Балалар аналарына күніне 300 сұрақ қояды

Балалар аналарына күніне 300 сұрақ қояды
 Ғалымдар кішкентай балалар өз аналарына орташа есеппен қанша сұрақ қоятынын есептеп шығарды.Интернет БАҚ-тардың хабарлауынша, төрт жасар қыз күніне 390 сұрақ қояды екен. Орташа есеппен алғанда бала сергек жүргенде 1 минут 56 секунд сайын бір сұрақты анасына арнап отырады.

Ғалымдар 2-10 жас аралығындағы балалары бар 1 мың ананы сауалнамамен қамтыған. Оларды баламен үйде өткізген бір күннің барысы қызықтырды.

Балалар сұрақты көбінесе тамақ ішу кезінде (11 сұрақ), кейін дүкенге барар жолда (10 сұрақ) қоятын көрінеді.

Бір қызығы, өрендердің 82 пайызы сұрақ қою үшін ең алдымен, анасына барады екен. Жеткіншектердің 24 пайызының бұлай істеуінің себебіне тоқталатын болсақ, сұраққа жауап беруге әкелері оларды бәрібір  аналарына жіберетінін әбден біліп алған.

Әйелдер жылына баланың 105 мың 120 сұрағына жауап қайтаратын болып шықты.

 

Дереккөз:  http://inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *