Гүл құрастыру

tehteash

 

  Жұмағалиева Күнімжан Қайырболатқызы.  Атырау қаласы

И.Тайманов атындағы № 27 орта мектебінің технология мұғалімі.

 

Сыныптар: 7

Тақырып:  Гүл құрастыру

Мақсаты:  Гүлдердің шығу тарихымен таныстырамыз

Гүл құрастыру әдістерін түсіндіруде композициялық құрастыру принциптерін жасап көрсету арқылы СТО бағдарламасын пайдалануда оқушылардың ой-қабілетін дамытамыз.

Оқушыларды әдемілікке, гүлдерді ажырату арқылы орынды пайдалана білуге тәрбиелейміз.

Міндеті:  Икебананың негізгі принциптерін атай отырып, оларды жасап көруге үйренеміз.

Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырамыз және шығармашылық қабілеттілікке шыңдаймыз.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Жаңа технология: СТО бағдарламасы

Пайдаланатын стратегия:   «БҮҮ»стратегиясы, «Кубизм», INSERT (түртіп алу), «Өзім үшін жазу»

Сабақты байланыстыратын пән: Әдебиет.Биология.Бейнелеу өнері.

Көрнекілік: Суреттер, оқулық, т.б.

Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз

Жұмыс орнын дайындаймыз

Үйге тапсырманы тексереміз.

Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

«БҮҮ» стратегиясы:

Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Гүлдердің атауларын және мерекелерге байланысты тарту ретінде ұсынылатындығын, оларды үнемі суарып қадағалап тұруды білемін Гүлдерді жасап көрсем, олардың жасалу әдістерімен таныссам? (Сабақ соңында не үйренгендігін жазып шығады.)

 

«Кубизм» стратегиясы:  -пайдалануда ортадағы гүлдерге сипаттама бергізу және ұтымды талдау ой алмасуға көмектесеміз.

INSERT (түртіп алу) стратегиясы:

Мен бұны білемін

Білемін

Бұны білген емеспін

Қайшы пікір —

Оны білген емеспін

Жаңалық +

Мені ойландырады

Түсінбеймін ?

(Оқушы оқулықтан оқи отырып,кестені толтырып шығады.)

«Өзім үшін жазу» стратегиясы:

VІғ. Жапонияға жетіп  көп ғасырлар бойы дамыған. Жапондықтар бұл өнерді «Икебано» тірі гүл деп атаған.

 Қызығушылығын ояту:

 

  1. «Ең сүйікті гүлім» тақырыбында әңгіме және пікірталас
  2. Ертегі «Қызғалдақ гүл» деп аталады.
    Баяғыда бір патша өмір сүріпті. Оның жар дегенде жалғыз қызы болған екен. Ол ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу болыпты.Қызы өте сұлу болыпты, сиқыршы қызды әдемі болған соң ұнатпапты. Бір күні мейірімсіз, қатыгез сиқыршы келіп, қызды қызғалдақ гүліне айналдырып жібереді. Патша мен оның әйелі қатты қайғырады. Патша әйелі қызғалдақ гүлін қызындай қамқорлығына алып күтеді. Гүлді бақшаға апарып отырызады. Бірақ патша әйеліне қатты ашуланады. «Сен қызыма дұрыс қарамадың. Енді менде қыз жоқ. Мен сені осыдан былай көргім келмейді» – деп, әйелінен сарайдан қуып жібереді.Бір күні патша бақшаға келіп қараса қызғалдақ гүлі солып қалыпты. «Саған не болды, қызғалдақ гүл?» – деп, сұрайды ол. Сол кезде патша: «Мен анамсыз өмір сүре алмаймын. Өтінемін, анамды қайта сарайға алдырыңызшы», деген дауысты естиді. Патша әйелін алып келуге бұйырады. Райхан гүлі анасын көрген кезде бұрынғысынан да әдемі болып кетеді. Күндердің күнінде сарайға бір жас музыкант келеді. Ол құлаққа жағымды музыка ойнайды. «Шіркін, сен осы музыкаңды біздің қызғалдақ гүліне ойнап берсең, ол қуанып қалар еді», деп өтініш білдіреді патша мен әйелі. Музыкант қызғалдақ гүліне музыка тартады. Музыка ойналған сайын гүл құлпыра береді. Бір кезде музыкант гүлді сүйіп алады.
    Міне, қараңыз! Алдында қызғалдақ гүл емес, әдемі қыз тұр. Патша мен әйелі қатты қуанады. Олар қызын жас музыкантқа қосып, екі жас бақытты өмір кешеді.

 

«Ой қозғау» стратегиясы:

—         Ертегіні тыңдай отырып өз ойымызды айтып береміз.

—         Сыныппен ой бөлісеміз және қорғаймыз

Топтық жұмыс:

І.   Сымнан гүл   құрастырамыз.

ІІ. Моншақтан гүл  жасаймыз.

ІІІ.  Қағаздан (салфетка) гүлді бейнелейміз.

Әрбір топқа сарамандық жұмыстың орындалу әдістерін және қауіпсіздік сақтау ережесін ескертеміз, сонымен бірге  қауіпсіздік сақтауда болмайтын бағыттарды мимикалық көрініс ретінде көрсетеміз.

Ой қорыту: Жұмысты жасап көрсете отырып, мағынаны танимыз.

Бағалау: Оқушы жұмысын, қабілеттілігін бағалаймыз.

Үйге тапсырма: 60 бетті оқу.

Жұмыс орнын жинақтаймыз.

 

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *