Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы
Есір Айшуақұлы атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тунгатарова Айгуль Туйешиевна
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу

Тақырыбы:  Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу.

Мақсаты:  1.  Қолайлы  қосылғыштарға  жіктеу  арқылы  екі  таңбалы  санды  бір   таңбалы  санға  ауызша  бөлу  әдісін  үйрету.

  1. Ауызша көбейту, бөлу  дағдыларын  қалыптастыру оқушылардың

танымдық  қабілеттерін, шығармашылық  белсенділігін  дамыту. Логикалық

ойлау  қабілеттерін  жетілдіру.

  1. Пәнге деген  қызығушылығын  арттыру. Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Интерактивті  тақта, ұяшықтар, үлестірмелі  парақтар, кесте.

Пәнаралық  байланыс: Орыс  тілі, ағылшын  тілі

Сабақтың  түрі: Сайыс  сабақ

Сабақтың  әдісі: Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы, сұрақ – жауап,

шығармашылық.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Психологиялық  дайындық: «Жер  бетінде  адам  өмір  өткізер,

Бар  нәрсеге  білім  қолды  жеткізер»

                                                                                                     (Ж. Баласағұн)

Үй  тапсырмасын  тексеру: №10 (ауызша  сұрау)

Дайындық  кезеңі: Дұрыс (-), бұрыс (+)  (кестені  толтыру)

№1 Тапсырмалар Жауабы
1 Аудан  бірлігі – квадрат сантиметр +
2 5ц = 50кг
3 103 = 30
4 Текшенің  көлемін  табу  үшін  биіктігін, енін, ұзындығын  көбейту  керек +
5 150см  150  дециметрге  тең +
6 Стадионда  600  орын  бар. Оның  үштен  бірі  бос  қалды. Бос  қалғаны – 200 орын +

 

7 86 • 2 = 162

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кім  шапшаң?

964  санына  қарағанда  ондықтарының  саны  3  есе  кем  санды  жаз. Осындай  неше  сан  жазуға  болады?

96 : 3 = 32  (320,321,322,323,324,325,326,327,328,329)

 

ІІ. Мың  бір  мақал.

Тапсырма: Берілген  суретке  мақал  құрастыр.

 

ІІІ. «Тіл  өнері» №3  Түсіндіре  отырып, шығар:

38 : 2 = (20 + 18) : 2 = 20 : 2 + 18 : 2 = 19

48 : 2 = (30 + 18) : 3 = 30 : 3 + 18 : 3 = 16

65 : 5 = (50 + 15) : 5 = 50 : 5 + 15 : 5 = 13

Тапсырма: Өрнектің  мәнін  орыс  және  ағылшын  тіліне  аудар.

 № 4  Өрнектер  құрып, олардың  мәндерін  тап:

527 + 24 · 3 = 527 + 72 = 599

807 – 85 : 5 = 807 – 17 = 790

8 · 3 · 5 = 24 · 5 = 120

18 · 4 : 9 = 72 : 9 = 8

ІҮ.  «Сөз  мерген»  (Жаңа сөздің  мағынасын  ашу)

60см – 3дм 5см = 2дм 5см

1м 60см – 96см = 64см

2ц – 36кг = 164кг = 1ц 64кг

3тәул. – 58сағ = 14 сағ.

28дм 3см — 154см = 129см = 12дм 9см

3сағ. –  96мин = 84мин = 1сағ 24мин

«Ойлы  болсаң, озып  көр!»

«Сақпан» — І. Музыкалық  аспап

                      ІІ. Мал  төлдегенде малшыға  көмекшіні айтады

Сергіту  сәті:

«Қас  қағым» ( Пішіндердің  санын  көзді  ашып – жұмғанша  санап  үлгеру)  

Ү. «Блиц — турнир»

(Пішіндерді  таңдау  арқылы  есептерді  шығару)

                                                                                      

                                                                Ш:  Ү = 9 · 9 · 9 = 729 см3

 

 

                                                                Ш:  84 : 7 = 12      Ж:12 кәмпит

 

                                                                Ш:  65 + 10 = 75   Ж:75 м  жіп

 

№8 Теңдеуді  шеш:

72 : х = 4  (х = 18)                         х – 26 = 85 : 5  (х = 43)

Бірінші  гүлшоқта  39 түймедағы  гүлі  бар.Бұл  екінші  гүлшоққа  қарағанда  3  есе

артық. Үшінші  гүлшоқта  бірінші  мен  екінші  гүлшоқтарды  бірге  алғандағыдан

4  есе  кем  гүл  болды.Үш  гүлшоқта  неше  гүл  болды?

Ш: 39 : 3 = 13

      39 + 13 = 52

      52 : 4 = 13

      13 + 13 + 39 = 65         Ж: 65  гүл

 

 

ҮІ. «Ойлан, тап!»  (Шығармашылық  тапсырма)

 

 

 

 

Сабақты бекіту:   «Пифагор кестесі» бойынша  орындалады.

Пифагор  деген  кім?

Пифагор   біздің  заманымыздан  бірнеше  ғасырлар  бұрын  өмір  сүрген, математика  ғылымына   үлес  қосқан,   көбейту  кестесін  ойлап  тапқан  грек  ғалымы,  математик  екен. Сондықтан  көбейту  кестесін  «Пифагор  кестесі»  деп  атаған.

Осы  Пифагор  кестесіне  сүйене  отырып, мына  кестені  толтырайық.

 

 

ҮІІ. «Жүзден  жүйрік»  Ұяшықтар  таңдау

                              1 – Сандарды  ата.

 

                              2 — 

 

3 – Сыныпта  18  оқушы  бар. Мұғалім  олардың  үшеуін  тақтаға   шығарды. Сыныпта  неше  оқушы  қалды?

4Ұшқыр ой  «Ғылым – теңіз, білім — кеме»  мағынасын  ашу Сандарды  ата. 

Сабақты  қорытындылау:

Сабақта  қандай  тапсырмалар  орындадық?

-Қиындық  келтірген  тапсырмалар  болды  ма?

Үйге  тапсырма:  № 10

Бағалау: Ұпайларын  санау  «Ғылым – теңіз, білім — кеме» мақалы  бойынша.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *