Бақытты балалық шақ

Алматы облысы,  Қарасай ауданы,   Береке ауылы

«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталықпен» КММ

6б сынып оқушысы   Нұрылла Мағжан

Бақытты балалық шақ

«Бақыт» ұғымын түсінген адам ғана бақытты бола алады. Жәй ғана өмір сүру, деніңнің сау болуы, ата-анаңның қасыңда тең жүруі, тағысын тағылардың «Бақыт» екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Бақытты байлықпен шатастырып жататындар да аз емес. Іштарлық, көреалмаушылық- бақыттың жауы.Оларға айтарым: Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер    әрбір әрекетімізге , барымызға қанағат етіп отырсақ бақыттың қаншалықты жақын екенін сезінесің.

«Қанағат қарын тойғызады»-дейді халық даналығы. Ендеше, әр ісіміз бен күнімізге шүкіршілік етіп отырсақ бақыттың баспалдағы содан басталатыны хаһ.

Мен қарапайым отбасында дүниеге келіп, қарапайым тіршілік кешсемде өзімді ешбір жаннан кем көрген емеспін. Ия, өзге балалардан еш артық, не кем жерім жоқ. Менің байлығым –отбасым. Мен үшін отбасымның амандығы, ауызбірлігі бәрінен артық. Ата-анам мен бауырларымның жанында өткізген әрбір сәттің құндылығын түсінемін. Мұны маған  әкем  түсіндірді.

Бірде теледидардан ата-анасынан айрылып, жетімдіктің ащы дәмін татқан ағайынды  Максим мен Кирилді көрсетті. Кіп-кішкентай балалардың тағдыры өте ауыр екен. Басында ештеңенің байыбына бара алмай отырдым. Әкеме көп сұрақ қойсам керек. Әкем мені бала демей, көп нәрсені түсіндірді. Барыңды бағалай білуді, азға қанағат ету,бүгінгі өміріңе шүкіршілік ету керек екенін түсіндірді. Адам жалғыз өзі ешқашан бақытты болмайтынын, бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек екенін. Біздің бақытымыз өзгелерге сәулесін шаша білсе, нағыз бақытқа айналатынын, өмірдің мәні  де сонда екенін ұғындырды. Мен бақытты баламын және бақытты балалық шағымның тәуелсіз, бейбіт елде өткеніне өте қуаныштымын. Осындай бейбіт заманға жеткізген қаһарман ата-апаларымызға күніге мың тағзым етсекте көптік етпейді. Сол қаһармандардың арқасында алаңсыз асыр салып күліп- ойнап, білім алып жайбарақат күн кешудеміз. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», ендеше сонша құрбандықпен келген бейбіт өмірде біз  бақытты болуға, соны қадірлей білуге міндеттіміз.

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Нуғыманова Гулжайна Атабайқызы

 

ақ

1 пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика