Биологоядан олимпиада тапсырмалары

Тапсырма 1. Тапсырмада 40 сұрақ бар, олардың әрбіреуіне 4 жауап нұсқасы ұсынылған. Әрбір сұраққа ең толық әрі дұрыс деп санаған тек бір ғана жауапты таңдаңыз. Таңдалған жауап индексінің жанына «+» белгісін қойыңыз. Өзгерткен жағдайда «+» белгісі қайта қойылуы қажет.

1. Дәндерде қор жинаушы қызметін атқаратын ұлпа:
а) жабын;
б) өткізгіш;
в) негізгі;
г) түзуші.
2. Өркеннің қосалқы бүршіктері орналасуы мүмкін:
а) жапырақта немесе жапырақ қолтығында;
б) жапырақта және буынаралығында;
в) жапырақта және өркеннің төбесінде;
г) өркеннің төбесінде және жапырақ қолтығында.
3. Металлургияда, пиротехника мен медицинада ертеректе споралары қолданылды:
а) папоротниктердің;
б) мүктердің;
в) қырықбуындардың;
г) плаундардың.
4. Піскен алманың үгілуі немен түсіндіріледі:
а) жасуша бөлігінің бұзылуымен;
б) пісу барысында жасуша аралықтарының пайда болуымен;
в) жасуша өсуінің тоқтауымен;
г) жасуша аралық заттың бұзылуымен.
5. Гельминттер деп аталады:
а) барлық құрттар;
б) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін барлық құрттар;
в) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін тек жалпақ құрттар;
г) адам мен жануар ағзасында тоғышарлық ететін тек жұмыр құрттар.
6. Былқылдақденелілерде қан зат алмасудың қалдық өнімдерінен тазарады:
а) жүректе;
б) бауырда;
в) бүйректе;
г) қарында.
7. Өрмекшітәрізділердің аяғының екінші жұбы:
а) антеннулалар;
б) мандибулалар;
в) хелицерлер;
г) педипальпалар.
8. Қандағы глюкозаның бауырдағы гликогенге айналуын ынталандыратын гормон:
а) адреналин;
б) глюкагон;
в) инсулин;
г) окситоцин.
9. Ішекқуыстыларда асқорыту қалдықтары не арқылы шығарылады:
а) несеп ағар арқылы;
б) дене тесіктері арқылы;
в) аналь тесігі арқылы;
г) ауыз қуысы арқылы.
10. Сиыр цепенінің жүйке жүйесі:
а) диффузды;
б) жүйке тізбегі түрінде;
в) жүйке бағаналарымен берілген;
г) жүйке түтігі түрінде.
11. Антиденелер түзіледі:
а) барлық лимфоциттермен;
б) Т-лимфоциттермен;
в) В-лимфоциттермен;
г) фагоциттермен.
12. Көз алмасында жарық оның келесі элементтері арқылы біртіндеп өтеді:
а) қасаң қабық – көз бұршағы — қарашық — алдыңғы камера – шыны тәрізді дене — торлы қабық;
б) қасаң қабық — алдыңғы камера — қарашық — көз бұршағы — шыны тәрізді дене – торлы қабық;
в) қасаң қабық — алдыңғы камера — көз бұршағы — қарашық — шыны тәрізді дене — торлы қабық;
г) қасаң қабық — қарашық — көз бұршағы — алдыңғы камера — шыны тәрізді дене — торлы қабық.
13. Сүтқоректілерде салатамыр қаны көтамырлар арқылы, ал көктамыр қаны салатамырлар арқылы ағады:

а) үлкен қанайналым шеңберінде

б) кіші қанайналым шеңберінде

в) бауырдың қақпа жүйесінде

г) экстрасистолалы қанайналымда, қан жүрек қарыншасынан құлақшаларға құйыла бастағанда.

14. Метаморфозбен даму тән:

а) құстарға

б) бауырымен жорғалаушыларға

в) сүтқоректілерге

г) қосмекенділерге

15. Қарапайымдылардың жиырылғыш вакуолі қамтамасыз етеді:

а) осмос қысымын реттеуді;

б) зат алмасу өнімдерін бөліп шығаруды;

в) тыныс алуды;

г) барлық үш қызметті де.

7. Суреттерге сәйкес келетін атауларды таңдаңыздар.

 

1.Қауырсынды – шеткі. 2. Доғалы. 3. Саусақ салалы – ілмек тәрізді. 4.  Қауырсынды – ілмек тәрізді. 5. Саусақ салалы – шеткі. 6. Саусақ салалы – торлы. 7. Параллельді. 8. Қауырсынды – торлы.

6. Сіз келесі дәйектемелермен келісесіз бе. (Иә, Жоқ)

1. Прокариоттардың көпшілігі гетеротрофтар, ал олардың бір бөлігі – адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроағзалардың паразиттері.

  1. Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ.
  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге актиномицеттер, фикомицеттер және оомицеттер жатады.
  3. Қызғалдақтың жемісі жидек.
  4. Цитоплазма протопласттың жалғыз ғана тірі әрі белсенді органоиды болып табылады.
  5. Құстардың зат алмасуы бауырымен жорғалаушылармен салыстырғанда қарқындырақ жүреді.
  6. Саңырауқұлақтар әрқашан жарықтан «қашады».
  7. Плаун тәрізділер бөлімі ағаш және шөптесін түрлермен кеңінен берілген.
  8.  Гигрофиттер – шамадан тыс ылғалды жерлердің өсімдіктері.
  9.  Су өсімдікке ең алдымен топырақ арқылы әсер етеді.
  10.  Қызанның отаны Орталық Африка болып табылады.
  11.  Сәбіз – біржылдық өсімдік.
  12.  Қырыққабат көбелегі гүл шырынымен қоректенеді.
  13.  Балықтардың танау қуысы ауыз жұтқыншақ арқылы бірікпейді.
  14.  Дизентерия амебасы адам бауырының жасушаларында тоғышарлық етеді.

5. Cөйлемді аяқта.

 Эволюция заңдылықтарын анықтау үшін қазба өсімдіктерді, олардың құрылысын, систематикасы мен географиясын, өткен геологиялық кезеңдердегі тіршілігін зерттейтін ғылым . . .   деп аталады

  1. Ұрық түбірінен дамитын тамыр әдетте топырақта тік орналасады, төменгі жағымен топырақтың төменгі қабатына тереңдей отырып аталады. . .
  2. Бір – біріне қабысып жатқан жапырақ бастамалары бар сабақтың төбесі аталады…
  3. Көпшілік саңырауқұлақтардың денесін құрайтын жіптер аталады . . .
  4. Құрғақ жерлердің өсімдіктері немесе сумен қамтамасыз етілсе де, төменгі температурасы немесе құрамында тұзы мол болуы себепті сіңбейтін сулы жерлердің өсімдіктері аталады. . .
  5. Солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылатын қына түрі аталады . . .
  6. Ие денесіне енген балдыр иесінің есебінен қоректеніп, ақыр соңында ие ағзасының жеке бөліктерінің өлуіне немесе оның толық тіршілігін жоюына әкеліп соғатын балдырлардың бірлесіп тіршілік ету түрі аталады . . .
  7.  Прокариоттардың ядролық аппараты әдетте аталады . . .
  8.  Миксобактериялар жасушалары таяқшы пішінді және бөліну арқылы жылдам  көбейеді де, кілегейлі колониялар түзеді — …
  9.   Көптеген балдырларда, жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты плазмолеммадан сыртта орналасады . . .
    1. Балдыр жасушаларында органеллалардан ерекше байқалады …
    2. Ағзаның қатерлі ісік жасушаларымен күресуі жүзеге асады: ….
    3. Омыртқалыларға дене қуысы тән: …….
    4. Гавиалдың жүрегі …………
    5. Саңырауқұлақтардың қор заты ……..

 

 

 

4 комментария

  1. как можно найти ответы?

  2. Жауабы керек еді срочно

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *