Дауыссыз н мен ң Мектептегі мамандардың қызметін зерттеймін

 

Сабақ:қазақ тілі Мектеп:Тұрар Рысқұлов атындағы №20ЖББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сабатарова Мөлдір Сейтбекқызы
СЫНЫП:2 Қатысқандар: Қатыспағандар:
1-бөлім: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы Дауыссыз н мен ң

Мектептегі мамандардың қызметін зерттеймін

Оқу мақсаттары 2.1.3.1 – күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.4.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.5.1 –  жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған  сөйлемін толықтыру

2.4.1.4 – дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазады

Көптеген оқушылар: мектеп қызметкерлерімен диалогқа түседі; еркін тақырыпта қысқаша мәтін жазады

Кейбір оқушылар:

ата-аналарынан немесе ересектерден өздері оқыған мектеп туралы сұхбат алу, сұхбат нәтижесі бойынша хабарлама жасайды.

Бағалау критерийлері Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазады

Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика
  Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

мектеп ауласы-школьный двор-school yard

дыбыс-звук-sound

әріп-буква-letter

саяхат-экскурсия

Талқылауға арналған сұрақтар:
Талқылауға арналған сұрақтар:

-Мектеп қандай қызметкерлер жұмыс  жасайтынын айта аласың ба?

-Мектепте тәртіп пен қауіпсіздікті қалай сақтаймыз?

– Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

-Н мен Ң  дыбыстары бар сөздерден мысал келтіре аласыңба?

-Қатесіз жазу үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту

 

Қарым-қатынас жасау дағдылары, сын тұрғысынан ойлау,сабақтан алған білімдерін өмірмен байланыстыру, жауапкершілік
Пәнаралық байланыстар

 

Дүниетану, көркем еңбек

 

АКТ қолдану дағдылары Бейнежазба, электронды оқулық

 

Алдыңғы оқу Оқушылар мектептің бір күнін сипаттау үшін және айтып беру үшін мектеп туралы әңгімелермен, балаларға арналған өлеңдермен және сөздермен таныс.
Жоспар  
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) Ресурстар
Басы Психологиялық дайындық

Біз  сабақты  бастаймыз

Жаңа  білім  алуға

Алға  қадам  жасаймыз

Оң  жақтағы  көршіге

Сол  жақтағы  көршіге

Сәттілік  біз  тілейміз

Содан  кейін  баршаға

Қайырлы  күн  дейміз

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!

Топқа бөлу

1-топ. Дауысты дыбыстар

2-топ: Жуан дауыстылар

3-топ: Жіңішке дауыстылар

1. «Ойлан тап» әдісіжұмбақ жасыру

1. Нанда барда, майда жоқ.

Ұнда барда, айда жоқ. (Н)

2. Шаңда барда, гүлде жоқ

Аңда бар сайда жоқ. (ң)

-Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтар шешу

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір бірінен ажырату:

https://www.youtube.com/watch?v=tUWh2Mk22cc

Ортасы 1.(Ұ) “Миға шабуыл “әдісі.

Берілген мамандық атаулары арасынан мектепте жұмыс істейтін мамандарды іріктейді. Сынып алдында өз ойларын дәлелдеу.

Мысалы, аспаз, дәрігер, мейірбике, есепші, ағаш ұстасы,сатушы, мұғалім,бағбан, аула сыпырушы, еден жуушы, электрші, инженер, санитарлық техника жөніндегі маман, кітапханашы, қойшы, зергер, директор, директордың орынбасары, компьютер маманы.

Оқушылар өз білгендерінше мектепте қызмет жасайтын қызметкерлерді іріктеп болған соң

Кері байланыс: «Ыстық картоп» әдісімен сұрақ-жауап жүргіземін.

Кітапханашыны қайда кездестіреміз?

-Бізге ол қандай қызмет түрін көрсетеді?

-Дәрігерге мектепте не үшін барамыз?

-Мектеп дәрігеріне барғандарың бар ма?

Дескриптор:

Қызметкерлерді таниды

Атқаратын қызмет түрлерін біледі

ҚБ: мақтау, марапаттау

2. (Ж.Т) «Кезбе тілші» әдісі

Мектепте қызмет ететін мамандардан сұхбат алуға дайындалу:

– Сұхбат алатын мамандарды анықтау;

– Қойылатын сұрақтарды құрастыру;

– Мамандықтың маңыздылығын бағалау, сұхбат барысындағы ризашылық білдіру сөзін құрау;

– Сұхбат жүргізуге қажетті құралдарды әзірлеу

( блокнот, қалам, диктафон, микрафон түрінде);

Бұл әдіс арқылы оқушылар сол маман иелерімен кездесіп өз сұрақтарын қойып, қызметкерлерден алған жауаптарын сыныпқа келіп талқылайды, ой түйіндейді.

Бұл әдіс арқылы оқушылар байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады.

(Ж)Сұхбат алу, сұхбат нәтижесін таныстыру

 

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісі арқылы жүргізіледі.

ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі

 

3. (Ж) «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі

Топтарға дәрігер, кітапханашы, аспазшы туралы еркін тақырыпта әңгіме немесе өлең шығаруға тапсырма беремін.

1-топ: дәрігер

2-топ: аспазшы

3-топ: кітапханашы

Оқушылар жазған әңгіме ішінде кездесетін н және ң әріптерінің жазылуы мен айтылуын талдайды.

Мәтінді жазу барысында жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзетеді және құрастырған  сөйлемін толықтырады

Дескриптор:

Шағын әңгіме жазды

Әңгіме ішінде кездесетін н және ң әріптерінің жазылуы мен айтылуын талдады.

Пунктуациялық, орфографиялық қателерді тауып түзетеді

Құрастырған  сөйлемін толықтырады

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісімен жүргізіледі

ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі

(МК. Ұ) «Болжау» әдісі бойыншаберілген материалдар бойынша мәтінді анықтау. Мәтін туралы ой қорытындысын жасайды.

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

 

? ?
Мынау- менің мектебім. Мектебім өзіме қатты ұнайды.сыныпта

достарым көп. Бір-бірімізге көмек береміз. Үзілісте барлығымыз бірге ойнаймыз. Мектепте уақытым пайдалы әрі қызықты өтеді.

Бұл мектеп. Мектебің саған ұнайды ма? Бүгін екінші сыныпта төрт сабақ болды. Оқушылар кеше саябаққа барды.

 

Дескриптор:

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

Мәтін туралы ой қорытындысын жасайды.

 

(Т) «Жүгірпе диктант» әдісі

Жазылым

Тақтаға құрамында н, ң, л, р әрптері бар сөздер жазылған қағазды жапсырып қоямын. Әр топ мүшелері

Ана, нан, на, аң, Аңсар, Алан, алаң, сабын, сабаңа түс, сараң берілген сөздерді оқиды, жазылуын есте сақтайды, топтың басқа мүшелеріне жаздырады.

 

(Ж) «Түртіп алу»

Жазған жүгіртпе сөздік диктантарынан бүгінгі сабаққа қатысты жаңа сөздерді түртіп алып, атап көрсетеді.

Дескриптор:

– сөздерді оқиды, жазады

– қателерді түзейді

-каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

 

(ҚБ)Жүргізілген үдерісті «СМС» арқылы бағалайды

-өте жақсы

-жақсы

-орта

Кері байланыс:

Дананың кілттері арқылы кез-келген оқушыдан “Әліпби” кілті – яғни, өтілген тақырыптарға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеп айтады. (өтілген әріптер реті бойынша)

Соңы Рефлексия, кері байланыс
Қосымша мәліметтер    
Саралауоқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Ата-аналарынан немесе ересектерден өздері оқыған мектеп туралы сұхбат алу, сұхбат нәтижесі бойынша хабарлама жасау.

Сабақ барысында қиналып отырған оқушыға н және ң әріптеріне дыбыстық талдау жасатамын

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі

1. «Ойлан тап» әдісіжұмбақ жасыру

(Ұ) “Миға шабуыл “әдісі.

Кері байланыс: «Ыстық картоп» әдісімен сұрақ-жауап жүргіземін.

ҚБ: мақтау,мадақтау, марапаттау

2. (Ж.Т) «Кезбе тілші» әдісі

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісі арқылы жүргізіледі.

ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі

3.  (Т) «Жүгірпе диктант» әдісі

(Ж) «Түртіп алу»

(ҚБ)«СМС» арқылы бағалайды

-өте жақсы

-жақсы

-орта

Кері байланыс:«Жетістік баспалдағы»

Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары

 

 

 

 

Рефлексия Жауап жазылады
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Арнайы, нақты, уақытпен өлшенген,әрі қолжетімді болды. Себебі, тренердің , әріптесім Салауаттың көмегімен оқу мақсаттарынсабақ тақырыбына сәйкестендеріпоқушылар қажеттіліктерін ескере отырып,SMART мақсатына негіздеп құрдым, дұрыстығына көз жеткіздім.
Бүгін оқушылар не үйренді? Барлық оқушылар оқу мақсатына жетеді. Себебі, оқу мақсатына сай болжау жасап, тұжырым жасадым. Оқушыларды деңгейіне қарай жіктедім және  тапсырмаларды таңдап алдым..

Әдіс-тәсілдер дұрыс сараланбаса, сабақтың  оқу мақсаты ашылмайды

Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Дұрыс әдіс-тәсілдер қолдану  қажет.

 «Ойлан тап» әдісіжұмбақ жасыру

(Ұ) “Миға шабуыл “әдісі

(Ж.Т) «Кезбе тілші» әдісі

(Т) «Жүгірпе диктант» әдістерін қолданғандықтан, сабағым өз деңгейінде өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Болды,  барлық тапсырмаларды оқу мақсаттарына жету үшін, әдіс- тәсілдерді саралай отырып жүйелеп, сабақты жоспарладым.

«Кезбе тілші» әдісін қолдану кезінде диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдандым.«Болжау» әдісі бойыншаберілген тапсырмада жіктеу тәсілі көмектесті. Қарқын тәсілі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бердім.

«Жүгірпе диктант» әдісіжазылым дағдысын қалыптастырадым.

Уақытты қалай пайдаландым? Уақыт тиімді пайдаландым. Себебі барлық тапсырманы уақыт шеңберіне сала отырып есептедім, оқушылардың қарқынына қарай тапсырмаларды ыңғайладым.
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? Дұрыс жүргізілді. Себебі, тренердің үйреткен саралау тәсілдеріне сүйене отырып әдіс-тәсілдерді таңдадым. Тапсырмаларды орындау барысында тексердім. Дұрыстығына көз жеткіздім
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1:Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

 

2: «Жүгірпе диктант» әдісін пайдалану арқылы сауаттылықтары артып, каллиграфиялық талаптарға сай жазды.

 

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі сабақтың одан әрі жақсы өтуіне ықпалын тигізді.

 

2: Көптеген оқушыларға н мен ң дыбысына байланысты сөздік диктант жаздырдым.

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Оқушылардың зейінін бүгінгі жаңа сабағыма зейінін толықтай аудара білдім.

2: Сабағымда топтық, жұптық, жеке жұмыстарын ұйымдастырдым.

 

 

Мен Закирова Зарина №14 М. Жылысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Менің алған ықшам сабағымның тақырыбы «Дауыссыз  н мен ң»

Мектептегі мамандардың қызметін зерттеймін

Бөлімі: Өзім туралы

Оқу мақсаттары:  2.1.3.1 – күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.4.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.5.1 –  жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған  сөйлемін толықтыру

2.4.1.4 – дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды; дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазады

Көптеген оқушылар: мектеп қызметкерлерімен диалогқа түседі; еркін тақырыпта қысқаша мәтін жазады

Кейбір оқушылар:ата-аналарынан немесе ересектерден өздері оқыған мектеп туралы сұхбат алу, сұхбат нәтижесі бойынша хабарлама жасайды.

Оқу мақсаттарын сабақ тақырыбына сәйкестендеріп оқушылар қажеттіліктерін ескере отырып,SMART мақсатына негіздеп құрдым, дұрыстығына көз жеткіздім.

Сынып оқушыларын сабақтың басында психологиялық  ахуал қалыптастыру мақсатында балалар өлең шумақтары бойынша бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді. Мұндағы менің мақсатым білім алушылардың көңіл күйін көтеріп, жағымды эмоция туғызу.

Келесі оқушыларды «Бағдаршам» көздерінің түстері арқылы топқа бөлемін. Оқушылар бағдаршам көздерінің түстерінің артына жазылған  дауысты дыбыстар , жуан дауыстылар,жіңішке дауыстылар бойынша 3 топқа бөлінеді

Сабақты ашу тақырыпты таныстыру мақсатында «Ойлан тап» әдісі арқылы оқушыларға жұмбақтар жасырып, жұмбақтың шешуі «н мен ң» дауыссыз дыбыстары екенін оқушылар өздері тауып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылардың қажеттілігін, қабілетін, ынтасын ескере  отырып, оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына сәйкес белсенді оқу әдістерін аламын.

1.(Ұ) « Миға шабуыл» әдісінжүргіздім.

Берілген мамандық атаулары арасынан мектепте жұмыс істейтін мамандарды  іріктейді. Сынып алдында өз ойларын дәлелдеп, бір-біріне әңгімелеп береді.

Оқушылар өз білгендерінше мектепте қызмет жасайтын қызметкерлерді іріктеп айтып береді.

Кері байланыс: «Ыстық картоп» әдісімен сұрақ-жауап жүргіздім.

ҚБ: әр тапсырма сайын мадақтап отырдым

  1. «Кезбе тілші» әдісі Мектепте қызмет ететін мамандардан сұхбат алуға дайындалу, бұл әдіс арқылы оқушылар сол маман иелерімен кездесіп өз сұрақтарын қойып, қызметкерлерден алған жауаптарын сыныпқа келіп талқылау жүргізіп, күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап,ой түйіндеп, диалогке қатысады;

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісі арқылы жүргіздім

ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі  жүрді

  1. (Ж) «Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі. Топтарға дәрігер, кітапханашы, аспазшы туралы еркін тақырыпта әңгіме немесе өлең шығаруға тапсырма бердім.Оқушылар жазған әңгіме ішінде кездесетін н және ң әріптерінің жазылуы мен айтылуын талдап, мәтінді жазу барысында жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзетті және құрастырған сөйлемін толықтырды.

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісімен жүргіздім

ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі

  1. (МК. Ұ) «Болжау» әдісі бойыншаберілген материалдар бойынша мәтінді анықтау. Мәтін туралы ой қорытындысын жасайды. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісі арқылы жүргізіледі.

ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі

  1. «Жүгірпе диктант» әдісі

Тақтаға құрамында  н, ң,л,р  әрптері бар сөздер жазылған қағазды жапсырып қоямын. Әр топ мүшелері берілген сөздерді оқып, жазылуын есте сақтап топтың басқа мүшелеріне жаздырады.Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазады

(Ж) «Түртіп алу»

Жазған жүгіртпе сөздік диктантарынан бүгінгі сабаққа қатысты жаңа сөздерді түртіп алып, атап көрсетті.

 (ҚБ)Жүргізілген үдерісті «СМС» арқылы бағалады

-өте жақсы ,-жақсы ,-орта

Кері байланыс:

Дананың кілттері арқылы кез-келген оқушыдан “Әліпби” кілті – яғни, өтілген тақырыптарға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеп айтады.

Сабақтың соңында оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін пысықтау үшін және білімдерін кеңейту мақсатында «Жетістік баспалдағы» әдісін жүргіздім.

Ықшамсабақта оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып сараланған. Белсенді оқытуда оқушылармен  жеке жұмыс жасай отырып жоғарғы нәтижеге бағдарлап оқушылардың қабілеттеріне сәйкес тапсырмаларды таңдадым. Тапсырманы саралай отырып, оқушының қажеттілігін қанағаттандыруды ескеріп,  дереккөздер арқылы оқушылардың  нәтижелерін күттім.  Уақытты тиімді пайдаланып,  барлық тапсырманы уақыт шеңберіне сала отырып есептедім, оқушылардың қарқынына қарай тапсырмаларды ыңғайлап, өз тарапымнан қолдау көрсетіп, тапсырманы қабілеттеріне қарай бердім.

Тапсырма: Қабілеттері төмен оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, анықтайды.

Қабілеті орташа оқушыға «н мен ң» дыбысы бар сөздерді атайды, дыбыстық талдау жасайды.

Қабілеті жоғары оқушыға «н мен ң» дыбысы бар сөздердеріне  сөздік диктант жазады.

Ықшамсабақта барлық тапсырмалар бағалау критериіне сәйкес алынды. Барлық тапсырмалардан соң кері байланыс «Серпілген сауал» әдісі бойынша жүргізілді. Әрбір тапсырманы оқушылар қалай түсінгендерін бақылап отырдым.Әр тапсырмаға дер кезінде түзету туралы ұсыныстар бердім. Әрбір жүргізген тапсырмамнан соң қалыптастырушы бағалау әдістері жүргіздім. Алынған қалыптастырушы бағалау әдісі оқыту нәтижелерін үдетуге ықпал етеді. Ондағы мақсат оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, белсенділіктерін арттыру, уәждерін көтеру.

Ықшам сабақты жоспарлауда курста алған білімім, әріптестер мен тренердің ұсынған кері байланыстары қажеттілігіме жарады. Сабақ жоспарын құруда тапсырмаларды анық тұжырымдап, нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттарға бағыттап уйрендім. Сабақ барысында мұғалімнің не істейтініне емес, оқушының немен айналысатынын басты назарда ұстау керектігін білдім. Тиімді кері байланыс жасап үйрендім. Тапсырманы зерделеу арқылы бағалау мен дескриптор құрып дағдыландым. Жеке тәжірибеде ықшамсабақты жоспарлау көзделген, белсенді оқыту әдістемесін, тиімді оқытуды басты назарда ұстау алдағы негізгі мақсат болып табылады. Курста алған білімімді өз тәжірибемде қолданып ұштастырамын. «Жаңартылған білім -болашақтың кепілі».

 

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 [bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика