Белгілі зат мөлшері бойынша атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу; химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын есептеу.

Булатова Тазагуль Кадыровна

Тақырыбы:Сандық есептер:Белгілі зат мөлшері бойынша атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу; химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын есептеу.
Мақсаты:
-сандық есептерді шығару барысында білімдерін кеңейту;
-әрбір есепті шығара отырып, басты ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру;
— есептерді шығару барысында жіберілген қателіктерді табу арқылы қайта өңдеп, өзіндік баға беру.
Қолданылған модульдер:«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».
Әдіс-тәсілдер:«Сәлемдесу»,«Жұлдызша арқылы шаттық шеңбер»,«Миға шабуыл»,«Фишбоун»,«Қосу, алу, қызықты»
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар:

10 Кіріспе
«Сәлемдесу» әдісі
Мақсаты: сыныпта психологиялық жағымды ахуал тудыру.
«Жұлдызша арқылы шаттық шеңбер» әдісі
Мақсаты: сұрақ қою арқылы, үй жұмысына кері байланыс жасау.
Топқа біріктіру. «Сәлемдесу» әдісі
бойынша сынып оқушыларының бір-бірлеріне психологиялық жағымды ахуал тудыру;

«Шаттық шеңбер» арқылы үй жұмыстарына кері байланыс жасауларын бақылау арқылы формативті бағалау.

Топқа біріктіру мақсатында оқушылар ұжымдасып, бірлесе жұмыс істеуге баулу. Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіре отыра, сенімді қарым-қатынасты орнатады;
Оқушылар топпен жұмыс істеулеріне дағдыланады.
Оқушылар үй жұмысын қайталау мақсатында бір-бірімен диалогтық қарым- қатынасқа түседі. Сол арқылы білімдерін қорытады.

Топ ережесін құру арқылы оқушылар әрбір топ мүшелерінің пікірі құнды екеніне үйренеді. Қалыптастырушы бағалау: «Тамаша!»
Сәлемдесу парақшалары, жұлдызша

5 Тұсаукесер
«Миға шабуыл» стратегиясы
Мақсаты: жаңа тақырыпты ашуға ой туғызу.
«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша жаңа тақырыпты ашу үшін төмендегі сұрақты ортаға салу «Оқушылар г,кг,т. ненің өлшем бірлігі? Зат мөлшерін, массаны, бөлшек саның табу формулалары қандай?» сұрақтарын талқылай отырып, «Ал, оқушылар сіздер қалай ойлайсыздар бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ? », «Бүгінгі сабақта не білгілеріңіз келеді?» сұрақ арқылы тақырыптың мақсатын ашу. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар қою арқылы сын тұрғысынан ойлануға мүмкіншілік етеді. Яғни, сонымен қатар «не білгілері келетіндері» арқылы сабақтың мақсатын қоя білуге дағдыланады. Қалыптастырушы бағалау:
смайликтер
Таңбалар жазылған таратпа қағаздар

20

Негізгі бөлім
«Фишбоун» әдісі
Мақсаты: таратпа қағаздағы есептерді шығару арқылы, талқылау, талдау жасау. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушылардың бірлесе жұмыс істеулерін бақылау және бағыт бағдар беру, әрі ынталандыру.

сандық есептерді шығару барысында білімдерін кеңейту;
әрбір есепті шығара отырып, басты ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру; қалыптастырушы бағалау:
«Жарайсың!»

флипчарт, ватман, маркер,
таратпа материалдар
10

Қорытынды
Рефлексия
«Қосу, алу, қызықты» әдісі
Мақсаты: игерген білімге кері байланыс жасау Оқушылар күні бойғы істеген іс-әрекеттеріне жауап беру мақсатында өзін-өзі бағалау мен өзгені шыңайы бағалауға тарту. есептерді шығару барысында жіберілген қателіктерді табу арқылы қайта өңдеп, өзіндік баға беру.
Формативті қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам»
Жиынтық бағалау. стикер[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *