Біздің заң. Хамит Ерғалиев

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы  «Ильинка орта мектебі» КММ
Бакибаева Карлыгаш Амаргалиевна

Сабақтың тақырыбыБіздің заң. Хамит Ерғалиев.

     Сабақтың мақсаты:

1.Әрбір оқушының заң туралы қарапайым түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау. Адам күнделікті өмірде, қоғамда заңнан тыс бола алмайтынын байқату.

2.Оқушының ойлау, шығармашылық дағдыларын дамыту.

3.Заңды білу – өмір сүрудегі сауаттылық, өзін-өзі басқара білу мүмкіндітері екенін, өз Отанына деген құрмет екенін сезіндіру.

Көрнекілігі:  «Қазақстан  Республикасының Конституциясы» (кітапша), мерекелік, салианатты ілінген рәміздер.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік.

 

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Қызығушылықты ояту.

Оқу жылының беташар сабақтарының бірі болғандықтан, сабақ Қазақстан Республикасының Гимнімен басталады.

-Балалар, Білім күні мерекелерің құтты болсын!

30 тамыз күні тағы қандай мереке өткенін кім айта алады?

Әрине, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Бұл қандай мереке екенін сендер білесіңдер. Конституция – еліміздің Ата Заңы.

Оқушылар тақтада жазылған: заңды құрметтейміз. Заңды мойындаймыз, заңды білуге талпынамыз, Рәміздерді мақтан етеміз топтарына бөліп отырғызу.

1-жұмыс:

Заң деген не?

Адам заңды қалай үйренеді?

Заң не үшін керек?

 

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     

 

А)Кестенің «Білемін» бөлігін толтыру.

Ә) – Сендер заң туралы не білгілерің келеді? (Оқушылардың білгісі келетін сұрақтары екінші бағанға жазылады).

3.Мағынаны тану.

Сабақ тақырыбын тақтаға жазып, авторымен қысқаша таныстыру.

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.

Тапсырмалар:

1-топқа. Ақын еліміздің заңын қалай дәріптеген?

2-топқа. Адамның заңсыз өмір сүре алмайтынын қалай түсіндіреді?

3-топқа. Халықтың ізгі арманы не?

4-топқа. Ақынның заңды көркем суреттеуін өлеңнен тауып оқып беру.

Әр топ тапсырмалармен жұмыс жасау кезінде өлеңнен үзінділер келтіру арқылы пікірлерін дәлелдеуі керек.

Көрнекілік ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының балалар ұғымына жеңіл кейбір заң баптары таңдап алынып, жақсы көрінетін жерге ілінсе, сабақ мазмұндырақ болмақ. Мысалы:

34-бап.   «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті».

38-бап. «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».

4.Ойтолғау.

1-топ. Өз еліңнің заңын құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ. Заңның орындалуын күнделікті өмірден қалай көруге болады? (Бұл сұрақ арқылы балалар білім алуға, демалуға, каникулға шығуға, дәрігерге қаралуға, сыныпта өз ойын ашық білдіруге, т.б. құқылары бар екенін айтады. Заң бойынша балаларға дүкеннен қандай заттар сатып алуға тыйым салынғанын да сөз етуге болады).

3-топ. Заңды білмеуден адам қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін?

4-топ. Мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту дегенді қалай түсінесің?

Әр топ өз мәселелері бойынша жеке жұмыс жасап, кіші топта талқылап, сыныпта ойларын ортаға салады. Плакатқа бейнелі түрде немесе басқаша формада мәселені шығармашылықпен шешуге еркіндік беру қажет. Мысалы, рәміздерді қалай білетіндерін көрсету үшін басқа топқа кішігірім тест жасап, Әнұраннан үзінді айтып, сабақты жандандыру әрекеті құптарлық.

  1. Сабақты қорытындылау.

-Бүгін біз не үйрендік?

-Өзің үшін қандай жаңалық аштың?

-Күнделікті өмірде қандай заңдарды орындап жүрміз?

-Мектеп ережелері заң бола ала ма?

6.Үйге тапсырма беру.

Өлеңді жаттау. 5 бет.

Бағалау.

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *