Білім – сенің болашағың

trainingҚызылорда облысы,
Арал ауданы,
№61 орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы
 Тәрбие сағатының тақырыбы:Білім – сенің болашағың
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағы – жан – жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру;
Б) Дамытушылық: Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын ортада айта білуге дағдыландыру;
В) Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Ыбырай мен Абайдың суреттері, кітап көрмесі, қанатты сөздер, тірек сызбасы, магнитафон, шарлар, бүктеме, кілт.
Тәрбие сағатының түрі: Топпен жұмыс.
Тәрбие сағатының әдісі: Ойын, сұрақ – жауап, тренинг.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жоспары:
І . Кіріспе. “Білімді болу – адам болу”.
ІІ. Көрініс: “Ілімді құдай береді”.
ІІІ. “1001 мақал, 101 жұмбақ” ойыны.
ІV. “Алтын қақпа” ойыны.
V. Қорытынды. “Білім шыңы”
Әнұран айтылады.
І. Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгін 6 – сыныпта “Білім – сенің болашағың” деген тақырыпта тәрбие сағаты өткелі отыр. Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.
Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.
 
 
 
ІІ. Көрініс: “Ілімді құдай береді”.
Автор: Баби руынан Уақбай баласы Дәрменге Асан руы нағашы жұрты көрінеді. Жетес би билік тұтқасын ұстап жүрген кезде үйіне шақырып, нағашымның батасын алам деген көрінеді. Сөйтіп, қонақасы беріп отырып Жетес биге сұрақ қойыпты:
–         Нағашы – еке, білім деген не? Ілім деген не? – депті. Сонда, Жетекең:
–         Әй, жиенжан – ай, мұны өзің де білесің ғой, бірақ мені сөйлетуге құмар болып отырсың – ау. Сұрадың, айтайын. Ілімді құдай береді, білімді оқып аласың.
–         Жиенжан, сен білмейді екенсің ғой, білім, ілім және бүлін деген бар ғой.
–         Бүгінде – өзі білмейді, білгеннің тілін алмайды, сөйтіп бүлінеді де жүреді.
  ІІ. Көріністі талдау.

Жетес кім болған?
Дәрмен деген кім?
Дәрмен Жетес биге қандай сұрақ қояды?
Жетес би қалай жауап береді?
  Ұран: Балалар, жалқау болмай, оқы сабақ,
             Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ.
Сыныпты екі топқа бөлемін: “Алғырлар” және “Тапқырлар”.
Алғырлар тобының ұраны: “Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ”.
Тапқырлар тобының ұраны: “Егеменді елдің тірегі – оқу мен білімнің тереңділігімен өлшенеді”.
Тренинг – сабақтың негізгі мақсаты – сендерді ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру.
            ІV. “Білгенге маржан – білмегенге арзан” деген тақырыпта
                                        сұрақ – жауап сайысы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ жерінен шыққан оқу – білім туралы өлеңдер жазған ақын, жазушыларды білесіңдер?
Ыбырай кім?
Абай кім?
Алғашқы педагог кім?
Ыбырай халқы үшін қандай еңбек сіңірді?
Абай халқы үшін қандай еңбек сіңірді?
Кім кітапты көп оқиды?
Күллі адам баласын қор қылатын неше нәрсе бар?
Абай атамыз айтқан: “Бес асыл іс, Бес дұшпанды ата”.
Абай аудармаларын білесің бе?
V. Тірек сызба.  Ыбырай  Алтынсарин мен Абай Құнанбаев (білімнің бәйтеректері).
VІ. “1001 мақал, 101 жұмбақ” ойыны, мақал – мәтелдің жалғасын тап.
“Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып тұрған шырақ”.
“Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”.
“Адамды  байлық дәрежеге жеткізбейді,
Білім жеткізеді”.
“Білікті – білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп – өнер”.
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
Сөзі – дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің?
Өзі – арық, сөзі – әріп.
Аппақ дала, қара дән, сепкен дәнін түсінуге жараған.
                   ІІ. “Алтын қақпа” ойыны
Ойын шартында: Тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпаларға сұрақтар беріледі, сол сұраққа дұрыс жауап берілсе, қақпалар ашылады, содан соң, алтын сандыққа сұрақ беріледі, егер сұраққа дұрыс жауап берілсе, алтын сандық ашылады.
Тас қақпаның сұрағы: Тұмар деген не?
Күміс қақпаның сұрағы: Желтоқсан оқиғасы қай жылы, қай айда, қай күндері болды?
Алтын қақпаның сұрағы: Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Алтын сандықтың сұрағы: Досбол би қартайған шағында ауылдас бір қария:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не? – деп сұрапты.
Сонда, Досбол басын көтеріп алыпты да:
Жерден ауыр – ақыл, білім.
Судан терең – оқу, ғылым,
Оттан ыстық – ғашықтық,
Көктен биік – тәкәппарлық, – деп жауап берген екен. Егер алтын сандықты қайсы топ ашса, сол топқа алтын сандықта Жетес бидің кітабы  мен “Дүниенің кілті – білімде” деп Ыбырай атамыз айтқандай,  білім  кілті  жасырылған.
VІІІ. Қорытынды:  Білім шыңы
«Дүниенің кілті – білімде» – деп Ыбырай атамыз айтқандай, бүгінгі білім сайысында білім шыңына жеткен “Алғырлар” тобы болды.
Ата – аналарға сұрақ:  Сіз балаңыздың оқуына, білім алуына қаншалықты үлес қосасыз? Әрбір ата – ана өз ойларын айтады.
Қорытынды сөз:  Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.
Ұран:   “Жанымызға білімнің жарық нұрын сыйлаған ұстаздарға мың алғыс!”
    ІХ. Көрнекіліктермен таныстыру.
“Кітап ақылына ақы сұрамайтын – алтын қазына” кітап көрмесімен таныстыру. Кітап – біздің ұстазымыз.
Кітап – ақылды қуат құрал.
Білім – біздің  шамшырағымыз, ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар!
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған