Балалар майтабан ауруында массаж және гимнастика

ЖШС «Мейірбике» колледжі

 Шығармашылық тақырып:

Балалар майтабан ауруында массаж және гимнастика

Орындаған : Каюмова Д.

 

I .Жоспары:

 

  • Менің педагогикалық ұстанымым
  • Мұғалімнің аты- жөні
  • Шығармашылық тақырыбым
  • Тақырыптың өзектілігі
  • Тақырыбымның мақсаты
  • Тақырыбымның міндеті:
  • Оқушының іс-әрекеті:
  • Мұғалімнің іс-әрекеті
  • Мұғалім үшін нәтижелері:

 

 II.Қорытынды

 

 

Шығармашылық есебім

 

«Менің педагогикалық ұстанымым»

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жасұрпақтың қолында,  ал жасұрпақтың тағдыры  –  ұстаздардың қолында»Н.Ә. Назарбаев.

 

Мен Каюмова Дана Камиловна  2017 жылдын қыркүйек айынан бастап Ақтау қаласы «Мейірбике» медициналық колледжде арнайы пәндер мамандығы бойынша қызмет атқарып келемін.Бүгінгі күні өзім жұмыс жасайтын  ұжымнан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім.

 

Тақырыптың өзектілігі-«Адамның денсаулығы – қоғам байлығы».Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі,  көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауда.

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Денсаулық – бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі.

 

Мақсаты–Қазіргі заманда белен алып бара жатырған майтабан ауруының алдын алу жұмыстарының маңыздылығын ескере отырып студенттерге жеткізу. Мақсатқа жету үшін ауруды уйрену,массаж және гимнастиканы қолдану,массаждың негізгі тәсілдерін, техникасын игеру, практикада қолдана білу;білім стандартына сай жетік білім алуын қамтамасыз ету.

 

Міндеті:

Талдау жүргізу кезінде төмендегідей тақырыптарды толыққанды зерттеу:

– Майтабандылықтың пайда болуын  және түрлерін анықтау;

– Жас ата-аналармен студенттерге түсінік жүргізу;

– Үй жағдайында байқауды уйрету;

– Үй жаттығуларымен және массажбен емдеу әдісін уйрету.

 

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде әрбір ұстаз өз білімін терең меңгеруі тиіс . Оқушыларға терең, тиянақты білім беруде , олардың шығармашылық ойлау қабілетін, танымдық ізденісін дамытуда , берілетін білім негіздерінің нақтылығын арттыруда шығармашылықпен жұмыс істеудің маңызы зор.

 

Әр пән иесі ізденімпаздықпен қатар шығармашылықпен жұмыс істеу өз білімін тереңдету болып табылады. Жаңа пед технологияны жан –жақты сабақта үнемі пайдалану . Көрнекілікті талапқа сай пайдалана отырып , уақытты тиімді пайдалану. Озат іс-тәжірибелерді саралай отырып өз пәнінде керекті жерлерін тиімді пайдалану. Сонымен қатар білім жетілдіру курстарынан өтіп білімін көтеріп отыру. Оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында өребәйгелерге , танымдық ойындарға үнемі қатыстырып отыру.

Массаж пәні – болашақ мамандарды массаж тәсілдерін дұрыс қолдану арқылы жаттығушының денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттырып, белсенді ұзақ өмір сүруіне бағытталған жағдайлар жасап және осы дағдыларды қалыптастыру.

Қазіргі кезде, жас адамдардың екінің бірі созылмалы аурулармен ауырады. Бұрын мемлекетіміз бізді спортпен шұғылдану үшін жағдай жасайтын. Ал, қазір? Ұлттың денсаулығына кім жауапты?

Шынымен де, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру біздің қоғамның ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Ғалымдар мен дәрігерлер дабыл қағады. Бірақ, сонда да, үрейге кетпеу керек.

Денсаулық экономикалық және саяси мүдделерінен жоғары есептеледі. Әрине, ұлттың денсаулық мәселесі мемлекет өкілдерін де толғандырады. Қазақстанның көптеген қалаларында сауықтыру ісіне шындап кірісті.

Мекенжайы бойынша қолайлы спорттық клубтар мен секциялардың саны көбейіп жатыр, жаңадан ашылып, ескірген спорттық алаңдар, бассейндер жөнделіп жатыр.

Бірақ, денсаулық – бұл дене шынықтыру және спорт ғана емес, бұл дұрыс әрі теңдестірілген тамақтану.

Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам болып табылады.

Майтабандылық кесірінен адамның жүрісі бұзылады, адам денсаулығы, жүрісі немесе бір жері кемістеу болса өмірге деген құлшынысы және көзқарасы өзгереді. Қоғам жекелеген адамдардан құралмайма?! Жеке адамның теріс көзқарасынан қоғамның өзгеруі әбден мүмкін. Ендеше майтабандылық дерті қоғамның өзгеруіне тікелей байланысты.

Тақырыптың өзектілігі бұл тұрғыдан да айқын көрінеді. Майтабандылық ауруы қоғамның дамуына үлкен кері әсерін тигізіп жатыр. Сондықтан осы ауру түрін зерттеу мен үшін айқындау және оның ең қолайлы емін табу қоғам үшін маңызды болып отыр.

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен.

Бұл аяқтың амортизациялық қабілетін нашарлатады. Аяқ тез шаршап, табанда ауырсынулар байқалады.

Оқушының іс-әрекеті:

Майтабандықты емдеу:

Бұл ауруды емдеудің негізігі мақсаттары: табандағы ауырсынуларды жою, аяқтың бұлшықеттері мен сіңірлерін күшейту және табанның қызметін қалпына келтіру. Майтабанды емдеудің негізгі екі әдісі бар: хирургиялық жолмен (операция) және керітартпа жолмен.

Керітартпа жолмен емделу тәсілі:

гимнастиканы, массаж, аяқ ванналары, физиотерапия, дұрыс ортопедиялық жолмен жасалған аяқ киім немесе ұлтарақ кию.Балалардағы майтабандықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар,гимнастика және массаждың орны ерекше.

Осы такырып бойынша үйірме жұмыстары алып барылды.

Үйірме  мүшелеріне  жыл  сайын колледжде  өткізілетін  ғылыми-практикалық  конференцияның мақсаттары  мен  міндеттерін  түсіндіріп,Ғылыми-практикалық  конференцияға  қатысатын  студентті белгіледім, тақырып  таңдап зерттеу жұмыстарын алып бардық.

-массаждың организмге әсер ету механизмі (буклет)

-Ғылыми жұмыстану бағытында рефераттар, баяндамалар, дайындау, үйірме отырыстарын талқылау.

-Массаж жасау техникасы(пікірталас)

-майтабанда қолданылатын бірнеше кілемшелер жасалды

-уйірме стенды жасалып , уйірме мүшелері тіркелу

Секілді жұмыстар жасалды

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқу үлгерімінің сапасын арттыру мақсатында шығармашылық шеберлікті тиімді пайдалану , ,ғылымы жобаларға қатысу ,конференцияцыяларда  өз баяндамасын ұсыну болып табылады. Шығармашылық жұмыспен айналысу , күнделікті ізденімпаздықты іс жүзіне асыра білсек , биік мәжеге жетеріміз сөзсіз .

 

Мұғалім үшін нәтижелері:

Сол қатары массаж пәніндеде студенттер өз біліктілігін арттыру мақсатында , Ғылыми жобаларға катыса отырып быр неше жетыстыктерге қол жеткізді.Өзім сабақ беретін оқушыларым соңғы 1-жылда дарынды оқушыларды анықтау мақсатында аудандық КҒА қатысты;

1) 2017-жыл ҚР КҒА-ның I колледж ішілік ғылымы-тәжрібелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны ұшын дипломмен(Қойшыбекова A)

2) 2017-жыл ҚР КҒА-ның I колледж ішілік ғылымы-тәжрібелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны ұшын дипломмен(Алпанова Т)

3)  2018-жыл ҚР КҒА-ның «Елемен елдің Елордасы» атты ХVIII-ші Облыстық ғылымы-тәжрібелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны ұшын сертификатпен(Қойшыбекова A)

4)  2018-жыл ҚР КҒА-ның «Елемен елдің Елордасы» атты ХVIII-ші Облыстық ғылымы-тәжрібелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны ұшын сертификатпен(Алпанова Т)

5) 2018-жыл ҚР КҒА-ның «Елемен елдің Елордасы» атты ХVIII-ші Облыстық ғылымы-тәжрібелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны ұшын сертификатпен(Жаналхан К)

6) 2018-жыл ҚР КҒА-ның «Елемен елдің Елордасы» атты ХVIII-ші Облыстық ғылымы-тәжрібелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны ұшын сертификатпен(Жалилова А)

марапатталды.

 

 

ІІІ. Қорытынды

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Мен де жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесінен үйреніп, өз сабақтарымда қолдануды көздеп, сын тұрғысынан ойлау технологиялсының элементтерін сабақтың мазмұнына сай пайдаланып откымкеледі. Сөзі шешен, ойы орамды, қиялы жүйрік , салмақты оқытушы болүға тырысамын. Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарына катысып былымды дамытқым келеді.

Болашақта  күшті жағымды әрі қарай дамытып, әлсіз жағыммен күресіп, студенттер психологымен бірігіп жұмыс жасауым керек деген ой түйдім. Қолдан келетін мүмкіндікті қалт жібермей күнделікті қолданып отыру, жалқаулыққа салынбай, ерінбей еңбек ету. Өз бойымдағы кері әсерлерді жойып, алға ұмтылу.

Материалдың презентациясы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика