Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

 

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 1 «А»

Мектеп: Алматы қаласы. Әуезов ауданы.

№72 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Базилова Фарида Жамиевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.1. Белгісіз азайтқышты табу туралы ережені қолданып, белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру. Осындай теңдеуді шешу алгаритмін құрау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;

 

Көптеген оқушылар: қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектер қолданады; есепті сурет, сызба түрінде модельдейді

 

Кейбір оқушылар: қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады; кері есеп құрастырады және шығарады

Жетістік критерийлері Өрнек компоненттерін ажыратады.

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді сандық сәуленің көмегімен шешеді.

Есептен теңдеу құрастырады және оны шешеді.

Тілдік мақсаттар

 

«Сөздер тақтасына» көңіл бөліп, өткен сабақтағы тірек сөздерді дұрыс айтып, қайталайды және компонентердің атауларын атайды  (8-х=5)
Құндылықтарды дарыту

 

 

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу
Пәнаралық байланыстар  Музыка, Жаратылыстану
Ресурстар АКТ, суреттер, оқулық, сандық сәуле, сандық калейдоскоп
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Психологиялық дайындық:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Табыс тілеп тек қана

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз

Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендету

Топқа бөлу

 

АКТ
Сабақтың ортасы

 

«Ой шақыру» сатысы арқылы алдыңғы сабақты естеріне түсіру

Слайд арқылы теңдеуді талдау (сурет арқылы теңдеу құрастыру және талдау)

-Теңдеудегі белгісіз  азайтқышты табу үшін не істейміз?(белгісіз азайтқышты табу үшін, азайғыштан айырманы азайтамыз. Осы теңдеуді түсіндіре отырып шығарып жіберу)

1. Оқулықпен жұмыс

Ойлан-жұптас-топтас

а) Сандық сәуленің көмегімен теңдеулерді шешу (теңдеулерді топқа бөліп беру)

І     топ:     9-а=4

ІІ   топ:    13-в =10

ІІІ  топ:    20-с=12

І V  топ:   9-d=8

V   топ:   17-а =12

 

ә) Есептен теңдеу құрастыру:

І     топ:  Теңдеу құрастыр және оны шығар:

Бөшкеде 40 литр су бар еді. Гүлдерді суарғаннан кейін бөшкеде 10 литр су қалды. Гүлдерді суаруға қанша литр су кетті?

ІІ   топ:  Есепті шығар:

  Бөшкеде 40 литр су бар еді. Гүлдерді суарғаннан кейін бөшкеде 10 литр су қалды. Гүлдерді суаруға қанша литр су кетті?

 

ІІІ  топ:  Азайту амалына теңдеу құрастыр және оны шеш:

Ілияста 7 кәмпит болған. Ол бірнеше кәмпитті жеді. Онда 5 кәмпит қалды. Ілияс неше кәмпит жеді?

І V  топ: Есеп шығар

 Ілияста 7 кәмпит болған. Ол бірнеше кәмпитті жеді. Онда 5 кәмпит қалды. Ілияс неше кәмпит жеді?

 

V   топ:  Мына теңдеу бойынша есеп құрастыр

18-х=12

 

2) Сергіту сәті

 

3) Дәптермен жұмыс

а) Қыздар және ұлдар тобына бөлу

(Ағашқа қыздарға алмадағы тапсырма; ұлдарға жапырақтағы тапсырма)

Теңдеуді оның жауабымен қос және теңдеуді шығар

ә)Сандық сәуленің көмегімен теңдеуді шешу

Өзіндік жұмыс. (жауаптарын тақтаға шығарып өздеріне тексерту)

«Сандық калейдоскоп» (әр топ 2 теңдеуден шығару)

 

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

АКТ
Сабақтың соңы Рефлексия

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, сабақтағы көңіл күйлеріне қарай желкенді (жасыл, сары, қызыл түске бояйды)

 
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау-оқушылардың материалды меңгерту деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Кейбір оқушылар: Алған білімді қолдана алады. Есептен теңдеу құрастыра алады. Теңдеуді шеше алады Мадақтау, «Үш шапалақ», «Басбармақ», «Екі жұлдыз бір тілек» әдістері арқылы бағалау Сергіту
Сабақ бойынша рефлексия

 

 
 
Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *