Дарындылар додасы

Қостанай облысы,
Аманкелді ауданы Қарасу ауылы
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің
математика пән мұғалімі:Ахмедиярова Мая

Тақырыбы: Дарындылар додасы
Мақсаты: Оқушылардың тәнге деген қызығушылығын арттыру,математикалық ой өрісін арттыру,алған білімдерін пысықтау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,сыр сандық,тур аттары жазылған плакаттар.
1-жүргізуші:
«Асыл тастан,өнер жастан,
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс,ойын.
2-жургізуші: Бүгінгі біздің сыныпта математика пәнінің алғырлары күш сынасып,өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.
1-жургізуші:
Шақырамыз,келіңіздер жарысуға,
Күш,өнер ,біліммен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки,кім шығады сайысуга

2-жүгізуші: Сонымен,құрметті көрермендер,сайысымызды байтайык. Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1-тур. «Бәйге»
2-тур. «Ғажайып үштік»
3-тур. «Математикалық жұмбақ»
4-тур.  «Сыр сандық құпиясы»
5-тур. «Дода»
1-жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,бәйге,бәйге бір көріңіз.
2-жүргізуші: Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
«Бәйге» басталды:
Рационал сандар жиынын нелер құрайды? Бүтін санда,оң және теріс бөлшектер.
А-ның n дәрежесі деп нені айтамыз? Әрқайсысы а-ға тең n көбейткіштің көбейтіндісі.
Қандай сандар ирроционал сандар деп аталады? Шектеусіз,периодсыз,оңдық бөлшектер ирроционал сандар.
Бір мүше дегеніміз не? Сандар мен әріптердің көбейтіндісі.
y=x2  функциясының графигі қалай аталады? Парабола
Көп мүше дегеніміз не? Бір мүшелердің алгебралық қосындысы
Жақша алдында минус таңбасы болса жақша қалай ашылады? Жақша ішіндегі алгебралық қосындылардың таңбалары қарама-қарсы таңбаларға ауысады.
y=x3 функциясының графигі қалай аталады? Кубтық парабола
Нақты сандар жиынын нелер құрайды? Рационал ирроционал сандар құрайды
Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады? Құрамында әріпі бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.
1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ғажайып үштік».
Оймен кәне көк теңізін кешіндер,
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып,зердеменен шешіңдер. Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша таңдалады.
20                     20                  20
30                    30                   30
40                      40                  40
20.  Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар.Отбасында барлығы неше бала? 8бала
20. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді,аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? 2 ғана қалды. Қалғаны ұшып кетті.
20.  Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 14км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрді? 14км
30. Үш түйеқұс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? Түйеқұс ұшпайды.
30. Тек 6 цифырын  үш рет пайдаланып 30 санын өрнекте? 6*6-6
30. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса қанша цифр бар? 10 және 100
40. Бүтін сан,бөлшек сандар.
Барлығыда бар онда,
Бұл қандай сан айтындаршы?
Оң,теріс сан бәрі осында.  Рационал сандар
40. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? Дәреже
40. Санға қосып,алсаң ,сол санның өзі шығады,
Санды оған бөлуге болмайтын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға,
Шекесінен қараған.
Сан осінен қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған. 0
2-жүргізуші: «Математикалық жұмбақ» кезеңі.
Ой өрісті дамытатын,
Өнердің бір түріне жататын.
Жасырынып бір нәрсені меңзейтін,
Өнер түрі жасырылған жұмбақ деймін.
1-жүргізуші:
Ойымен кәне көк теңіздің кешіңдер,
Жарқ-жарқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып,зердеменен шешіңдер. Сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырамыз,өдеріңіз шешімін тауып айтыңдар. Сонымен іске сәт,достар!
Нуктеден бірдей қашықтықта жатқан
Нүктелердің жиыны.
Геометриялық фигура болғанымен,
Ауданы  жоқ қиыны. (шеңбер)
Қарғанда шеңберге,
Ауданы бар көлемі.
Диометрден  жартысын,
Айналдырсаң шаршы шығады,
Бұл қандай фигура екен
Бәрі бірден ұғады. (дөңгелек)

Түбірлерін қоссаңыз
Жауаптарын тоссаңыз
Екінші коэффициентке
Қарама-қарсы сан аласыз,
Түбірлерін көбейтсеңіз
Бос мүшеге барасыз
Айтып жібер қандай теорема
Сіз білімді аласыз. (Виет теоремасы)
Санау үшін адамды, малды,талды,
Ертеден мұра болып қалады
Көбейтіп,бөліп,азайтып,
Қосамыз күнделікті ол санды. (натурал сан)
Математикалық таңба ол,
Білімің болса ашасыз.
Теріс сан болса астында,
Мағынасыз деп қашасыз. (квадрат түбір)
Олда тізбек
Заңды қатты сыйлайтын.
Еселігімді тапқың келсе,
Қатар тұрған екі мүшенің
Соңғысын алдына бөл деп қинайтын. (геометриялық прогрессия)
2-жүргізуші:
Бүгінгі кеш қызықты кеш,
Көрермендер,халайық!
Ой, түйсікті қозғап небір
Көрініске назар салайық.
Ақбота: Апа неге мене калмайсыз?
Салтанат: Еркежан мектептеріне бір бір «кемпір» әкелді деп еді,солармен әңгімелесейін деп келгенмін.
Ақбота: Апа,ол сенімен әңгімелесетін кемпір емес,ол компьютер . Ол бәрін жасайды,сурет салады,ойнайды,есеп шығарады.
Салтанат: Е, әлгі саудагер әйелдер ақша есептейтін қалқыпатыр сияқты ғой.
Ақбота: Жок апа,ол емес,бұл компьютер емес калькулятор ғо. Апа деймін,менің мамам мен папама айтып  бір компьютер алып беріңізші.
Салтанат: Әпертем,құлыным,әпертем. Екеуіміз есеп шығарамыз.
Ақбота: Алақай,компьютер алатын болдым. Апа тез жүрші,алғызайық. Қазіргі заман техника заманы, сондықтан ағайын техника үйренейік.
1-жүргізуші: Сыр сандық құпиясы. Сандық ішідегі затты табу керек.
1-сұрақ: Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын  бүлдіршіндер оның болғанын қалайды. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оны үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. (дәптер)
2-сұрақ: Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп те айта алмаймын,бірақ кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғыздырады. Ал жоғары сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін,ал кейде білмейтін бірдемені тауып алу үшін қолданады. (калькулятор)
3-сұрақ: Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметриялы осі бар фигура. Бұл санның дәрежесі деп те аталады. (квадрат)
4-сұрақ: Бұл зат әр үйде кездеседі. Біреулер оны қабырғаға іледі,енді біреулері үстел үстіндегі шыны астына қояды. Ол зат тіпті,сенің кітап , дәптеріңнің арасында да жатады. Ондағы мағлұмат бір жолға немесе бір бағанға тізбек түрінде жазылады. Оны жылдың соңында немесе басында міндетті түрде ауыстырып отыру керек. ( күнтізбелік)
2-жүргізуші: Сайысымыздың ең шешуші кезеңі «дода»  бөліміне көшейік.
Ең қиыны жарыстардың дода келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Осы ойыннан көреміз ерен ерді,
Сайысымыздың соңғы кезеңі «дода»   
1-жүргізуші:
Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар)
Қарама-қарсы сандардың жиынтығы (0-ге тең)
Рі санының мәні (3,14)
Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
Кез-келген санның бір дәрежесі (өзіне тең)
Теріс санның жұп дәрежесі (оң сан)
Ең кіші үш таңбалы сан (100)
Нөлдің бір дәрежесі ( 0)
Ең кіші натурал сан( 1)
11 санның квадраты (121)
2-жүргізуші:
Айырмашылығы тек таңбаларына тең болатын сандар (қарама-қарсы сандар)
Теріс сандардың қосындысы(теріс)
Жүзден бір бөлік(процент)
Екі санның бөліндісіатына(қатынас)
Кез-келген санның тақ дәрежесі (теріс)
Кез-келген санның нөлінші дәрежесі (1)
Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
Ең кіші жай сан (2)
Төрт санының кубы (64)
1-жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз,сыйлықтарын тапсырады.
2-жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет,мың рахмет!
Көп ұпай жинаған оқушыға «Дарынды оқушы» атағы беріледі.
Қорытынды: Сайысымыз өз мәресіне жетіп, жеңімпаз марапатталды,әділ қазылар сөз сөйлеп,сайысымыз аяқталды.

  •  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *