Бiлiм министрлiгi ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App және Viber арқылы тарап кетуiнен қауiптенуде

minБiлiм министрлiгi ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App және Viber арқылы тарап кетуiнен қауiптенуде
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бiлiм және ғылым министрлiгi ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App және Viber арқылы тарап кетуінен қауіптенуде. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiм еттi.

Оның мәлiметтерiне қарағанда, қауiпсiздiк шараларын сақтау, ҰБТ-ны объективтi және ашық өткiзу үшiн дәстүрлi түрде барлық жерде техникалық құралдарды: 1108 сымтетiк дыбысын тұншықтырғыш, 402 металл iздегiш және 1585 камера мен бейнекамера қолдану жоспарланып отыр.

Дегенмен ҰБТ өткiзу кезiнде жергiлiктi атқарушы билiк аумақтық бiлiм саласындағы бақылау департаментiнен өз аймақтарындағы ҰБТ нәтижесiнiң жоғары болуын қамтамасыз етудi талап ететiндiктен, мемлекеттiк комиссия мүшелерi ҰБТ өткiзу ережелерiн бұзып, бейнекамера мен сымтетiк дыбысын тұншықтырғышты өшiруге, металл iздегiштi дұрыс қолданбауға, түлектерге ұялы телефон, «шпаргалка» алып өтуге жол бередi. «Сол себептен ҰБТ кезiнде ақпараттардың Whats App және Viber сияқты заманауи технологиялардың көмегiмен жарияланып кету қауiпi артуда», — деп атап өтті БҒМ басшысы.Айта кетейiк, ҰБТ 2 маусымнан бастап 8 маусымға дейін 155 арнайы жабдықталған пункттерде өтеді. Барлық пункттерде штабтар мен мемлекеттік комиссиялар қалыптастырылған.

http://www.kazinform.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *