«География әлемінде» танымдық сайысы

«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп -гимназиясы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

география пәнінің мұғалімі

Қыдырманов Сарсен Серікұлы

Сыныптан тыс ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «География әлемінде» танымдық сайысы

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: дүниежүзінің физикалық картасы, слайд, видео, суреттер.

Сабақтың барысы:

Сабақ сынып оқушыларынан құралған екі топтың арасындағы сайыс түрінде өтеді. Екі топтың басшылары өз топтарының атын және топ мүшелерін таныстырып өтеді. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең: «Жаттығу кезеңі». Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

2 кезең: «Келбет». Бұл кезеңде топтар ұяшық таңдау арқылы саяхатшыларды анықтайды  және географиялық құралдарды табады. Дұрыс жауапқа «5» ұпай беріледі.

3 кезең: «Логика кезеңі». Бұл кезеңде оқушылар логикалық тапсырмалар орындайды. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай.

4 кезең: «Географиялық анаграммалар». Бұл кезеңде топтар тақтада берілген сөздерден анаграмма құрайды

5 кезең: «Сиқырлы қорапша». Қорапшаның ішіне жасырылған затты табады. Ол үшін қызықты әрі логикаға құрылған сұрақ болады.

Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділ қазы алқасы мүшелерімен таныс болыңыздар

Олай болса топ мүшелері дайын болса бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әуелі сайысымызды қай топтан бастайтынымызды анықтап алу үшін

«Жеребе» сұрағы қойылады.

Сұрақ: Африкалық піл мен үнділік пілдің қайсысының құлағы үлкен? Неліктен?

 

«Жаттығу кезеңі»

1 топқа арналған сұрақтар

1.Қала халқының санының өсуін және қаланың өркендеуін не деп атаймыз? (урбандалу)

  1. Ислам дінінде қандай конфессиялар бар? (суниттер және шииттер)
  2. Қандай сүтқоректі ақылы жағынан адамға жақынырақ (дельфин)
  3. Алюминиидің шикізаты не? (боксит)
  4. Қазақстанда соңғы ашылған ірі мұнай алабы? (Қашаған)
  5. Жолдары бар жүре алмайсың, көлдері бар жүзе алмайсың (карта)

 

2 топқа арналған сұрақтар

  1. Біздің тіліміз қандай тіл әулетіне жатады (Алтай)
  2. Христиан діні қандай конфессиялардан тұрады?(католиктер, провославтар, протестанттар)
  3. Халқының саны 10млн.асатын ірі қалалар қалай аталады? (мегаполис)
  4. Жетісу Алатауының биік нүктесі? (Бесбақан 4622м)
  5. Қазақстандағы ең ірі ферро қорытпа заводы қай жерде? (Ақсу)

6.Бір уақытта түн және бір уақытта күн болатын мемлекет (Ресей)

 

«Келбет» кезеңі

1 ұяшық  Х.Колумб

2 ұяшық  Ш.Уәлиханов

3 ұяшық Семенов Тян Шанскии

4 ұяшық  Ф.Магеллан

5 ұяшық – флюгер

6ұяшық – анемометр

 

3 кезең: «Логика кезеңі». Артық сөзді табу

1топқа:

  • Исландия, Ирландия, Гренландия, Скандинавия
  • Гималай, Алтай, Гоби, Кордильера
  • Каспии, Балқаш, Байкал, Саргас

2 топқа:

  • Арабия, Пиреней, Скандинавия, Ефрат
  • Дрейк, Мозамбик, Бискай, Беринг
  • Рио де Жанейро, Мәскеу, Вашингтон, Амстердам

4 кезең: «Географиялық анаграммалар».

1 топқа

  • ГАРАНИА
  • КДААРААМГС
  • РИКАФА

2 топқа

  • ЛАМЙГАИ
  • САЛТА
  • ТАЙҚЫ

5 кезең: «Сиқырлы қорапша»

1.Балалар, бұл қорапшаның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

  1. Фернандо Магеланның дүниежүзін айналу саяхаты кезі. Жүзу өте ауыр жағдайда өтті, азық-түлік жетіспеді. Үш ай 20 күн бойы аузымызға ыстық ас тимеді- деп жазады экспедиция тарихшысы Антонио Пигафетта. Қорегіміз кепкен нан, оның өзін нан деуден гөрі нанның құрт араласқан ұнтағы деген жөн болар. Сол кезде олар осы қорапшаның ішіндегі затты теңіз суына 2-3 күн жібітіп, отқа қақтап қоректенген. Қорапшаның ішіндегі затты не деп ойлайсыңдар?
  2. Ол затты біз күнделікті тұрмыста, әсіресе ер балалар көбірек қолданады. Бірақ бұл затпен қоректенуге болатынына сену қиын.

Әділ қазылар алқасы өзара ақылдасып шешімін шығарады. Қатысқан топтарға мақтау қағаздары беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған