Бердібек Соқпақбаевтың «Түбі адам болатын бала»

berdibekШҚО . Зайсан ауданы
Қуаныш ауылы
А.Орманбетов атындағы шағын жинақты
негізгі орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қайсенова Раушан Куанышбековна
Сабақ тақырыбы:     Бердібек Соқпақбаевтың «Түбі адам болатын бала»
Сабақ мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
б) Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіптілікке,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап, пікірталас, топтап тапсырма беру
Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта (суретті топтама, арнайы дайынд. мәтіндер),
Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл
Сабақтың өтілу жоспары:
1. Менің  атым
2. Сұрақ-жауап
3. Бұл қай сәт?
4. Теріп алу стратегиясы
5. Ой тастау
6. Сэнкуэн әдісі
7.Үйге тапсырма
8. Бағалау

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
в) Кезекшілікті анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру:
Бердібек Соқпақбаевтың өмірі,шығармашылығы жайында сұрау
Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?

  • 2. Жазушының қандай шығармалары бар?

Қызметі:

Шығармалары:

Жетістіктері:

1. Ауыл мектебінде бала оқытқан

2. Алғашқы қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған жазушы «Пионер»  (қазіргі «Ақжелкен») журналында қызмет етті

3.«Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істейді

4. «Балдырған» журналында қызмет етті

5. Қазақстан Жазушылар одағында балалар  әдебиеті жөніндегі  әдеби кеңесші болады.

1. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған

2. Жиырмадан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынады

3. «Менің атым ‒ Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Он алты жасар чемпион», «Қайдасың», «Гауһар», «Аяжан», «Дала жұлдыздары», «Жексен ‒ жекеменшік» сурет кітапшасы жарық көреді

1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Францияда өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым ‒ Қожа» арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

‒ Балалар, жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын «Менің атым» деген мәселеге назар аударайықшы, жалпы «Ат қою дәстүрі» дегенді немесе өздеріңе берілген есімдер туралы не айтар едіңдер? (Бірнеше оқушы өзінің есімінің туу тарихымен таныстырады).
‒ Иә, балалар, осылайша ат қою дәстүрі сақталған ба? Ал Қожаның кезінде ырымшыл қазақ халқының шәлдехана тойында ат қою дәстүрі сақталыпты. «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген»,-дейді кейіпкер. Бұл кім балалар? (Ол ‒ Қожаберген).
Қосымша ақпарат: Балалар, алғашқыда автор Б.Соқпақбаев «Менің атым ‒ Қожа» повестін «Өзім туралы повесть» деп атаған екен. Себебі, повестегі барлық оқиға желісі Бердікбек Соқпақбаевтың өз өмірімен тікелей байланысты екен.

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау стратегиясы:

Тест сұрақтарына жауап беру
2. Сұрақ-жауап
2 топқа  ортақ қойылатын сұрақтар
Бұл қай сәт?
“Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім.
Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”
“Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”
“Маңдайдан буым бұрқырап,есік
алдына шықтым.  Сәйбек    көрінбейді.
Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”
Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”
Бұл кім?“Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.”
Бұл кім?
“ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,қаздиып тұр.”
Бұл кім? “Шыбыным,әйтеуір ешкімге  тимей,ұрынбай,жайыңа жүр.  Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
Бұл кім?       “ Жаңа оқытушы  бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:…”
Бұл кім?
“Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ  жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”
3.Бұл қай сәт?
«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.
4. Теріп алу стратегиясы
Қожаның мінезіндегі қасиеттеріді тақтаға жазу
Қожа
Ақылды Еліктегіш
Білімді Аңқау
Сезімтал                                                                         Өркөкірек
Ақ көңіл                                                                         Ерегеспе
Жаңалыққа жаны құмар Тұрақсыз

Оқулықпен жұмыс.
Кітаппен  кинодағы айырмашылықты табу

Тапсырма:

Топпен жұмыс
Соқпақбаев сөзінен бірнеше сөздер  шығару

5. Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
6. Сэнкуэн әдісі
5 жолды өлең шығару
Кім? ( зат есім) 1сөз
қандай? (сын есім) 2сөз
Қайтті? (етістік) 3сөз
Сөйлем (кім туралы) 4сөз
Қорытынды сөз   5сөз
Үйге тапсырма
“Бақытты балалық”
Ой толғау жазу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *