Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

Бейнеу  гуманитарлық-экономикалық  колледжі
 Педагогика, психология пәнінің оқытушысы
Кадирбаева Зауреш  Турашовна 
Тақырыбы: Дені  сау ұрпақ – ұлт  болашағы !
Армысыздар құрметті  ұстаздар құрметті конференцияға  қатысушылар!
Жастар — еліміздің болашағы. Жастарымыз білімді, рухы биік, дені сау болса, онда ел болашағының да жарқын болғаны. Сондықтан, мемлекетіміз қашан да жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында соңғы жылдары жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылап келеді. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бей-жай қарамайды және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосқысы келеді. Бұл  қуанышты жағдай. Тағы бір қуантарлығы  бүгінгі таңда ауыл жастарының да еңсесі биіктеп, қоғамымызға жаңа леп әкелуде.
Жастарымыздың белсенділігін, олардың білімдерін одан әрі арттыру — мемлекет алдында тұрған міндеттердің бірі.
Ата‑бабаларымыз «Денсаулық‑зор байлық» деген сөзін тегін айтпаған.
Денсаулық-әрбір адамның  жеке байлығы болса, дені сау адам қоғам байлығы.Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт – жалпы ұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек» – деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, балалық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды. Міне, осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, дені сау, денешынықтыру және спортпен шұғылданатын тәні сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Қоғам жеке адамнан құралады. Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан шара мақсаты өркениетті еліміздің сіздердей азаматын, яғни  жастары н зиянды әдеттерден, яғни ішімдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болуға бағыттау, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануды көздейді, әрбір оқушының өз денсаулығын сақтап, қорғай білуіне ықпал етеді.
Ертеде ауа тазалығы бұзылмай, қоршаған орта ластанбай тұрғанда, адамдар аз ауырған. Ен даланы еншілеп, қыста қыстауда, жазда жайлауға көшіп-қонып күн кешкен ата‑бабаларымыздың дені сау, ұрпақтары әлжуаз болмаған. Себебі, ішкендері жылқының қымызы мен түйенің шұбаты, қазақтың ағы айраны мен сүті болған, ежелден негіздеген қазақ жолы-сара жол, мал ағымен сусындаған адал жол болған. Ал қазір ше? Қазір қоғамымызда жайлап бара жатқан зиянды әдеттердің бәрі темекі шегуден басталады екен.
Ал тек қана бір рет темекі тартқаннан бастап, адам денесінде мынадай басты өзгеріс болады:
1. Миға баратын қан азаяды, ми аз жұмыс жасайды
2. Жүрек соғу ритмі артады, жүрек ұстамасы болады
3. Тыныс алу жиілейді

 

4. Уақыт ұзай келе асқазанда қабыну және жара болады

5. Тамырлар жиырылады, қан қысымы жоғарлайды

6. Бүтін органдарға баратын қан азайып, әрбір органның жұмыс жасауы нашарлайды.

7. Адам денесіне 1,5-2 мг никотин сіңеді

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев барлық Қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытты атап көрсетті.

1. Темекі шегуді тоқтату

              2. Нашақорлыққа қарсы күрес

                              3. Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес

        Құрметті егеменді  еліміздің  жастары , егемен еліміздің болашағы сіздерсіздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, насыбай, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Сондықтан мен сіздерді елбасы үмітін ақтап салауатты өмір сүруге және спортпен шұғылдануға шақырамын.

 

Жастар комитетінің ұйымдастыруымен 01 қазанда  топтар арасында асық ойынынан жарыс өтті.

Жастар комитетінің ұйымдастыруымен 08 қазанда топтар арасында шахматтан жарыс өтті.

2012 жылдың 2-ші қазанында колледжаралық облыстық «Алтын күз» кросс жарысында ДтБ-41 тобының студенті Жанабаева Айбарша жүлделі және ДтБ-23 тобының студенті Меңдібай Ержан жүлделі ІІ орынға ие болды.ие болды.

2012 жылдың 3-5 қазанында Алматы қаласында өткен  ҚР Спорт және Дене шынықтыру Істері Агенттігі Таеквондодан (WTF) Сәкен Төлімбетовты еске алуға арналған спорт мектептері мен колледждері арасында өткізілген ҚР-ның 10-шы Чемпионатында 14-17 жас 59 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын алғаны үшін Имашова  Айна марапатталады.

Ақтау қаласында 30.10-1.11 өткен Маңғыстау облыстық Таеквондо Федерациясының негізін қалаушы Қонысбай Бектілеуді еске алуға арналған Таеквондодан (WTF). Ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР-ның кубогінде ІІ орын алған үшін Имашова Айна 57 келі салмақта марапатталады.

2-3 қарашада өткен Серік Рзаевты еске алу құрметіне арналған қыздар арасындағы волейболдан турнирінде БГЭК қыздар командасы жүлделі  ІІ орынды иеленді.

5-6 қарашада өткен «Алтын күз» мерекесіне орй қыздар арасындағы волейбол жарысында БГЭК қыздар командасы жүлделі  ІІ орынды иеленді.

2012 жылдың 15 – 16 қараша күні ҚР Президенті, Партия Төреағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Жас Отан» ЖҚ-ның ІІ съезі өтті. Съезге Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан 4 делегат жіберілген болатын. Сол делегаттың бірі дене тәрбиесі пәні оқытушысы Себепова Ақтолқын қатысып келді.

Дене тәрбиесі пәні оқытушысы Қарақұлов Берік және Себепова Ақтолқын 19  қарашада студенттер күніне арналған волейболдан жарыс өтті.

Қарашаның 23-24 күні «Президент күніне» арналған қыздар арасындағы волейбол жарысында БГЭК командасы жүлделі  ІІ орынды иеленді.

24 қарашада «Жас Отан» ЖҚҚБ-нің ІІ съез делегаттарының ұйымдастыруымен өткен жиналыста, Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінің дене тәрбиесінің оқытушысы Себепова Ақтолқын «Жас Отан» ЖҚҚБ-нің хатшысы болып сайланды.

24-25 қарашада ҚР-ның тұңғыш президенті күні мерекесінде арналған аудандық волейбол жарысында (қыздар) ІІ орын алған БГЭК командасының ойыншысы Имашова Айна марапатталады.

27- ші қарашада Дене тәрбиесі және спорт мамандығының І курс студенті Имашова Айна Базаргалиқызын ҚРСпорт және Дене шынықтыру істері Агенттігінің ұйымдастыруымен 2012 жылғы 25 қазандағы №335 бұйрығымен Таеквондодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағымен   № 1596 куәлігі берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика