Білім кілті кімге бұйырады?

ТұрсынайТақырыбы: «Білім кілті кімге бұйырады?»   
Тұрсынай Өмірәлиева
№5 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Қызылорда облысы.Қармақшы ауданы
 Мақсаты: Дарынды балаларды іріктеу мақсатындағы интеллектуалды ойын. Балалардың алған білімдерін тиянақтау. Ізденіске,жаңашылдыққа ұмтылдыру.Ойлау,есте сақтау, жедел жауап беру қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Жануарлар, әліппе интерактивті сөйлейтін плакат, интерактивті тақта, магнитафон, дыбыс шығаратын қоңырау, ертегі суреттері және «Білім кілті» .
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,жұмбақ,мақал-мәтел, ән айту, бимен сергіту ,мадақтау.
Ұымдастыру кезеңі:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға,сол алда.
 
Қазір жан-жақты білімдерімен өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты балаларымызбен таныс болыңыздар.Олар:

 

  1. Асан Нұрайым
  2. Жаңабаев Мейіржан.
  3. Жұмабекова Жансая.
  4. Әлиасқар Назерке.
  5. Тушкеева Динара

Слайд арқылы таныстырылады.

Әділ қазы мүшелері: Балабақша меңгерушісі: А.Уалиханқызы

Әдіскер: А.Рысбекқызы

Тәрбиеші: Г.Қартбаева

Ойын 6 бөлімнен тұрады. Олар: бәйге,қарапайым математика, жүзден жүйрік, тілашар, білгенге маржан, жорға.Әр бөлімге тән сұрақтар дайындалып,балалар соған жауап береді.Ең көп және дұрыс жауап бергендер жеңімпаз атанады. Ойын шарты бойынша 1,2,3  бөлімдерге балалар түгел қатысады. 4 бөлімнен бастап ұпайы төмен бала  ойыннан шығады,осылайша ақтық мәреде 2 бала қалуы керек.Көп ұпай жинаған  бала жеңімпаз атанып, мақтау қағазы мен «Білім кілті» тапсырылады.

Ал ендеше тұрмайық

Сайысымызды бастайық

Не үйреніп не білдік?

Соны ортаға салайық

1 бөлім. «Бәйге»

Сұрақтар қойылады,жауабын білген бала алдарындағы дыбыс шығаратын қоңырауды басып қалады.Әр  сұраққа 1 ұпай беріледі.

1.Бір жылда неше ай бар?

2.Неше жыл мезгілі бар?

 

 

 

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4.Қазақстанның елордасы

5. «Нан» туралы тақпақ айт.

6. Табиғат нешеге бөлінеді?

7.Жаңбыр  жауғаннан кейін аспанда не пайда болады?

8. Төрт түлікті ата.

9.Бағдаршамның неше көзі бар?

10.Түйенің пірі .

11.Судың үш күйін ата.

12.Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ен үлкені,жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

13.Құстарды ата.

14. «Р» дыбысы қандай дыбыс?

 

 

2-бөлім. «Қарапайым математика»

Бұл бөлімде математика бойынша сұрақтар қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

1.Санамақ айт.

2.Геометриялық пішіндерді ата.

3. 1-ден 10-ға дейін кері сана.

4.Жұмбақ есеп

Аулада 2 үйрек

Қорада 1 үйрек

Болады барлығы қанша  үйрек?

5.Қандай амалдарды білеміз?

6.Бір аптада неше күн бар?

7.Айнұрда 3 алма,Айбекте сонша алма екеуінде қанша алма?

8.Төрт қабырғасы тең қандай пішін?

9.Ойнап жүрді 5 бала

Оған келді 1 бала

Барлығы қанша бала?

10.Бес алманың 3-еуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

 

3-бөлім. «Жүзден жүйрік»

Бұл бөлімде тақтадағы 5 сандары жазылған жәшіктерді балалар таңдайды.Таңдауы бойынша жәшіктегі ертегіні табу керек.Ойлануға 10 сек.  Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Апай айтқан ертегі

Талай сырды шертеді

Қай ертегі екенін

Кім айтып береді?

 

 

Музыкалық үзіліс. Қадыр Мақсаттың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

 

Ұпайы аз ойыншы ойын шарты бойынша ойынмен қоштасады.

Бүгінгі «Білім кілті кімге бұйырады?»интел. ойынға жақсы қатысқаның үшін ынталандыру сыйлығы беріледі.

4 бөлім «Тілашар»

Жұмбақ жасырылады,жауабын білген бала қоңырауды басады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1.Басында таяғы бар

Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар  (ешкі)

2.Түрлі-түсті шапаны

Болғанымен іші аппақ

Портфеліңде жатады

Екі-үш парақты құшақтап (дәптер)

3.Ұйқысынан тұрғанда

Аяқтарын созады

Тықыр шықса тышқаннан

Делебесі қозады (мысық)

4.Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады (қоян)

5.Адамға серік

Күзетке  берік (Ит)

6.Үш көзі бар қырағы

Жол тәртібін ұғады

Өткендерге көшеде

Көзін қысып тұрады (бағдаршам)

7.Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсен жылатады  (жуа)

8.Сырт-сырт соғады

Уақыт озады. (сағат)

9.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

10.Отқа жанбайды

Суға батпайды (мұз)

 

Ұпай саны анықталса тағы бір ұпайы аз ойыншымен қоштасамыз.

Ынталандыру сыйлығы  беріледі.

5 бөлім «Білгенге маржан»

Мұқият тыңдап мақалды жалғастырамыз. Дұрыс жауап 1 ұпай. Жауап бере алмаса келесі ойыншы жауап беруіне болады.

  1. Ас адамның- арқауы.
  2. Өнер-алды қызыл тіл.
  3. Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады.

  1. Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.
  2. Қыз өссе-елдің көркі,

Гүл өссе-жердің көркі.

  1. Әдепті бала- арлы бала

Әдепсіз бала-сорлы бала

7.    Ер жігіт елі үшін туады.

Елі үшін өледі.

8. Әке көрген –оқ жонар,

Ана көрген-тон пішер.

9. Шебердің қолы-ортақ

Шешеннің –сөзі ортақ

10.Оқу-инемен құдық қазғандай.

 

Ойын шарты бойынша әділқазылар ұпай санын есептесе ұпайы аз ойыншы ойынмен қоштасады. Ынталандыру сыйлығы беріледі.

Сонымен ең соңғы бөлім «Жорға»

Бұл бөлімде 2 ойыншыға 5 сұрақтан беріледі.Дұрыс жауап 1 ұпай,ойлануға 10 сек.Осы бөлімнен кейін жеңімпаз анықталады.

6-бөлім «Жорға»

1-ші ойыншы:

1.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

2.Балабақшамыз қалай аталады?

3.Достық туралы тақпақ айт.

4.Биыл қандай жыл?

5.Қыз бала қандай болу керек?

2-ші ойыншы:

1.Елбасымыз кім?

2.Қай топтасың?

3.Тіл туралы тақпақ айт.

4.Көлік түрлерін ата.

5.Ұл бала қандай болу керек?

Музыкалық үзіліс.

Би: «Қара жорға»

Сонымен ұпайлар саны есептеле келе,ұпайы аз ойыншы ойыннан шығарылады. Ынталандыру сыйлығы беріледі де,ойын жеңімпазына мақтау қағазымен «Білім кілті» тапсырылады.

Қорытынды сөз балабақша меңгерушісі Ақкенже Уәлиханқызына беріледі.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *