Глобустың градус торы

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
Игілік ауылы
Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Глобустың градус торы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға глобустың градус торы жайлы мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқушыларға глобустың градус торлары жайлы мағлұмат бере отырып,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, елін қорғауға, аялауға, ұқыптылыққа, көпшілік ортада, сыныпта дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, глобус, карта, интерактивті тақта,смайликтер, үлестірме
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. А)Оқушыларды түгелдеу. Ә)Психологиялық дайындық. Табиғат! Тіршіліксің тұнып тұрған. Сен-Күнсің! Көтерілген күліп қырдан. Сен-Көлсің! Сен-Ормансың! Сен-Бұлақсың! Адамды сұлулыққа құнықтырған. Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару. В)Оқушылардың оқу құралдарын тексеру. Сыныпты екі топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Жауап берген оқушыларға смайликтер үлестіру.
«Астрологтар»тобы Ұранымыз: «Біз астрологпыз,астрологпыз, Аспан әлемін зерттейміз»
«Жұлдыздар»тобы Ұранымыз: «Біз жұлдызбыз,жұлдызбыз, Жарқыраймыз түнде біз.»
-Балалар,бүгінгі сабақта барлықтарың зерттеуші болып ғарыш әлеміне,Жер планетасына саяхатқа шығамыз.Ол үшін алдарыңдағы жолдамаға аты-жөндеріңді жазыңдар.Енді барлығымыз тақтаға назар аудырайыз.Суреттегі ғарышкерлер кімдер.? Олар туралы не білеміз?

Т.Аубакиров 1991ж 2қазанда «Союз ТМ-13»кемесімен ұшып,1991ж10қазанда Жерге қайтып оралды.Ұшу ұзақтығы 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секунд болды.

1994 жылғы 1 шілде Талғат Мұсабаев Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ-19»кемесімен орбитада 126 тәулік бойы жұмыс істеді. Ашық ғарышта 11 сағат 7 минут болды.

Ю.А.Гагарин 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышка ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минуттан кейін Жерге қайта конды.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. 2 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау. Сапарға шықпас бұрын ғарышкерлеріміздің тапсырмаларын орындайық. Ю.Гагарин ағамыздың тапсырмасы: (Тест интерактивті тақтада көрсетіледі.Тест жұмысын орындағаннан кейін интерактивті тақтадан тестің дұрыс жауабы көрсетіледі.Оқушылар өздері тесті тексереді.)
1.Алғашында адамдар жерді қандай деп ойлады? А)тегіс ә)қыратты б)таулы 2.Жер бетінің су басып жатқан аса кеңістікті не дейміз. А)өзен ә)мұхит б)көл 3.Жер шарында неше мұхит бар? А)4 ә)5 б)7 4.Жер шарында қанша материк бар? А)4 ә)6 б)7 5.Қазақстан қай материкте орналасқан? А)Африка ә)Америка б)Еуразия 6.Жан-жағын төрт бірдей мұхит қоршап жатқан материкті тап. А)Еуразия ә)Антрактида б)Аустралия 7.Масштаб дегеніміз не? А)белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды масштаб дейді. Ә)Масштаб деп кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады. Б)Масштаб деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз. 8.Глобус дегеніміз не? А)Шар тәріздес жұлдыз Ә)Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады. Б)Жер шарының полюстері 9.Күннің беткі температурасы қанша градус? а) 4000ºС ә) 6000ºС б)5000ºС 10.Жер мен Күннің ара қашықтығы неше километр? а) 150млн. ә) 140млн. б) 160млн.

ІІІ.Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру. Т.Әубәкіров ағамыздың тапсырмасы:
1.Жерге ең жақын жұлдыз (Күн) 2.Жерді қоса есептегенде күнді қанша планета айналып жүреді?(9) 3.Планета дегеніміз не?(Планета өзінен жарық шығармайтын салқын денелер) 4.Жердің серігі не?(Ай) 5.Глобус дегеніміз не?
ІV.Жаңа сабақ:
Оқушылар біз бүгінгі сабақта глобус,картаның көмегімен жер шарына саяхатқа шығамыз.
Ой қозғау: Глобустың градус торы дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс
Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар.Олар солтүстік және оңтүстік полюстер.Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай,орында қалады.Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.
Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор-теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға-солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі.Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз).Олар батыс-шығыс бағытын көрсетеді.Параллель шеңберінің ұзындығы экватордан полюстерге қарай жүрген сайын қысқара береді.
Бұл айтылғандардан басқа,глобуста солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар.Олар меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан түскілік деген мағынаны береді. Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді.Меридиан солтүстік-оңтүстік бағытты көрсетеді.Жер шарының кез келген нүктесі арқылы сансыз көп меридиан жүргізуге болады. Солардың бірі халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан ретінде қабылданған.Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді.Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады.
Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллелдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атайды.
Сөздікпен жұмыс.
Латынша экватор-теңейткіш деген сөз
Грекше параллель-қатар жүруші деген сөз
Латын тілінен аударғанда меридиан-түскілік деген мағынаны білдіреді.

РЕЛАКСАЦИЯ Аспан әлемі туралы видио тамашалау -5 мин.
V.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
Т.Мұсабаев ағамыздың тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны
«Астрологтар»тобы 1.Глобустан және жарты шарлар картасынан полюстерді,экватор,параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.
«Жұлдыздар»тобы 2.Меридиан және параллель сызықтарының неше градус сайын жүргізілгенін анықта.
VІ.Жаңа сабақты бекіту.
«Кім зерек? » ойыны
1.Жер шарында неше полюс бар?
2.Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналама?
3.Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?
4.Экватор сөзі қандай мағынаны білдіреді?
5.Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
6.Жер экваторының ұзындығы қанша километр?
7.Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар не деп аталады?
8.Параллель қандай мағынаны білдіреді?
9.Параллель қандай бағыттарды көрсетеді?
10.Оңтүстік,солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды не деп атайды?
11.Меридиан қандай мағынаны білдіреді?
12.Глобуста меридиан қай бағыттарды көрсетеді?
13.Глобустың градус торы дегеніміз не?
VII. Сабақты қорытындылау:
Не үйрендім?
Не білдім?
Нені білгім келеді?

VІІI.Бағалау
IX.Үйге тапсырма.Глобустың градус торы.(Глобустың суретін салып келу)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *