Бүгінгі ұстаздың қадір-қасиеті неде?

Гулдари Нургабылова

Бүгінгі ұстаздың қадір-қасиеті неде?
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» деген фразаны қайталай отырып, шындығында ұстаздық міндеттің қаншалықты батырлықты талап ететіндігі туралы ойға қаласың. Кейде, ұстаз болу кез-келгеннің қолынан келетін оңай әрекет тәрізді көрінеді. Әрине, қойылған талаптарды орындау, берілген тапсырмаларды жүзеге асыру, алдына келген оқушыға білім беру – бұл әрбір мұғалімнің өміріндегі күнделікті процесс. Бұл дағды жасалып жатыр, қаншама жұмыстар атқарылып жатыр, заман талабынан қалыспай мұғалім де күннен – күнге жетіліп, біліктіліктерін арттырып, дәрежелерін көтеруде. Сөз жоқ, заман ағымына ілесу, бәсекелестікке төтеп беру жолында еңбек ету біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Себебі біз еліміздің болашағын жасап, көзі ашық, белсенді ұрпақты тәрбиелеп отырмыз. Тәрбиелеп отырмыз деген үрдіс бойынша айтылып, кейде байқап жүргеніміздей, үлгі болар ұлы тұлға ұстаздарымыз қағазбастылықтың құрбанына айналып, алдына келген баланың бетіне қарауға мұршасы жоқ күй кешіп жүрг
ендей. Яғни, бізде біржақты іс-әрекет іске асып жатқан тәрізді. Тәрбие жағы оқытудың көлеңкесінде, жабық күйінде қалып бара жатыр.
Әрбір адам мұғалімдік мамандығына келерде , сол мамандыққа лайықтымын ба деген сұрақты өз-өзіне қойғаны жөн. Ол өзінің білімімен бірге үлкен жүрегінің барын сезінуі керек. Бүгінгі таңда ұлы тұлғаның неге қадір-қасиеті төмендеген деп ойланып қоямыз. Содан мынадай ой келеді, балаға иландырып айтар бір ауыз ақыл сөзі жоқ, дәлелді ойы жоқ, өзін оқушыға сыйлата білетін қасиеті жоқ, ұлы мамандығына тек ақша табудың көзі ретінде біржақты қарайтын ұстаздарымыз көбейді. Біліктілік санатына алатын ақшасы үшін көтеретіндер аз емес. Ал санат деген мұғалімнің өз тәжірибесіндегі ар- абырой дәрежесінің көрсеткіші емес пе? «Мұғалім ең жауапты міндет орындайды, ол адамды қалыптастырады» деген Калининнің сөзімен толықтай келісуге болады. Расында, оқушы мұғалімнің айнасы іспеттес. Біз нені ексек, соны орамыз. Біздің қандай да бір қателігіміз болса, оны оқушының бейнесінен көреміз. Яғни олардың кемшілігі болса, кінәні өзімізден іздеуге тиіспіз.
Мұғалім философ, психолог, данышпан, көреген және тілі бай, сөзге шешен болуға міндетті. Нағыз мұғалімнің бойында біріншіден осы қасиеттер болу керек. Алдыңдағы әрбір оқушыны танып, зерттеп, көзқарасынан не ойлап отырғанын ұғынып отыру, сөз саптау шеберлігі арқылы оқушыны баурап алу мұғалімнің бойына тән қасиет. Тіл- қару демекші, мәнді сөз айтып баланың жүрегіне жету өз қолымызда. «Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің , адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» деп көрсеткен жазушы С.Көбеев. Мұғалімнің бойында әділеттік, адалдық айқын көрініс тапқаны абзал. Барлық бала біз үшін бірдей, себебі әр баланың өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Бала адалдықты, ақ пен қараны тек мұғалімнің айтуымен қабылдайды. Оқушы бала болса да, әр мұғалімге сыни көзқараспен қарап, кімнің қандай мұғалім екенін біліп отырады. А.П. Чеховтың мынадай сөзі бар екен «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген. Ал, ғұлама Абай атамыз «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деп айтып кеткен.
Мен өзім алты жыл бойғы тәжірибемде осы ұстанымдарға сүйеніп келемін. Әр адамның бойында қанмен біткен әрқилы қасиеттері болады. Бірақ мұғалімнің бойында барлық жақсы қасиеттердің жиынтығы болу керек деп ойлаймын. Себебі мынау жақсы, мынау жаман деп ақыл айту бір бөлек, ал оны іс жүзінде көрсету бір бөлек дүние. Ұстаз деген ұлы атауды иемденіп отырып, аузыңнан шыққан әр сөзіңе есеп бермеу, ұстаздық этикасын сақтай алмау, өзін оқушыдан да, басқадан да биік қою, бұл әрине , ұстаздың қадір-қасиеті
н қашырады. Бала үшін қызықты әрі керекті пән ол мұғалімі тартымды пән. Ал тартымдылық мұғалімнің бойындағы инабаттылық, мейірімділік, ақжарқындылық, педагогикалық шеберлік, іскерлік,білімділік. Мұғалім мен оқушының арасында шынайы үйлесімділік болғанда ғана сабақ өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.
Мен үшін осы ұстаздық тәжірибемде маңызды нәрсе қанша оқушымның арқасында алғысхат алуым емес, олардың жүрегі мейірімге толы, алға қойған нақты мақсаты бар, өзіндік арманы мен бағыт-бағдары бар, саналы да сапалы азамат болып қалыптасуы. Оқушым мектеп қабырғасында алған білімі мен тәрбиесін шынайы өмірде қолданып, жетістікке жетсе ол менің мақсатымның орындалғаны.

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика