Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Бидайық рта мектебінің

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Маликова Айнұр Кеңесбайқызы

 

  Қазақ тілі

 

7 сынып

 

Сабақ тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

 

Жалпы мақсат: Лексика тақырыбын қаншалықты меңгергенін тексеру, Жаңа тақырыпты өзіндік меңгеруге үйрету. Сұрақ құруға үйрету, тиімді әдістер арқылы ой-өрісін кеңейту. Топпен жұмыс істеу үшін бір-бірін мұқият тыңдау, негізгі ойды бөлі, бір-біріне түсіндіре білуге дағдыландыру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Ойларын жинақтап қағазға түсіруге дағдыланады, сұрақ қоюға үйренеді, топта жұмыс істеуге, бір-бірінің жауаптарын бағалауға үйренеді, уақытты тиімді пайдалануға дағдыланады.

 

Негізгі идеялар: Буын үндестігі дегені және буын үндестігіне бағынбайтын сөздер мен қосымшаларды ажырата алады.
Сабақта қолданылатын материалдар: Ақ қағаз, үлестірме кәртішкесі
Оқыту әдістері:  СТО, «Ақыл картасы» стратегиясы, ЖИГСО әдісі, деңгейлік тапсырмалар, « 3 минуттық эссе» әдісі

«сыртқы-ішкі шеңбер» әдісі, «6 W” әдісі

1. Диалог

2.сұрақ-жауап әдісі

3.Топтық жұмыс

4. түсіндіру әдісі

 

Дерек көздері: Қазақ тілі оқулығы

Казахский язык для всех Ш.К. Бектуров

Тапсырмалар: «Ең биік мұнара» ойыны, « 3 минуттық эссе», «ақыл картасы», топтарға тапсырма

 

                     Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
  Сабақты өткен тақырыпты қайталаудан бастаймын.Төмен дәрежелі сұрақтар арқылы ұлт аспаптар туралы  не есте қалғанын және сабаққа дайындықтарын бақылаймын.

Қосымша материал дайындаған үш оқушының дайындығын тексеремін.

Үлгерімі төмен оқушылардың қанша аспап атауларын білетінін тексеру үшін «Ең биік мұнара» ойынын өткіземін.

Лексика тақырыбын қаншалықты меңгергенін бақылау үшін «ақыл картасын» толтыруды тапсырамын.

Үй жұмысы бойынша сөйлейді. Әр оқушы ұлт аспаптар туралы білгендерін ауызша айтып береді.

Қобыз, жетіген, домбыра туралы қосымша ақпарат  дайындаған үш оқушы сөйлейді.

Үш оқушы тақтаға белгіленген уақыт ішінде аспаптардың аттарын жазу керек. Ең көп жазғанның оқушының мұнарасы биік болып саналады.

Өткен тақырып бойынша бар білгендерін ақ қағазға түсіреді. Картадағы жолдың ұзындығы жазатын сөздеріне байланысты болады.

ІІ. Жаңа тақырып Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«6 W” әдісі Жаңа тақырыпқа жетелеуші сұрақтар арқылы оқушылардың жауаптарынан шығарамын.

-Буын үндестігіне бағынбайтын қандай кірме сөздерді білесіңдер?

-Ол буын үндестігіне бағынбайтынын неден бақыладың?

-Буын үндестігі дегеніміз не?

-Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?

-Неге ол буын үндестігіне бағынбайды?

-Мысал келтіре аласың ба?

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап қайтарады да, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Топтық жұмыс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деңгейлік оқыту

 

Қорытынды+рефлексия

Сыныпты екі топқа бөлемін. Екі топқа екі түрлі тапсырма беремін де 3 минут ішінде топпен зерттеуді тапсырамын.

Уақыт аяқталған соң, топтың қалай жұмыс істегенін тексеру мақсатында әр топтан кез-келген бір оқушысын көрші топқа жіберемін.

 

Топтық жұмыс сәтті я сәтсіз болғанын және оқушыларға сұрақ қоя білуді, негізгі ойды таңдай білуді үйрету мақсатында «ішкі-сыртқы шеңбер» құруды тапсырамын.

Тақырыпты қаншалықты қолдана алатынын тексеру үшін оқушыларға деңгейлік тапсырма беремін. I д.- Буын үндестігіне бағынатын қосымшалар мен буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы ертегі жазу; IIд.- сөйлем құру;  IIIд- терме диктант

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Өткен тақырып бойынша «3 минуттық эссе» жазуды тапсырамын. Өз эсселерінде жуапсыз қалған сұрақтарды қоюды сұраймын.

 Топтар топ басшысын сайлайды. Топ басшысы топтық бағалау парағын толтырады.

 

Жаңа топ мүшесі өз тақырыбын 3 минут ішінде сыныптастарына түсіндіреді. Топ басшысы осы кезде өз топ мүшелерін балайды, бағалау парағын толтырады.

Оқушылар қарама -қарсы

отырады. Ең алдымен, ішкі шеңбердегі оқушылар сыртқы шеңбердегі оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қояды. 3 минуттан соң, орындарын ауыстырады.

Оқушылар деңгейлеріне байланысты тапсырмаларын орындайды.

 

 

Оқушының іс-әрекеті

 

эссе жазады.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *