Достық

dossДостық
Баяғы бір бағзы заманда екі дос шөл далада келе жатыпты. Екеуі әр нәрсенің басын шалып, әңгімелесіп келе жатып болмайтын нәрсе үшін тәжікелесіп қалады. Сонды бірі екіншісін шапалақпен жағына салып қапты. Таяқ жеген дос ештеңе демепті. Көзінің жасын сүртіп, құмның бетіне: ДОСЫМ МЕНІ ҰРДЫ деп жазыпты.
Жүрістерін тоқтатпай жүре береді. Алыстан су көрінеді. Екеуі қуанып кетеді. Есі кетіп жүгіре жөнелгенде әлгіде таяқ жеген досы құмды ұйыққа түсіп кетіп, бата бастайды. Сонда досы жанұшыра жүгіріп келіп, қолынан ұстап шығарып алады. Батып кете жаздаған досы судың жағасындағы тасқа ЖАН ДОСЫМ МЕНІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ деп жазады.
Мұның барлығын байқап келе жатқан әлгі досы одан сұрайды: «Неге мен сені ұрғанда сен оны құмға жаздың да, құтқарып қалғанымды тасқа жаздың?» деп.
Оған досы: «Өзге жан қиянат жасағанда адам оны құмға жазуы керек, сонда кешірім желі жаманшылықтың ізін тез өшіреді. Ал, егер біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып, мәңгі өшпейтіндей, ешбір дауыл ізін шаймайтындай етіп жазғанымыз дұрыс» деп жауап қатады.

Аударған Шынар Әбілдә

 

Шынардың фейсбуктегі парақшасынан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *