География пәнінен мұғалімдер арасындағы олимпиада тапсырмалары мен жауаптары

Теориялық кезең І

  1. 1.    1.Жер бетінде ең солтүстік, ең оңтүстік, ең батыс, ең шығыс нүктелер бар ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер

Жауабы: Ең солтүстік нүкте солтүстік географиялық полюте орналасқан. Ол солтүстіктегі меридиан сызықтарын қосады, 90 градус параллель. Ал, ең оңтүстік полюс географиялық  оңтүстік полюте орналасқан. Антарктида материгінің оңтүстігінде орналасқан. Оңтүстікте меридиан сызықтарын қосады және 90 градус параллель.

Ал, Батыс шеткі нүкте қиыр батыста яғни батыс бойлық 180 градуста  0 градустың түйіскен жерінде яғни экватор бойында.

Ал, Шығыс шеткі нүкте қиыр шығыс яғни шығыс бойлық 180 градуста  0 градустың түйіскен жерінде яғни экватор бойында орналасқан

2.Экватордан солтүстікке Поляр жұлдызын бақылауға бола ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

Жауабы: Экватордан солтүстік ендікке қарай поляр жұлдызын көруге болады. Себебі экватор сызығынан солтүстікке қарай жылжыған сайын полярдың көріну градусы ұлғаяды. Ал, керісінше оңтүстікке қарай жылжығанда көріну шамасы төмендейдіде экватордан оңтүстікке өткенде мүлдем көрінбей қалады. Себебі экватор мен поляр арасы 90 градус ендіктік айырма жасайды ал оңтүстікке қарай ол аданда ұлғаяды. Оңт. Амерка, Африка, материгінің экватордан оңтүстікке қарай бөлігі,  Аустралия толығымен  поляр жұлдызын көре алмайды.

3.Талтүсте үйлердің көлеңкесі жоқ болса, көше қандай бағытта құрылған?

Солүстіктен –оңтүстікке  қарай көше құрылған. Себебі тал түсте күн түсу бұрышының еңжоғарғысы болады. Онда үйдің көлеңкесі батыстан шығысқа түседі.

4.Жердің қай жерінде магнит тіліне сенуге болмайды, өйткені ол магниттелген ұшымен оңтүстікті, ал басқа жағымен солтүстікті көрсетеді?

Жердің магниттік полюсінде тіліне сенуге болмайды.  Жерде екі магниттік полюс бар. Біріншісі Солтүстік магниттік полю ол оңтүстік географиялық полюске қарай орналасқан 660 о.е. —  1410 ш.б. ораласқан. Екіншісі оңтүстік магниттік полюс солтүстік географиялық полюске ұарай Канаданың аумағында 750 с.е. – 1010 б.б. орналасқан.

Жоғарыда Жердің магниттік полюсінде тіліне сенуге болмайды дедік себебі солтүстік магниттік полюсте компас тілінің ұшы оңтүстікті көрсетеді. Ал, керісінше оңтүстік магниттік полюсте компас тілінің ұшы солтүстікті көрсетеді.

5.Біздің заманымызға дейін бірегей дәу — атлас сақталған. Оның көлемімен қай кезде болмасын жарық көрген бір де бір кітап тең келе алмайды. Оған 340 жыл. Осы атлас туралы не білесіздер? Ол қайда сақталған?

 

Жауабы: Ол карта Берлин кітапханасында сақталған!

6.Картада кейбір көрсеткіштерді белгілейтін қисық сызықтардың 9 кем емес түрін атаңыздар. Олармен нені көрсетеді?

Жауабы:

  1. Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  2. Изобат «Тереңдіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  3. Изогипс «Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  4. Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  5. Изохора «Көлемі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  6. Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  7. Изокванта «Өнім өндіруі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  8. Изопахита «Таужыныстарының  қалыңдығының бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
  9. Изотерма  «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»

 

7.Африкадағы Мейірімді Надежда мүйісінің бастапқы аты қалай және кейін ол неге осылай аталды

Жауаб: Бұл мүйісті португалдық теңіз саяхатшысы 1488 жылы Бартолем Диаш ашқан. Ол оны Бурь мүйісі деп атады. Кейіннен поргугалия король ІІ Жуан оның атын Мейрімді Надежан «Үміт» мүйісі деп өзгертеді себебі Осы мүйіс арқылы Үндістанға баратын жол болсын деп. Кейін Васко да Гама 1497 жылы Мейрімді Надежда мүйісін арқылы Африканы айналып өтіп Үндітанға баратын жолды тауып ІІ Жуанның арманы орындалады.

8.Африкадағы Ақ Нил өзенін неге ақ деп атайды?

Жауабы:

Ніл жер бетіндегі ең ұзын өзен оның ұзындығы 6671 км, суының алабы 2870 мың шаршы шақырым. Ол бастауын Шығыс Африка тауларынын бастау алып сағасы Жерорта теңізіне құяды. Осы сағасында ежелгі Мысыр мәдениеті қалыптасқан. Арабша атауы Аль-Бахр. Ніл ол латынша атауы. Ақ Нілді ағылшын Джон Спик ашқан. Ақ Ніл Сол жақ саласы болып келеді Собатаның етегінен басталады соңы батпақты болып лай болып ағады. Оны Бахр-аль газал деп атайды.

9.Оңтүстік Америкадағы қандай географиялық объектінің аты үндістер тілінен аударғанда «үлкен су» деген мағынаны білдіреді?

Жауабы: Игуасу сарқырамасын үндістер «Үлкен су» деп атаған.

10.Галапагос аралдарында болған пираттар еті деликатес болып саналатын қандай жануарлармен кеме трюмдарын толтырады екен?

Жауабы: Пілтаспақа

11.Антарктидада Ванда көлі бар — әлемдегі ең ғажайып суқоймалардың бірі. Көл мұзының қалыңдығы 4 м. Мұз астында бір қабат тұщы су, ал төменірек ащы су орналасқан, және оның ащылығы теңіз суынан жоғары. Ауа температурасы бұл ауданда әрқашан төмен. Қыста аяз — 40, — 50*С дейін жетеді, ал түбінде шамамен 70 м тереңдікте су жылы — + 25, +27*С. Жылы су көздері көлде жоқ. Ол неге сонда жылы?

 

Жауабы: Антарктидада Ванда көлі бар — әлемдегі ең ғажайып суқоймалардың бірі. Себебі ол көл антарктиданың қақаған аяздарында жып жылы болып тұрады. Осыған байланысты ғалымдар көптеген пікірлер кетіреді. Көлдің суында микроорганизмдер жоқ, су өте мөлдір суының бетінде су тұщы болғандықтан ол күннің көзін жақсы сіңіреді. Ал астынғы қабатында судығ тұздылығы жоғары болғандықтан ол бойна сіңірген жылуды сырқа шығармайды. Өйткені судағы тығыздық жоғары яғни жоғарғы бөлікпен астыңы бөлік суралы аралас алмайды ол тек жоғарыдан  күн көзінің жылуын қабылдайды. Бойындағы жылуды сырқа шығармай ұстап тұрады.

12.Пойыздың жылдамдығының әлемдік рекорды қай елге жатады?

Жауабы: Қытай

13.Барлық азық-түлік тауарлардың бағасына қарай қандай ауылшаруашылық өсімдігі бидайдан кейін әлемде екінші орын алады?

Жауабы: Күріш

14.Алтыдан кем емес «шеқаралық» өзендерін атаңыз. Ол өзендер қандай мемлекеттерді бөледі?

Жауабы:

  1. Амур өзені (Қытай -Ресей)
  2. Ертіс-Обь (Қытай-Қазақстан-Ресей)
  3. Сырдария өзені (Тәжікстан-Өзбекстан-Қырғызстан-Қазақстан)
  4. Жайық өзені (Ресей-Қазақстан)
  5. Ганг өзені (Үндістан -Бангладеш)

15.«Апвеллинг» терминге түсінік беріңіз

Жауабы: Апвеллинг түсінігі су астынан көтерілу деген мағынана білдіреді. Яғни су астында тереңдікте байқалады. Әсіресе материктік батыс шекараларында жиі байқалады.

Апвеллингтің 4 түрі белгілі: 1)  Жағалық апвеллинг, 2)Ірі масшатбы  апвеллинг 3) желдік апвеллинг  4) Мұхиттық апвеллинг

ІІ Сарамандық кезең

  1. 1000º азимут неге тең? Есептеулеріңізді түсіндіріңіз

Жауабы: . 280º, т.к. 360º + 360º + 280º = 1000º) 1000º азимут ол оңтүстік батысты көрсетеді.

280 – ол солт батыс бағытты көрсетеді, 360 солт батыс бағытты көрсетеді, 360 солт батыс бағытты көрсетеді. Келесі 280  ол оңтүстік батысты көрсетеді.

  1. 1.     Ине, магнит, жіпке байланған бір парақ қағазды пайдаланып, қолдан жасалған компас моделдеңіз. Өз әрекетіңізді суреттеңіз.

Жауабы: Бірінші қағаз, ине жіп магнитті даярлап аламыз. Сосын парақты ортасынан тесіп жіпті өткіземіз. Жіптің ұшына инені байлаймыз. Парақты шеңбер қылып алып, бетіне  солтүстік -00 , шығыс 900, оңтүстік 1800, батыс 2700 , белгілейміз. Осылай қандай бағыттар екенін компастағыдай жасаймыз. Сондай – ақ аралық бағыттардыда яғни солт пен шығыс арасындағы солт.-шығыс т.б. жазып белгілеугеде болады. Сосын қағаз астына магнитты апарып иненімагнит тұрған жаққа қозғап сарамандық жұмыс жасаймыз

3. Түс кезінде бір поезд Транссібір магистралімен Новосібірден Омскіге, екіншісі –трансконтинентальді жолмен Сиднейден Перуге барады. Жүріс барысы бойынша пойыздың қандай, оң немесе сол жақтағы терезелеріне күннің көзі түседі:

а) Ресейде?

б) Австралияда?

Жауабы: А) Ресейде түс кезінде Транссібір магистралімен Новосібірден Омскіге жолға шыққан поездің сол жақ терезесіне күн көзі түседі.

Б) Австралияда трансконтинентальді жолмен Сиднейден Перуге жол тарқан поездің сол жақ терезесіне күн түседі.

4. Аляска тұрғыны Чукоткаға 15 қыркүйекте ұшып шықты. Чукоткаға ол қай күні келеді? Чукоткадан ол сейсенбі ұшып шықса, аптаның қай күні ол кері оралады?

Жауаб: Алияска мен Чукотка арасы жақын ол аралықты ұшақ шамамен 1-2 сағат ұшады.  Аляска тұрғыны Чукоткаға 15 қыркүйекте ұшып шыққан ұшақ Чукоткаға ол 16 күні келеді.

Ал керісінше Чукоткадан ол сейсенбі ұшып шықса, ол Аляскаға дүйсенбі күні келеді. Себебі еке аумақ арасын екі бойлық бөліп тұр. Батыс бойлық пен шығыс бойлық 1800 Сонымен қатар Еуразия сағат бойынша Амеркика материгінен алда жүреді. Яғни Америкада маселен бейсенбіде Еуразияда жұма болады.

5. Марс Күннен Жерден гөрі 228 млн.км қашықтықта ары орналасқан және Күнді 1,88 есе ақырын айналады. Жер тәулігі бойынша марс жылының ұзақтығы қанша? Егер Сіз өз 25-жылдығыңызды Марста қарсы алып және онда 2 марсиандық жылыңызды өткізіп Жерге қайтсаңыз Жерде неше жаста боласыз?

Жауабы: Марс күн жүйесінде 4 планета. Ол өз білігін 24 сағат 37 минутта айналады Осылайша ол күнді марсша жыл есебімен 668 күн 6 сағатта айналады. Яғни жерден қарағанда ол күнды шамамен екі еседей баяу айналады өйткені оның күнді айналу орбитасы жер орбитасынан ұзын яғни оның күнді айналу жолы ұзын болы келеді.  Егер адам 25 жасын марста қарсы алып онда екі марсиан жылы өмір сүріп жерге ол 28 жас 7 ай болады. Ол қалай есептеліненді  марсиан уақытымен күнді айналу  1 жыл 668,6 күнге тең.  Оны 2 ге көбейтесіз 668,6*2=1337,4/365,6=3,65 Яғни 25 жасқа марсиандық екі жыл жердегі жыл есебімен 3,657 ке яғни 3жыл 7 айға тең. 25+3,657=28.7 жас.

 

ІІІ Шығармашылық кезең

1. «Американдық қалалар европалық және азиялық қалалардан өзінің бұрынғы өткенінің жоқтығымен ерекшеленеді. Оларда кешегі күн жоқ» деген сөзді қалай түсіндіресіздер.

Жауабы: Себебі еуропалық және азиялық қалалардың тарихы тереңде жатыр. Ал, Америкалық қалалар олардың өмір сүруі бертін ғана яғни еуропалықтардың американы жаулап алуымен бйланысты.

2. Сіздің аймақтағы (қала, облыс) электр станцияларын атап шығыңыз. Олардың қоршаған ортаға әсерін суреттеңіз және туындаған проблемаларды шешу жолдарын көрсетіңіз

Жауабы: Жалпы Қазақстанда электр станцияларының барлық түрі бар ОларАЭС, ЖЭС, СЭС, қазіргі уақытта елімізде баламалы энергия көздеріне көп көіл бөлінуде. Ал жалпы өзімізді аумағымызға келетін болсақ  ЖЭС жақсы дамыған. Оған дәлел МАЭС1 және МАЭС2 Бұл екі станса қазақстанда баламасы жоқ электр стансалары. МАЭС1 4 млн кВт, МАЭС2 1 млн кВт энергия өндіреді. Екеуінің осы аумақта салынуына себеп яғни орналасу факторы ол біріншіден ресурсқа жақын, яғни Екібастұз көмірін пайдаланады. Екінші еңбек ресурсының болуы, үшінші солтүстіктегі өнеркәсіптік аумақтарды электр қуатымен қамтамасыз ету. Жалпы бұл екі станасада аумақтың экологиялық жағдайын ушықтырып отыр. Өйткені стансадан шыққан улы түтін жайлым, шабындық, егістік алқапқа шөгіп топырақ пен суды ластауда. Сондықтан отандық шет елдік инвесторлар станс мұржаларыына фильтр т.б. жолдар арқылы экологиялық ахалға көңіл бөлгені дұрыс.

3.Халықаралық ұйымдар мен интеграциялар ісіне Қазақстанның қатысу мысалдарын келтіріңіз

Жауаб: Жалпы Қазақстан Респбликасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықпен қарым қатынасты жақсы жолға қойылды. 1992 жылы БҰҰ мүше болды.

Жалпы Қазақстан әлемдік және аймақтық мынадай ұйымдарға мүше

ТМД, Ислам конференциясы ұйымы, Орта Азиялық Одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сондай ақ елбасы үкімет басшылары әлемдік ірі саяси-экономикалы форумдарға қатысып тұрады. Сонымен бірге 2010 жылы Қазақстан ТМД елдері, елдер, елдер ішінде алғаш болып ЕҚЫҰ(ОБСЕ) төраға болды. Желтоқсан айында  Стамбул саммитинен кейін 11 жылдан кейін Астана қаласында ЕҰЫҰ саммитін өткізіп Астана декларациясы қабылданды. Саммитка 56 ел басылары мен үкімет басшылары қатысқан алқалы жиынды қазақ тарихында тұңғыш рет болды бұл Қазақ елінің әлемді саясаттағы ұлы жеңісі болды . Біз осы арқылы әлемді өзімізге мойындаттық. Онан кейін 2011 жылы Азияда ойынын өткізіп спорттық державалар қатарына қосылдық. Биыл Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын мүше болады бұлда бағындыған биік. Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақ елі халықаралық ұйымдармен тығыз байланысқа түсті.

 

3 комментария

  1. Very good!Бірақ іздегенім жоқ екен!Как жаль!

  2. Мұғалімдерге тапсырмалар көп юлдсын. рахмет!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *