Дарындылыққа жол

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
№1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Мұхан Арна Ордалықызы
Эссе.
Дарындылыққа жол

«Баланы оқытудың мақсаты –

оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз — ақ дамуға қабілетті ету»

(Эдгард Хабард).

 

Ғылыми-техникалық прогресс ғарыштық жылдамдыққа ие болған бүгінгі күні жаңа білім кеңістігі   дарындылыққа ерекше көңіл аудара бастады. Мемлекет білім мәселесін өзекті етіп көтергелі, әр баланың интеллектуалдық дамуы үшін   білім ұйымы қолайлы орта жасауға тырысады.

Дарынды балаларды анықтау , олармен жүйелі жұмыс жүргізу – кезек күттірмейтін мәселе. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт — бағдар бере білу ерекше қиын іс болғанымен, ұстаз парызы – әр баланы жеке бағытта жетелеу.

Ауыл мектебінде дарынды балалармен жұмыс өз нәтижесін беріп келеді. Егер бұрын халықаралық интернет-олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауларына қала мектептерінің дарынды оқушылары жол тартса, бұл күнде ауыл балалары да алыс-жақын шетелдерге сапар шегіп жүр.

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жолға қойылған. Оқушылардың ғылыми қоғамы болашақ ғылым өкілдерін тәрбиелесе,  интеллектуалдық бағытта арнайы топ түрлі танымдық байқаулар, сайыстар, кештер ұйымдастырады. Бұл шаралардың маңызы ерекше. Оқушылардың оқыту процесінде алған білімдері сарапқа салынып, өзара бәсекелстік туғызады. Бәсекелестік  табысқа жетелейтін жолдың бірі екені түсінікті. Топ мүшелері әр аптада белгілі бір пәннен көшбасшы шығарады. Интеллектуалдық бағыттағы сайыстар өз жемісін беріп келеді. Сайыстар барысында тек дарынды ғана өзін танытып қоймайды,  тіпті белсенді емес оқушылардың бойында ерекше ұмтылыс пайда болады.    Дарындымен жұмыс арнайы топпен бітпейді.

Мектеп психологы жетекшілермен бірлесе отырып, баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс — әрекетіне талдау жүргізу арқылы дамытушылық ықпал ете алады. Сондай-ақ  баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдаланып, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай — ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалайды, жұмыс нәтижесін талдап, бақылап, әңгімелеп, мұғалімдер мен ата — аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез — құлқы мен іс — әрекетіне жан — жақты баға береді.

Ғылыми –техникалық прогресс баланы техникаға бейімдегені қызығарлық болғанымен, адамзаттың мәңгі құндылықтары  ескерілмей, қалып жатқаны өкінішті. Көркем әдебиетті оқу, классикалық әуенді тыңдау, сурет өнеріне қызығу –оқушыны  эстетика принциптеріне жақын етіп тәрбиелесе, адамгершілік құндылықтардан ажырамаймыз. Керісінше, адамзаттың асыл қазынасын аяқасты етпеген жеткіншек отансүйгіш болары сөзсіз.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді. В. В. Давидо «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б. Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: шығармашылық — бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Дарынды балаларды анықтау — баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс — әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай — ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата — аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез — құлқы мен іс — әрекетін жан — жақты бағалаудың кешенді сипаты.

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дегенмен, әліде болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай, деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой — өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан — жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *