Денсаулық – зор байлық

Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданы

Асубұлақ ауылы

«Асубұлақ орта мектебі» КММ

Болатова Айжан Болатовна

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:  оқушылардың денсаулық туралы, салауатты өмір салтының сырлары жайлы таным – білімдерін молайту және оны насихаттау, балаларды өз денсаулықтарына ықтиятты болуға баулу, денсаулықтың мәнін және оның баға жетпес қымбаттылығын ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты: ой-өрістерін, сана сезімдерінің тілдерін, шығармашылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар, оқушылардың ғазеттері, қолшатыр

Әдістері: топтық жұмыстар, ойындар, сұрақ-жауап түрінде әнгімелесу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: саламатсыңдар ма, қымбатты балалар,  ұстаздар, қонақтар! Балалар «саламат па» — дейміз біз бір-бірімізге сәлемдескенде. Бұл сөз нені білдіреді? (балалардың жауаптары). Біз осылай сәлемдесу арқылы бір-бірімізге саламаттық, саулық, тілейміз.Сәлемдескен адамды әрқашан амандықта көруді қалайтынымызды білдіреміз.Денсаулық -баға жетпес сый. Оны сақтай білу керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген мақалды қалай түсінеміз. (балалардың жауабы) Ендеше балалар бүгінгі біздің сынып сағатымыздың мақсатын өздерің айтыңдаршы (балалардың жауабы).

-Біз бүгін денсаулық туралы әңгімелейміз, оны сақтаудың ережелерімен танысамыз, оған ықпал ететін факторларды білетін боламыз., сонымен қатар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ болып сайысып ортаға саламыз. Сайысқа екі топ түседі: (оқушыларға дәрумендердің аты жазылған парақ таратылады сол бойынша топты бөліп аламыз)___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әділқазылар алқасын құру:________________________________________________________________________________________________________________

1 сайыс: үй тапсырмасын орындау; үйден шығарылған қабырға газетін  топтардың қорғауы

2 сайыс: «Менің денсаулығым қандай ?» викториналық сұрақтарға жауап беру.

Егер сіздің тобыңыз сұрақ мәнімен келіссе « Қызыл» түсті, ал келіспесе «Көк» түсті алдарыңыздағы қорапшаға салып отырасыздар.

Сұрақтар:

  1. Жаттығу – денсаулық пен көтеріңкі көңіл -күй кепілі бола ала ма? (Иә)
  2. Сағыз тісті сақтай ма? (Жоқ)
  3. Темекінің зиянды салдарынан жылына 10 мыңнан астам адам о дүниелік болады деген сөз рас па? (Иә)
  4. банан көңіл-күйді көтере ме? (Иә)
  5. сәбіз қартаю процесін тежей ме? (Иә)
  6. Зиянсыз есірткі бола ма? (Жоқ)
  7. Сүт йогурттан пайдалырақ па? (Иә)
  8. жазда жыл бойына жететін витаминдер жинақтауға бола ма? (Жоқ)

9.Күн сайын екі стақан сүт ішу керек пе? (Иә)

10.Балаға түнгі 8 сағат ұйқы жеткілікті ме? (Жоқ)

3- сайыс: «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою

1-топ: «Денсаулықты нығайту жолдары»:

2-топ: «Денсаулыққа зиянды әдеттер»

1-топ: 1.Д…….і (дәрі)

2 ……….н (дәрумен)

  1. ……..н……..у (шынығу)
  2. С……………т (салауат)
  3. Т …….и…….. (табиғат)

2-топ: 1.Т………..з (туберкулез)

  1. …………..к (ішімдік)
  2. Т……….у (тұмау)
  3. ………….і (есірткі)
  4. Ж………қ (жалқаулық)

4- сайыс: Шығармашылық тапсырма ; сөйлемді аяқта

1-топ:

  1. Сақтай білсең режім

Сап –сау болып……… (жүресің)

  1. Сау болсын десек тәніміз

Жаттығайық ………. (бәріміз)

  1. Режимде ұстар ту-

Салқын сумен ………(жуыну)

2-топ:

  1. Жуыну пайда бұл бізге

Таңертең, кешке,………(күндіз де)

  1. Жуынғын ас-дәм татарда,

Ұйқыдан соң да,……….. (жатарда)

  1. Мектепке жол жалғасты

Ішкеннен соң………….(таңғы асты)

Көрермендерге:

  1. Жалқауға спорт бос елес,

Спорт та оған ….. (дос емес)

  1. Тазалық бұл орынды:

Сабын мен жу ……….(қолыңды)

  1. Жина деп кімді қинаймын,

Төсегімді өзім……… (жинаймын)

5-сайыс: берілген сөздерге ұйқас құрастыру

1 топ:

…………………….. баламыз

……………………… аламыз

………………………

……………………… санамыз.

2-топ:

………………………… күлеміз

………………………… жүреміз

………………………..

………………………… сүреміз.

6- сайыс Кластер құру

«Салауатты өмір салты» деген сөзге кластер құру

(Оқушылар кластер құрғанша біз көрермендермен ойын ойнайық) «Денсаулық» деген сөз берілген, осы сөздің әрбір әрпіне тиесілі мақал мәтел жазу  керек

Д Денсаулық-байлықтан қымбат

Е Еріншек дүниеден құр қалады

Н нақыл қайдан шығады ой болмаса

С Сау болса жаным, сөз емес-дүние малым

А аурудың жақсысы жоқ,дәрінің тәттісі жоқ.

У уайым ердің қорғаны

Л лашығы жоқ орданы аңсайды,желері жоқ жорғаны аңсайды

Ы ынтымақ түбі бірлік

Қ қозғалыс-өмірдің қоймасы

7- сайыс: «Салауатты өмір салтының құпия сырлары». Әрбір топ денсаулық туралы түрлі ережелер жазылған конверт алады.Сол ережелердің ішінен салауатты өмір салтына тиесілерін (белгі қою арқылы) бөліп алу керек.

1-топ:

— тазалықты сақта

— Дұрыс тамақтан

— көбірек қимылда

— тәттіні көбірек жеп, жеміс-жидекті азырақ жеу керек

— күн тәртібін сақта

2- топ:

— теледидарға көбірек қарап, компьютерде көбірек ойна

— зиянды әдеттерден аулақ бол

— шынық

— таза ауада азырақ болуға тырыс

— тәртіптілік пен реттілікке қарама

* Дұрыс жауаптар:

-күн тәртібін сақта

— дұрыс тамақтан

— тазалықты сақта

— шынық

— көбірек қимылда

— зиянды әдеттерден аулақ бол

Дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс

Бала:/ «арақтың» жанына келіп/

-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Арақ»:

-Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегіне жараппын.

Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Темекі»:

-Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Есірткі»:

-Мен есірткі нашамын,

Уытымды шашамын.

Атым шулап турғанда,

Алшаңдап аяқ басамын.

/Сахнаға ересек бала шығады/

Ересек бала:

-О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін,

Қандай пәле таратқан.

-О, адамдар, санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау,

Бүкіл әлем алаңдар!

/Екі бала бірігіп/:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/

Бекіту: Тренинг «Қолшатыр»

Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? (оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне өз ойларын жазып іледі.)

Сөз әділқазылар алқасына беріледі: (марапаттау рәсімі)

(әділқазылар алқасында отырған аурухана қызметкерлері қортынды сөз айтады)

Қорытынды: Тренинг «Денім сау болсын десең»

(Бір оқушы «денім сау болсын десең» деп ортаға шығады, ал қалған оқушылар, өздерінің тілектерін айтып шеңбер құрайды).

Мүғалімнің қорытынды сөзі:

Денсаулық – баға жетпес байлық, ол-шын,

Қолымызға ақ үміт – ақ құс қонсын

Шымырлық пен мығымдық, салауаттық

Арқасында барша жұрт аман болсын!

Осымен сынып сағатымыз аяқталды! Сау болыңыздар! Көріскенше күн жақсы!

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *