БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ.

БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ.

 Кәсіби білім беру — өнеркәсіпғылымтехника және мәдениеттің әртүрлі салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау.  Кадрларды кәсіптік қайта даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы болып табылатын мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау,  қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждерде  жүзеге  асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті жұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) қайта даярлауға бағытталған.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 – қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі жолдауында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.» деген болатын.  Себебі, мемлекетіміз үшін әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуда   жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру, адам капиталы, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқаты ерекше маңызды. Мемлекет басшысы баса назар аударып отырған  баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы үкіметтің қаулысымен жылдам қолға алынып, ол үшін жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастары­мыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, техноло­гияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс.  Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамта­масыз етуіміз керек. Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп  көрсетілген болатын.

Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру – бұл азаматтардың қайта білім алуы мен тегін оқу курсынан өтіп, өз кәсібін бастауға жол бастайтын үлкен мүмкіндік. Осы ретте аудан орталығындағы іргелі білім ордасы, кәсіптік-техникалық білім берудің қара шаңырағы, жарты ғасырдан астам тарихы бар оқу орны – Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі де мемлекет басшының нәтижелі саясатын іске асыруда ауқымды жұмыстарды орындауда. Сөзіміздің дәлелі, биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап 1201000- Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жәндеу және пайдалану, «1504000 — Ферма шаруашылығы» мамандықтары бойынша «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы  аясында 50 студент қабылданды. Білім алушы студенттер қазіргі уақытта колледждің материалдық-техникалық базасын, инженер-педагогтар әлеуетін  тиімді пайдалана отырып, білім стандарттарына сәйкес сапалы білім алуда.

Өткен жылы Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары  бөлімі мен  Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік тапсырысы негізінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту» бағдарламасы бойынша көптеген азаматтар Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде  қысқа мерзімді курсын оқып, қайта кәсіптік даярлаудан өткен болатын. Бағдарлама бойынша білім алушылар «Ауыл шаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері», «Дәнекерлеу ісі», «Аспазшы», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша өз білімдерін жетілдіріп, кәсіп ашуға ынталанды.

Кәсіптік-техникалық білім беру сала­сына, яғни колледждерге айрықша маңыз берілу себебі, кәсіпорындардың сұра­нысына ие жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар арнайы дайын­да­лады. Білім ордасынан алып щыққан білімдерін өндірістің әр алуын салаларында шыңдайтын жастар, өндіріс орнының табысты еңбек етуінен әсер етуші фактор. Олардың арасында құрылыс, ауыл шаруашылығы техникасы, темір жол, байланыс, көлік және коммуни­кация мамандарын әзірлейтіндер бар. Бұл – өмір жолын жаңа бастаған жастардың белгілі бір мамандық иесі атануы үшін игілікті іс атқарылып жатқанының дәлелі. Бір құптарлығы, кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру ісі әлеметтік серіктестіктермен мен жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүргізілуде. Сөзіміздің тағы бір дәлелі, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Ферма шаруашылығы» мамандығы бойынша «Дуальды оқыту технологиясы» негізінде білім беру тәжірибеге енгізілген.

Елбасы­ның арнайы тапсырмасымен қайта құрыла бастаған әлемдік деңгейдегі колледждер техникалық және кәсіптік білімді бас­қа­рудың жаңа жүйесін қалыптастырса, кә­сіптік лицейлерді әлемдік тәжірибеге сәй­кес колледжге айналдыру жұ­мыстары да толық жүзеге асы­рылды. Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын одан әрі жалғасыру туралы үстіміздегі жылдың 10 – қаңтарындағы «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында да айтылған болатын. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес қарымды қызметтер мен табысты жұмыстар атқару басты міндет. Алдағы уақыттар еншісінде де кәсіби маман даярлау мен бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім» жобасы жалғасын таба түседі деп сенеміз.

Азиз ДҮКЕНБАЙҰЛЫ,

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқу шебері,

«Қазақстан Ұстаздары» қоғамының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *