Бүгін Николай Коперниктің туғанына 540 жыл

Николай Коперник 19 ақпан 1473 ж. Польша, Торунь – 24 мамыр 1543 ж.) – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математик. Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италиямемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты.гі, экономисті. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды.

Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен ИсаакНьютонныңеңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.

 

Дайындаған: Айбек Қуандық

Уикепедиа

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *