Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Рахимова Ултуар Кожахановна

 Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік  мұхит  және  оның  бөліктері

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың   дүниежүзілік  мұхит  және  оның  бөліктері  туралы білімдерін  тереңдету.                                                                     Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  ойын  элементтерін пайдалану  арқылы  картамен  жұмыс  істеу  дағдысын  жетілдіру.                       Оқушыларды  шапшандыққа, ұшқырлыққа  өздігінен  жұмыс  жасай  білуге  баулу.

Сабақтың  көрнекілігі: Жарты  шарлар  картасы, мұхит  пен  құрлық  аудандарының  ара  қатынасын  көрсететін  тірек – сызба, слайдтар

Үй тапсырмасын пысықтау:

 

« К і м   ж ы л д а м »

Сұрақтарға  жауап  беру

  • Жер ғаламшарының   су  қабығы?
  • Теңіздің, мұхиттардың суының  дәмі  қандай?
  • Су табиғатта  қандай  күйде  болады?
  • Су қай  ғаламшарда  сұйық  күйде  болады?
  • Марста су  қандай  күйде  кездеседі?
  • Дүниежүзілік су  айналымы  дегеніміз  не?

 

  • Жер шарында  қанша  материк  бар?
  • Дүниежүзінің қанша  пайызын  тұщы  су  алып  жатыр?
  • Жер шарында  қанша  мұхит  бар?
  • Су айналымның  маңызы  неде?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

—  Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

— Теңіз, шығанақ, бұғаз

 

Жарты  шарлар  физикалық  картасына назар  аударсаңдар көк  түсті  бояудың  көп  екенін байқайсыңдар. Бұл үлкен  су айдыны – дүниежүзілік  мұхит  деп аталады. Дүниежүзілік  мұхиттың  жалпы  ауданы  361 млн км

Дүниежүзілік  мұхит  4 мұхиттан  тұрады.

 

Ең  үлкен, ең  терең  мұхит – Тынық  мұхиты

Көлемі  жөнінен  екінші  орындағы  мұхит – Атлант  мұхиты

Оңтүстік  жарты  шардың  көп  бөлігін  ала  орналасқан  3-ші мұхит –Үнді мұхиты, Мұхиттардың  ең  кішісі – Солтүстік  Мұзды  мұхит.

 

Мұхиттардан суының  қасиеттері, тіршілік дүниесі жөнінен айырмашылығы болатын  бөлігін  теңіздер деп атайды. Теңіздер  ішкі және шеткі болып бөлінеді.

 

Шығанақ    деп  мұхиттың  не теңіздің  құрлыққа  сұғына  еніп  жатқан  бөлігін айтады.

 

Бұғаздар  дегеніміз – екі  жағынан  материктер  немесе  аралдар  жағаларымен  шектелген  енсіз  су  айдыны.

 

 

 

 

О  й  л  а  н  а  й  ы   қ   !

Егер  дүниежүзілік  мұхит  бүкіл  жер  бетінің  71 % -ын алса,  қанша  пайыз  құрлық  жерге  қалады?

 

 

 

Дәптермен   жұмыс                      « Мұхиттар »  кестесін   толтыру

Мұхиттар Аумағы

 ( км. кв.)

Жағалауындағы

материктер 

 Ең  терең

жері ( м )

 

 

 

Сабақты бекіту:

  1. Гидросфера

А.жердің  су  қабығы                        Б.жердің  қатты  қабығы

Ә.жердің  ауа қабығы                      В.жердің  терең  қабығы

2.Дүниежүзілік  мұхиттың  көлемі:

А.149 млн.км.кв.                               Б. 361 млн.км.кв.

Ә.510 млн.км.кв.                               В. 261 млн. км. кв.

3.Континенттер  саны:

А.  6                        Ә.  4                                Б.  5                                В.  3

  1. Дүниежүэілік мұхиттағы  ең  терең  шұңғыма

А. Пузрто – Рико                               Б. Зонд

Ә. Гренландия                                    В.  Мариан

5 . Теңіздер  нешеге  бөлінеді?

А. 3                      Ә. 2                             Б. 5                                      В. 4

 

Үйге  тапсырма : Дүниежүзілік  мұхит  және  оның  бөліктері

Су, бұлақ  жайлы  мақал – мәтел  жазып  келу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *