламалары (қосымшалар) бар. Бұл жағдайда оқытушы тестің сұрақтарын және барысын өздігінен таңдап алады.
Қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады. Мысалы, МК-32 тобында «MS Power Point бағдарламасында көрме құру» тақырыбы бойынша өткізілген сабақта әртүрлі дыбыстық, яғни музыкалық файлды немесе қандай да бір бейнефрагментті (бейне файлды) кірістіріп, көрме жасауды көрсеттім. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрде айналдырылған.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану студентке ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, студент кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл-ойын пайдалануға, кез-келген сұрақ қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген көзқарас қалыптастырады.
Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру үрдісінде студенттің қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, және студенттің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол студенттерді даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.
Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технология аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен студенттерге өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді.
Ақпараттандыру құралдарының қолданылуы оқытушы еңбегінің жемістілігіне, сонымен қатар студентке де тиімді, өйткені:
-информатика сабақтарындағы ақпараттық технологиялардың қолданылуы студенттердің алған білімдерін қорытындылау және бекіту сапасын жоғарылатады;
-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану студенттің зерттеу жұмыстарын орындауда, мультимедиа презентациялары бар жобаларды құруда және тағы басқа да жұмыстар орындауда мүмкіндіктерін ашады;
-аудио құралдармен интерактивті тақтаны қолдану сабақтың көрнекілігін, түсініктілігін және жаңа тақырыпты түсіндірудің жүйелілігін іске асыруға мүмкіндік береді.
Студенттердің информатика пәніне деген қызығушылығын ескере отырып, келесідей міндеттерді ұстану қажет:
1.Информатика пәніне деген қызығушылығын ояту және дамыту. Бағдарламалық материал бойынша білімді кеңейту және тереңдету.
2.Студенттердің қабілетін дамыту және оларға ғылыми зерттеушілік сипаттағы белгілі бір дағдыларға баулу. Ойлау мәдениетіне тәрбиелеу.
3.Компьютерлік сауаттылығын арттыру. Интернетпен жұмыс істеуді меңгерту.
4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қыр-сырын толық меңгертуге үйрету.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, студенттердің оқуға деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттырып, заман талабына сай білім алуларына жол ашарымыз анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Башмаков М.И., Поздняков С.Н., Резник Н.А. «Процесс обучения в информационной среде //Школьные технологии, 2000, №3.
2. Бакмагамбетова С. Ж. Интерактивная доска — революция в интерактивном преподавании в классе // Педагогический совет, с. 24, № 3, 2009.
3. Сарсенбаева К. К. Особенности использования интерактивных технических средств в процессе обучения // Ключ знаний, 28, № 4, 2009.
4.Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб.пособие для студентов пед.вузов и системы повыш. квалиф. пед.кадров/Е.С.Полат и др.издат.центр «Академия», 2005
5. Понюкова С.В. учебник «Использование ИКТ в образовании» Москва, Изд.центр «Академия» -2010г.
6. Андреев А.А. Компьютерные и телекоммуникационные технологии в сфере образования. //Школьние технологии, 2001, №3.
.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған