????????????????????????????????????

Егеменді ел қорғаны –Қарулы күштер

Топ деңгейі: жоғары

Мекеме : Құқықтық статистика

Сабақтың тақырыбы: Егеменді ел қорғаны –Қарулы күштер

Грамматикалық тақырыбы: Көсемшенің … барғалы бері, барғалы жатырмын, бара бастадым формалары

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға көсемшенің … барғалы бері, барғалы жатырмын, бара бастадым формалары  жасалу жолын түсіндіру арқылы білімдерін жетілдіру, бекіту жаттығу жұмыстарын орындату;

Тапсырмалар орындату арқылы тыңдаушылардың ой-өрісін дамыту;

Адамның бойында Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ерліктің мәнін ұғындыру, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу;

Отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету, патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың барысы:      I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқылым тапсырмалары.

III. Тыңдалым тапсырмалары.

  1. Сөйлесім тапсырмалары.
  2. Жазылым тапсырмалары.
  3. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар, әріптестер! Бүгінгі ашық сабағымызды бастамас бұрын ребус шешіп көрейік…

СЛАЙД

( қар у лақ Ы күшік тер)

  • Қарулы Күштер.
  • Дұрыс. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер»
  • Қарулы Күштер дегенді қалай түсінесіздер?
  • Әскер, Отанға қызымет ететін жауынгерлер.
  • Әр мемлекеттің Қарулы Күштері болады.
  • Қарулы Күштер не үшін керек деп ойлайсыздар?
  • Елді, жерді, Отанды қорғау үшін.

Ендеше Бейнебаянға назар аударыңыздар.

Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992 жылдың 7мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
– ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу. Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 20 жылдығы қарсаңында, Үкіметтің 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеуді көздейтін заң жобасын енгізуі туралы бұйрыққа қол қойды.

 

  • 1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыздар.

 


Жарлық –устав

Қарулы күштер –вооруженные силы

Қорғаныс министрі –Министр Обороны

Жоғарғы Бас Қолбасшы –Верховный Главнокомандующий

Отан қорғаушылар күні –День защитника отечества

Жаяу әскер –пехота; пехотинец

Әуе қорғаныс күштері –силы воздушной обороны

Әскери-теңіз күштері –военно-морские силы

Бас штаб –главный штаб

Мереке – праздник

Жауынгерлік парад – воинский парад

Ұшақ –самолет

Тікұшақ –вертолет

Тағайындалды -назначи

 

Аэроұтқыр – отважный

 

Оқылым

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

1992 жылдың 7 мамырында Тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса, Республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб – жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери – Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірліктерге бөлінді.

Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. 25 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеген болатын. Мерекеге байланысты 2013 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жауынгерлік парад өтті. Салтанатты шеруге барлығы 7 мыңнан астам әскери қызметшілер, 400 бірліктен аса әскери техникалар, 86 ұшақ пен тікұшақ тартылды.

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл. Жиырма бес  жылын артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Қанатын қатайтты, өсті, өркендеді, осылайша, бүгінгі келбетіне жетті.

 

3-тапсырма. Мәтінді қайта оқыңыз. Дұрыс/дұрыс емес  жауаптың тұсына V белгісін қойыңыз.

  Дұрыс Дұрыс емес
Мәтін Ұлы Отан Соғысы  туралы.  
Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды +  
Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілемеген  
2001 жылдан Қазақстан 4 әскери өңірлікке бөлінді. +  
Әскери қызметке­ 27-30 жас аралығындағы жарамды азаматтар шақы­рылады.  
2015 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жауынгерлік шеру өтті.  
Салтанатты шеруге 86 ұшақ пен тікұшақ тартылды. +  
Алдыңғы жылға қарағанда әскерге шақырылушылардың әскери қызметке баруға ынталары жоғары.

 

+  

 

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім?
  2. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып кім тағайындалды?
  3. 2001 жылы Қазақстан қандай 4 әскери өңірлікке бөлінді?
  4. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қанша жыл толып жатыр?

 

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз. Интерактивтік

  1. … үшін күрес,

Ерге тиген үлес.  (Отан)

  1. Ағайын … болса, ат көп,
    Абысын … болса, ас көп. (тату)
  2. … байлық емес, бірлік – байлық. (байлық)
  3. Өзін-өзі білген ер бақытты,

Өзін-өзі билеген … бақытты. (ел)

  1. ……………. отқа түс – күймейсің. (Отан үшін)
  2. Болат қайнауда шынығады.

………… майданда шынығады. /батыр/

  1. ….. есімі ел есінде. /ер/
  2. Жүк ауырын нар көтерер

Ел ауырын  …. көтерер. /ер/

  1. ……….. туса ел ырысы

Жаңбыр жауса жер ырысы. /батыр/

 

 Грамматика

           

Ережемен танысыңыз.

Етістіктің түбірі + ғалы / гелі  бері;

+ ғалы / гелі + қалып етістіктері;

+ а / -е / -й бастады.

Мысалы: Ол  әскери училищені аяқтағалы бері бір жылдай уақыт өтті.

Мен «7 мамыр – Отан қорғаушы күніне» арналған концертке барғалы жатырмын.

Ол армиядан келгелі бері жұмысқа тұрмады.

Ұландар әскерден  келе бастады.

 

5-тапсырма. Сөйлемдегі етістіктерді көсемше жұрнақтарымен түрлендіріңіз.

 

 Үлгі: белгіленді – белгілене бастады,

 

  1. 2017 оқу жылында әскерлердің жауынгерлік дайындығы жетілдірілетін негізгі бағыттар белгіленді. 2. Алдағы оқу жылы жеке құрамды оқытып –үйрету бойынша практикалық сабақтарға толы болды. 3. Онда негізгі назар тактикалық буынды дайындауға аударылады. 4. Ауқымды бірлескен практикалық жаттығулардың өткізілетін орны Қазақстан, Ресей, Армения және Қытайдың әскери полигондары болмақ. 5. Жауынгерлік даярлықта жеке құрамның атыс, дене, арнайы және мемлекеттік–құқықтық дайындығын жетілдіру жалғасын табады.

6-тапсырма. Сөйлемдерге көсемше жұрнақтарын қосып, сөйлемдерді қайта құрыңыз.

  

1.Мен әскери борышымды  өте  келдім.

Мен әскери борышымды өтегелі келдім.

  1. ЭКСПО 2017 көрмесінде ұлттық гвардия сарбаздары  ағылшын тілін  үйренгелі  жатыр.
  2. Қазақстан армиясы 16 мың жас сарбазбен толыққалы жатыр.
  3. Армияда үздік боксшыны анықтайтын турнир өткелі  жатыр.
  4. Десанттар үш айдың ішінде  1500-ден  аса секіруді жүзеге асырғалы жүр.
  5. Ол мерзімді әскери қызметке  шақыру туралы  жарлыққа  қол  қойғызғалы  жүр.

 

7-тапсырма. Берілген етістіктерге –ғалы, -гелі, -қалы, -келі көсемше жұрнақтарын  қосып түрлендіре отырып, сөйлем құрыңыз.

Үлгі: Атал – аталғалы ,

 

Атал, нығай, еңбек ет, жариялан, тағайындал, енгізіл, қатыс , қамтыл.

 

8-тапсырма. Берілген суреттер бойынша сөйлем құрастырыңыз.

 

Саптық Тәуелсіз
Жауынгерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыр қыз
  Ескерткіш

 

 

Тыңдалым

9-тапсырма. Тыңдаңыз.

 

1-мәтін.

Құрлық әскерлері

1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес Құрлық әскерлері әскери басқару органдары; өңірлік қолбасшылықтар; әскер тектері; арнайы әскерлер; тыл; оқу және резервтегі бөлімдерден тұрады.

 

2-мәтін

Әуе қорғанысы күштері

1998 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні – 18 тамыз болып белгіленді. Олар жыл мен тәуліктің кез-келген уақытында, өте алыстағы және барлық биіктіктегі әуеде бағытталған құралдарды табуға, олардың дәл координаталарын, қай мемлекетке тиесілігін айқындауға мүмкіндік беретін заманауи радиолокациялық станциялармен және кешендермен жарақталған.
 

3-мәтін

Қазақстан әскери-теңіз күштері

1993 жылдың 2-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Бастапқыда Ақтау қаласында әскери-теңіз базасы құрылды. 1999 жылдың шілде айында әскери-теңіз базасы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Теңіз бөлімдерінің құрамына кірді. 2003 жылдың 7-мамырынан бастап Әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке түрі ретінде қалыптасты.

 

10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Бірінші мәтін не туралы?
  2. Екінші мәтін не туралы?
  3. Үшінші мәтін не туралы?
  4. Қай кезден бастап әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке түрі ретінде қалыптасты? (2003 жылдың 7-мамырынан)
  5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні? (18 тамыз)

 

11-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

 

1.Құрлық әскерлері әскери басқару органдары; өңірлік қолбасшылықтар; әскер тектері; арнайы әскерлер; тыл; оқу және резервтегі бөлімдерден тұрады. 2. 1998 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды. 3. Қазақстан әскери-теңіз күштері 1993 жылдың 2-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды.4. Бастапқыда Ақтау қаласында әскери-теңіз базасы құрылды.

 

Сөйлесім

12-тапсырма. Жағдаят

 

Бейнебаянға назар аударыңыз.

 

  1. Бейнебаянда қай кезең суреттелген?
  2. Жігіт қайда қашып келді?
  3. Не себепті немістер жағына өтіп кетті деп ойлайсыз?
  4. Оның бұл қылығы дұрыс па, дұрыс емес пе?

 

 

Жазылым

13-тапсырма.

 Тірек сөзді пайдалана отырып өлең құрыңыздар.

1.———- елім,                       4.———- жасарған

2.———- жерім,                     5.———- жайған,

3.———- жайқалған             6.———- Қазақстан!

 

Кестені  толтырыңыз.

Білемін Білдім Үйренгім келеді

 


Қорытынды:

 

Берілген суреттердің артына «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» байланысты тілектеріңізді жазыңыз.

 

 

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ел-халқына шат шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан –теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Арыстандай  келбетті, жолбарыстай  жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді ағаларымызға асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!- дегіміз келеді.

Бүгінгі  тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік, бірлік нәтижесінде келді.

Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.

 [bws_related_posts]

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика